2021 жығы 29 сәуір күні Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюдың 35 жылдығына» арналған салтанатты жиын өтті.
Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында, 1986 жылы сәуір айында АЭС-тің 4-энергоблогында апат болды. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды. Апатты залалсыздандыруға Қазақстан азаматтары да тартылды. Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа сәуірдің 26-сы күні 35 жыл толды. Бұл - келтірген залалы мен салдары жөнінен ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат. Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға 600 мыңға жуық адам қатысты. Чернобыль батырларының ерлігі біз үшін әрқашан батылдықтың, жоғары кәсібиліктің және өз міндетіне адалдықтың үлгісі болады. Айта кетейік, батырлардың арасында Қазақстаннан, оның ішінде Алматы облысынан отыз мыңнан астам адам болған.