Райымбек ауданы, Нарынқол ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру орталығының ашылу салтанатының баспасөз баяны

Райымбек ауданы, Нарынқол ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру орталығының ашылу салтанатының баспасөз баяны

14 маусым күні Алматы облысы, Райымбек ауданының орталығы – Нарынқол ауылында, дене шынықтыру-сауықтыру орталығынының ашылу салтанаты өткізілді.

Салтанатты шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары - Дәндібаев Арслан Момышұлы, Алматы облысының

дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы -Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, Ережесіз жекпе-жектен әлемнің екі дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері, Халықаралық спорт шебері - Назаров Ардақ Құттықожаұлы арнайы келіп қатысты.

Салтанатты шарада, Алматы облысының әкімінің орынбасары Дәндібаев  Арслан  Момышұлы, Райымбек ауданының ақсақалдар алқасының төрағасы, Алматы облысының Құрметті азаматы, спорт шебері, спорт ардагері Бірбаев Бекболат Ыбрайымұлы,  ережесіз жекпе-жектен екі дүркін әлем чемпионы Назаров Ардақ Құттықожаұлы құттықтау сөз сөйледі.

Шараға «Хабар 24», «Жетісу» телеарналардың түсірілім тобы, «Огни Алатау», «Жетысу» газеттерінің тілшілері, «Жетысу медиа» ақпараттық орталығының өкілдері және жергілікті «Хантәңірі газетінің» тілшілері қатысты.