Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, онлайн және оффлайн форматта 150-ден астам түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Қоғамдық келісім» КММ «Мемлекеттік рәміздер - еліміздің нышаны» атты акция, облыс жастарының ұйымдастыруымен «Мен - Қазақстанның патриотымын» акциясы, рәміздер күніне орай облыстағы барлық мекемелерде сағат 11.00-де бірыңғай Мемлекеттік Гимн орындалды.

Панфилов ауданының Тұрпан ауылында және Жамбыл ауданының Жамбыл ауылында белсенді азаматтардың бастамасымен салынған 13 және 6 метрлік Мемлекеттік Тутұғырлардың ашылу салтанаттары өтті.