Біздің сүйікті дәрігер

Біздің сүйікті дәрігер

Бүгін адам жанын мейірбан жүрегімен емдейтін, Гиппократ антына адалдығымен ерекшеленетін медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай қалалық ауруханада «Біздің сүйікті дәрігер» атты мерекелік шара өтті. Текелі қаласы әкімінің орынбасары А.Мейірханова, қалалық аурухананың директоры Е. Целищева дәрігерлерді, медбикелерді және аурухана мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының грамоталарын және қала әкімі Б. Молдахметовтың Алғыс хаттарын табыс етті.

Текелі қаласының тұрғындары коронавирус инфекциясын еңсеру кезіндегі қажырлы еңбектеріңіз бен азаматтық белсенділіктеріңізге алғыс білдіреді. Сіздерге зор денсаулық пен қажымас қайрат тілейміз!