1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне өткізілген іс-шаралар туралы

1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне өткізілген іс-шаралар туралы

Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған облыстық іс-шаралар жоспары әзірленді.

Карантиндік шараларға байланысты іс-шаралар негізінен онлайн режимінде өткізілді.

Әлеуметтік желілерде аудандар мен қалалар, ауылдық округтер әкімдерінің, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділерінің, ҚХА жанындағы Аналар, қоғамдық келісім кеңестерінің басшылары мен мүшелерінің, барлығы250-ден астам бейнеқұттықтаулары жарияланды.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай газеттерде «Бірлігіміз жарасқан», «Живем в семье единой» арнайы айдарларында этномәдени бірлестіктер төрағаларының мақалалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы туралы пікірлер, Жетісу көпұлтты халқының достығы мен бірлігі туралы 80-нен астам тақырыптық материалдар жарияланды.

 «Жетісу» телекомпаниясы түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен 11 бейнеролик дайындады. Халық бірлігінің, бейбітшілік пен келісімнің құндылықтарын насихаттау мақсатында этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен, белсенділерімен онлайн-кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ мереке құрметіне «Таңжарық» және «Единый народ»арнайы телебағдарламалары шықты.

26 сәуір мен 1 мамыр аралығында Instagram және фейсбук әлеуметтік желілерінде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бірлік пен келісімнің 30 жылы»бейнечеллендж – құттықтауы жүргізіліп, Алматы облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері белсенді қатысты.

Жалпы, әлеуметтік желілерде «Жүзібасқа-жүрегі бір. Тілі басқа-тілегі бір!» тақырыбында өзге этнос өкілдерінің, облыс тұрғындарының 8000 астам құттықтаулары жарияланды.

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, мәдениет үйлері, ауылдық клубтар қызметкерлері әлеуметтік желілерде 27 концерттік бағдарлама орналастырды.

Қазақстан халқының бірлігі күніне және ҚР Халық әртісі Данеш Рақышевтің 95 жылдығына арналған «Өнер-ынтымақ айнасы»онлайн – концертін қазақ мәдениеті, салт-дәстүрі орталығы ұйымдастырды.

30 сәуірде «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Достық» фестивалі өтті. Санитарлық шараларды сақтай отырып, этномәдени бірлестіктер жанындағы шығармашылық ұжымдардың жеке орындаушылары қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, көшпелі концерт ұйымдастырды. Фестиваль аясында Ассамблея қызметіне белсенді қатысқан шығармашылық ансамбльдер марапатталды.

Облыстың білім беру мекемелерінде онлайн режимінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай а. ж. 21-30 сәуір аралығында «Менің Қазақстаным!», «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі», «Мой Казахстан» тақырыбында онлайн сынып сағаттары,  «Мир и согласие – наше главное богатство»,«Я люблю этот мир»,«Ел бірлігі - ең асыл қасиет»,«Ынтымақты елдің ырысы мол» атты  сурет, шығарма,эссе байқаулары, әдеби кештер,Тәуелсіз Қазақстан тарихын білуге арналған«Бейбітшілік туы желбіресін!» танымдық викторинасы, «Біз батырлар ұрпағымыз!» ән фестивальдері және т.б., жалпы 12000 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді.

Әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтай отырып, аудандар мен қалалар кітапханаларында танымал қоғам қайраткерлерінің, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділерінің қатысуымен «Бір шаңырақ астында», «Бірлігіміз жарасқан»тақырыптарында кездесулер, «Қазақстан халқы Ассамблеясы-бірегей қоғамдық келісім институты» «дөңгелек үстел» отырыстары, кездесулер, жалпы алғанда офлайн режимінде 56 іс-шара өткізілді.

ҚХА-ның «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына-30 игі іс» қайырымдылық жобасы аясында 100-ден астам қайырымдылық акциялары өткізілді.

Еріктілердің, меценаттардың қатысуымен 816 аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, қарттарға, жалғыз басты және мүмкіндігі шектеулі адамдарға 6 млн. теңгеден астам сомаға азық-түлік себеттері таратылды.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының меценаттары мен еріктілері 500 көп балалы және толық емес отбасына 5 млн.теңгеге жуық көлемінде қайырымдылық көмек көрсетті.

Қасиетті Рамазан айы аясында көптеген ауылдық округтердің әкімдері мешіт имамдарының, ауыл белсенділерінің көмегімен тұрмысы төмен азаматтарға 1 мамырда азық-түлік таратты.

Атап айтсақ, Панфилов ауданында «Саадат» қоғамдық бірлестігі Панфилов ауданының барлық елді мекендерін қамтып, «ауызашар» ұйымдастырып,  370 адамға азық-түлік себеттерін таратты.

«Игі істер марафонының» жарқын үлгісі деп Балқаш ауданы «Бірлік» агрофирмасының директоры Жандос Әбдіжаппарұлының әрекетін айтуға болады. Ол Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай Балқаш ауданы Бірлік ауылының 10 мұқтаж отбасына баспана сыйлады.

Сарқан ауданында «Қайырымдылық - игі іс»жастар акциясы ұйымдастырылып, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне және ауданның 20 жалғыз басты қарт адамдарына түрлі әлеуметтік көмек көрсетілді.

«Жаңғыру жолы»өңірлік штабы  «Garage Sale»акциясын ұйымдастырып,8 көпбалалы отбасына киім-кешекпен қайырымдылық көмек көрсетті.

30 сәуірде «Киелі Табиғат»экологиялық жобасы аясында барлық елді мекендерде «Таза көлдер, өзендер мен бұлақтар»экологиялық акциялары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ауылдардың орталық алаңдар мен көшелерді абаттандыру және тазарту жұмыстары жүргізілді.

ҚХА жанындағы қоғамдық келісім аналар кеңестерінің, этномәдени бірлестіктердің белсенділеріКеген және Талғар аудандарында«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 игілік іс» марафоны аясында 270 түп ағаш отырғызды.

Жалпы, Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай облыста15 мыңнан астам түрлі форматта және деңгейде іс-шаралар өткізілді.

БАҚ пен әлеуметтік желілерде 10 мыңнан астам материал жарияланды (жалпы қамтылуы3 млн. адамнанастам), 186 тақырыптық билбордтар, аспалы қондырғылар, перекидтер жаңартылып, орнатылды.