Президент халқына өзінің жаңа Жолдауын жолдады

Президент халқына өзінің жаңа Жолдауын жолдады

1 қыркүйек «Білім күні» мерекесімен қатар еліміздің тарихында, жаңа бір саяси ахуал орын алып, Президент халқына өзінің жаңа Жолдауын жолдады. Назарымды орта білім беру саласына байланысты айтылған Жолдау сөздеріне басымырақ аудардым. Әлемді жаулаған індет оқушылардың да, студенттердің де білім сапасының төмендеуіне алып келгені шындық. Мемлекет басшысы Жолдауда сол олқылықтардың орнын толықтыруды ұсына отырып, негізгі күшті адам капиталын жақсартуға салып отырғанына қуандым. Жастарымыздың үздіксіз сапалы білім алуына, ұстаздарға жігер беретін және ғылым саласында жетістіктерге жетуіне барлық жағдай жасаудың тиімді тәсілдерін пайдаланудың маңыздылығына тоқталды. Білімді ұрпақ – біздің жарқын болашағымыз!

Қазақстан дамудың шешуші кезеңіне қадам баспақ. Сондықтан Жолдауды талқылап қана қоймай, белсене іске кірісуіміз керек. «Мемлекеттік қызметкерлер және бүкіл қоғам біртұтас ел ретінде алдымызда тұрған міндеттерді орындау үшін жұмылуға тиіс.

Қазір біз ел дамуының шешуші кезеңіне қадам бастық. Мемлекеттік аппарат біртұтас құрылым ретінде жұмыс істеуге міндетті. Солай болған жағдайда ғана біз көздеген мақсаттарымызға қол жеткіземіз.Мықты мемлекет болу үшін ұлттың ұйыса білуі айрықша маңызды. Шын мәнінде, ұйымдасқан ұтады. "Ынтымақ жүрген жерде ырыс бірге жүреді" деп халқымыз бекер айтпаған. Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте! Ендеше, бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік! Қасиетті Отанымыз мәңгі жасай берсін!» деген жолдары біздің көкейімізде ұран ретінде күнде сайрап тұруы қажет. Сонда ғана еліміздің келешегі кемелді болмақ!

Халық игілігі үшін құрылған жоспарларының орындалуына өз жеке басым шын жүректен тілектеспін және үлесімді қосамын!

Кыдырбаева Дания Салимбаевна

"Мүшел" балалар-жасөспірімдер клубы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі