
«Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі-2021» байқаудың
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже жыл сайынғы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі (бұдан әрі-Жәрмеңке) шеңберінде "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" ММ қолдауымен Алматы облысының ҮЕҰ консалтингтік орталығы ұйымдастыратын "Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі - 2021" байқаудың (бұдан әрі - байқау) өткізу шарттары мен тәртібін айқындайды.
2. Байқаудың мақсаты - азаматтық қоғамды дамыту, оның институттарының әлеуетін өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге тарту, одан әрі start up қаржыландыру үшін азаматтық бастамаларды қолдау болып табылады.
2. Байқауды өткізудің жалпы тәртібі
3. Байқау тақырыбы мен номинацияларын жыл сайынғы негізінде өткізіледі. 2021 жылы келесі номинациялар белгіленді:
- "Тең мүмкіндіктер қоғамы";
- "Әлеуметтік кәсіпкерлік";
- "Қоршаған ортамен үйлесімде";
- "Ауылдық өмір";
- "Жастарға бастау".
4. Байқау өткізу туралы хабарландыру "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" ММ сайтында орналастырылады https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sayasat?lang=ru және әлеуметтік желілерде.
5. Байқауға саяси партияларды, кәсіптік одақтар мен діни бірлестіктерді қоспағанда, мемлекеттік емес коммерциялық емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, қоғамдық және жеке қорлар мен мекемелер, бірлестіктер, одақтар, мүдделер бойынша клубтар, Қоғамдық кеңестер, жастар ұйымдары қатысады.
6. Байқауда өтінімдер мен конкурсқа қатысушылардың санына шек қойылмайды.
7. Байқау екі кезеңде өткізіледі:
I кезең (2021 жылғы 20 тамыздан 5 қыркүйекке дейін) - конкурстық өтінімдерді белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қабылдау, бастапқы іріктеу; үміткерлермен оқыту вебинарлары мен онлайн-консультациялар өткізу.
II кезең (2021 жылғы 6-10 қыркүйек аралығында) – жобаларды бағалау, жәрмеңкеге қатысу үшін ТОР-10 жобаны іріктеу.
Конкурс жеңімпаздары - ТОР-10 жоба байқаудың комиссияның шешімімен анықталады және әлеуметтік жобаларды қолдау және іске асыру үшін гранттық қаржыландыру бөлінген сертификаттармен марапатталады.
Шағын гранттар үшін бөлінген қаражат әлеуметтік жобаны іске асыру үшін техникалық база және материалдық көмек түрінде беріледі
8. Байқау жеңімпаздарының саны және қаржылық қолдау көлемі: жалпы Қоры – 10 000 000 теңге, оның ішінде 1 000 000 теңгеден 10 жоба. Конкурс қорытындылары туралы барлық ақпарат "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" ММ сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады.
3. Байқауға өтінімдерді беру тәртібі
9. Байқауға қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) бекітілген нысанға сәйкес өтінім,
2) мәлімделген жобаны қолдау үшін ұсыныс хаттар ұсынылады (болған жағдайда).
10. Өтінім байқаудың тақырыптық бағыттарына сәйкес келуі және мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) өтініш беруші туралы ақпарат;
2) жобаның атауы;
3) байқау номинациясының атауы;
4) жобаның қысқаша сипаттамасы;
5) жобаның мақсаты мен негізгі міндеттерінің сипаттамасы;
6) мәселені белгілеу;
7) әлеуметтік әріптестік;
8) нысаналы топ, жобаны іске асыру аумағы;
9) күтілетін нәтижелер;
10) жобаның тұрақтылығы;
11) жоба бюджеті.
11. Байқауға қатысуға өтінім ұсынудың жарияланған мерзімінен кешіктірмей және мәлімделген жобаны іске асыру басталғанға дейін жіберілуге тиіс. Өтінім MS Word форматында электронды түрде npo2021@mail.ru баспа түрінде (пошта арқылы немесе курьермен) қазақ немесе орыс тілдерінде "Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі-2021 " белгісімен Орталыққа жіберіледі.
12. Байқауға ұсынылған өтінімдер мен құжаттама қағаз жеткізгіште қайтарылмайды, бірақ өтінімнің электрондық жеткізгіштегі нұсқасы ретінде қалады.
13. Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдер байқауға қатыстырылмайды.
4. Байқау комиссияның жұмыс тәртібі
14. Байқау комиссиясы жеңімпаздарды анықтау және жобаларды бағалау үшін мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың, коммерциялық құрылымдардың және БАҚ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатарынан құрамында кемінде 5 (бес) адам бар құрылады.
15. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен, жай көпшілік дауыспен, кворум құрамының 2/3 кем болмаған жағдайда қабылданады.
16. Комиссияның шешімдері түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
17. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді, оған барлық мүшелері қол қояды.
5. Жеңімпаздарды іріктеу критерийлері
18. Жобаларды конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттар бойынша бағалайды::
1) жобаның басым бағыттарға, байқау шарттарына сәйкестігі, жобаның пысықталу дәрежесі мен сапасы;
2) әлеуметтік маңыздылығы мен өзектілігі;
3) жобаның нақты міндеттерінің шынайылығы, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу;
4) ұйымның әлеуметтік-маңызды қызметінің тұрақтылығы, ұйымдастырушылық әлеуеті;
5) әлеуетті серіктестердің, инвесторлардың болуы (немесе тарту мүмкіндігі);
6) жобаның тұрақтылығы, жобаның нәтижелерін пайдалану перспективалары;
7) қаржы қаражатының негізділігі.
6. Марапаттау рәсімі
19. Өткізу күні мен орны туралы ақпарат барлық қатысушыларға қосымша хабарланады.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 707 181 11 79 (Тулемисова Жанат Ерхановна)
Қосымша -1
"Алматы облысы бойынша әлеуметтік идеялар мен жобалар Ярмаркасы-2021" байқауындағы
"Тұрақты даму мүддесіндегі әлеуметтік жергілікті мәселелерді шешу"
тақырыбы бойынша қатысуға өтінім
Өтінімдер қазақ немесе орыс тілдерінде қабылданады.
Өтінімнің жалпы көлемі 5 беттен аспайды.
Өтінімді ұсыну мерзімі:2021 жылғы 5 қыркүйек, 18: 00-ге дейін (қоса алғанда).
№
п/п
Мекеме атауы
1
Ұйымның мекен-жайы
(пошта индексі, облыс, қала, көше, үй нөмірі)
2
Байланыс деректері:
(телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)
3
Ұйымның әлеуеті, жобаларды іске асыру және гранттарды басқару тәжірибесі (оның ішінде қазіргі уақытта қандай жобалар іске асырылып жатқанын көрсету, грант берушінің атауы және грант сомасы)
4
Идеяның, жобаның атауы
5
Идея, жоба ұсынылған номинацияны белгілеңіз
«Тең мүмкіндіктер қоғамы"
"Әлеуметтік кәсіпкерлік"
«Қоршаған ортамен үйлесімде"
"Ауыл өмірі»
«Жастарға бастау"
6
Жобаның қысқаша сипаттамасы
7
Жобаның мақсаттары мен міндеттері
8
Мәселені белгілеу (½ беттен артық емес)
9
Жобаны іске асырудағы әлеуметтік әріптестік
10
Нысаналы топ, жобаны іске асыру аумағы
11
Күтілетін нәтижелер (½ беттен артық емес)
12
Жобаның тұрақтылығы (жобаны одан әрі іске асыру)
13
Жобаның бюджеті (негізгі шығындарды көрсетіңіз) жалпы сомасы 1 (бір) миллион теңге
Жетекшінің қолы, М.П.