Благотворительная акция «Жүректен жүрекке»

Благотворительная акция «Жүректен жүрекке»

Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы, Алматы облысы жастар ресурстық орталығы, «Мейірімді Жетісу» еріктілер ұйымы, Студенттер Альянсы «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында ардагерлерге көрсету мақсатында «Жүректен жүрекке» атты  қайырымдылық акциясын өткізу жоспарланып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлық қызметті одан әрі дамытып, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жалпыұлттық жоба - «Қайырымды істер марафонын» өткізуді ұсынған болатын. Алматы облысының еріктілері #қайырымдыістермарафоны жалпыұлттық жобасына қолдау көрсетіп, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға азық түлікпен көмек көрсетпек. Сонымен қатар, облысымызда 7000-ға жуық белсенді еріктілер және 95 волонтерлық ұйымдар бар.

Мақсаты: Халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне, гуманитарлық қолдау көрсету және ерікті азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру. Жастарды еріктілікке, қайрымдылыққа тарту, жастардың қоғамдағы белсенділіктерін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беру және қоғам арасында мейрімділікті насихаттау.