«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында облыстық форумы

«Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында облыстық форумы

26 мамыр күні, сағат 11.00-де ZOMM платформасы арқылы Іле аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Жабиева Мейрамгүл Түйебайқызының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел бесігі – Ана жүрегінде» жобасы аясында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында облыстық форумы өтті.

Шараға, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы ММ «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық Аналар кеңесінің мүшелері,  Іле аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің наиб  имамы, аудан, қала, ауылдық округтік  Аналар кеңесінің төрағалары мен мүшелері, этномәдени бірлестіктер белсенділері, БАҚ өкілдері, барлығы 37 адам қатысты.

Шара өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жалпыұлттық бірлік, этносаралық татулық құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.