Сессия барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің мүшесі А.Әбсеметованың құттықтау сөзі тыңдалды, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Р. Есдәулетов «Алматы облысында мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыру туралы» баяндама жасады, «Алматы облыстық орыс орталығы» ҚБ төрағасы Л.Котельникова, Ұйғыр ауданының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсендісі Р.Низамова, облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы В.Ли, волонтер, Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Парасат» клубының белсендісі А.Алиевалар сөз сөйледі, соңында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясының шешімдері қабылданды.