Балпық би ауылында заманауи спорт кешені ашылды

Балпық би ауылында заманауи спорт кешені ашылды

Балпық би ауылында заманауи спорт кешені ашылды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай пайдалануға берілген спорттық нысан толықтай қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген.

 

Спорт кешенінің ашылу салтанатына аудан әкімі, ардагер спортшылар,облыстық спорт басқармасының өкілдері лентаны қиып, жиылған жұртқа лебізін білдірді.

 

Еңселі ғимаратты салуға республикалық бюджеттен 673 млн теңге қаржы бөлінген.Ғимарат 3000 шаршы метр жерді алып жатыр. Кешенде енді ауыл жастары спорттың 12 түрі бойынша жаттығатын болады. 

 

Сонымен қатар,көрермендерге арналған 180 адамдық орын бар. Жаңа нысанның ашылуына байланысты 32 тұрақты жұмыс орныда ашылып отыр. 

 

Заманауи стандарттарға сай салынған денешынықтыру-сауықтыру орталығы күніне жүздеген адамды қабылдауға қауқарлы. Мұнда волейбол, баскетбол, шағын футболға арналған залдар және жаттығу бөлмесі бар. 

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Аудан әкімі Алмас Әділдің сөзінше кешенде спорттың тағы бірнеше түрінен үйірмелер ашу жоспарланып отыр.

 

#qazaqstan30jyl