Ағымдағы жылдың 28 мамыр мен 07 маусым аралығында Қапшағай қаласында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бастамасымен қала әкімі аппараты, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған Қапшағай қаласының мемлекеттік қызметшілер (қызмет көрсетушілер) арасында ұйымдастырылған «Сапалы қызмет» конкурсы ұйымдастырылды.
Конкурс Алматы облысы бойынша жоғары деңгейде алғашқы рет өткізілуде. Ағымдағы жылдың 11 маусымында сағат 15.00 –де «Сапалы қызмет» конкурсының нәтижесі бойынша марапаттау іс-шарасы өткізілді. Конкурсқа Қапшағай қаласының 12 мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызмет көрсететін мамандары қатысты. Конкурс 3 критериядан құрылды: эссе, бейнеролик, буклет. Қала әкімі аппаратының басшысы Б.Ф. Дүйсенбаев және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің бас маманы М.К. Абылов жеңімпаздарды (1 орын – теледидар,2 орын - планшет, 3 орындар – смарт сағаттар) дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапаттады, қатысушыларға естелікке сыйлықтар ұсынылды.
Алматы облысы бойынша қоғамдық мониторинг нәтижесіне сәйкес, Қапшағай қаласы халықтың қанағаттанарлық деңгейі бойынша, Алматы облысының аудан/қала жергілікті атқарушы органдарымен 2021 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсету үлесі бойынша алдыңғы орындарда.