
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған облыстық «Жетісу» телеарнасының «Единый народ» бағдарламасында және әлеуметтік желілерде әзербайжан, тәжік, түрік, ұйғыр, корей, поляк, қытай, шешен, неміс, татар, еврей, орыс этномәдени орталықтарының төрағалары мен белсенділерінің бейнеқұттықтаулары дайындалды.
«Жетісу» телекомпаниясы өзге этнос өкілдерінің қатысуымен бейнеролик дайындады. Сондай - ақ, халық бірлігі, бейбітшілік пен келісім құндылықтарын насихаттау мақсатында этномәдени бірлестіктердің төрағалары, белсенділерімен сұхбат жазылды. Облыстық әзербайджан этномәдени бірлестігінің төрағасы Асылы Османжәне облыстық корей ЭМО-ның белсендісі, «Парасат» тіл жанашырлары клубының мүшесі Александр Сон«Таңжарық» телебағдарламасына сұхбат берді.
Облыстық «Жетісу» газетінде белгілі тіл жанашыры, ҚХА мүшесі Асылы Османның «Жаным қазақ» атты мақаласы жарияланды.
26 сәуірден инстаграмм және фейсбук әлеуметтік желілерінде «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы»бейнечеллендж құттықтауы басталды. Оған Алматы облыстық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері белсенді қатысуда. Челлендж 1 мамырға дейін жалғасады.
«30 игі іс» қайырымдылық акциясының аясында этномәдени орталықтар мен ҚХА құрылымдарының ұйымдастыруымен көп балалы және толық емес отбасыларға 2 125 000 тг көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.
«Жаңғыру жолы» өңірлік штабы «Garage Sale»акциясын ұйымдастырып, көп балалы отбасыларға киім-кешекпен қайырымдылық көмек көрсетті.
Этнос жастары халқымыздың бірлігін, достығын насихаттайтын «Бір шаңырақ астында» бейнеролигін түсіріп, 1 мамыр күні әлеуметтік желілер арқылы жариялайды.
Облыс әкімінің, ҚХА мүшелерінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы өтті. Сессияны ашқан және оған басшылық еткен Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қабылданған түрлі тарихи оқиғалар мен маңызды шешімдерді атап өтіп, Қазақстанның бірегей жетістіктерін ерекше атап өтті.
29 наурыз күні Достық үйінде 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған, «Мәміле. Ситуативный казахский» жобасы бойынша, «Бір шаңырақ астында» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабаққа «Ситуативный казахский» клубының мүшелері қатысты.
Клуб мүшелері мерекеге байланысты арнайы дайындалған бейнеоролик көріп, сұрақтарға жауап берді. 10-шы тарау бойынша тілек сөздермен танысты. Жаңа сөздерді пайдаланып эстафета ойыны бойынша, бір-біріне тілек айтты. Жазылым жаттығуларын орындады. Бекіту кезеңінде, тақырапқа байланысты мерекемен құттықтап, қол ұстасып шаңырақ құрды.
30 мамырда Қазақстан Республикасы ІІМ көліктегі полициясы департаменті Достық станциясындағы желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен Достық үйінде онлайн экскурсия ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақстан халқының бірлігін насихаттау, облысымызда мекендейтін этностардың мәдениеті, тілі, дәстүрлерімен таныстыру.
Сондай-ақ, Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрі орталығы 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне және Жетісудың жезтаңдай әншісі, ҚР халық әртісі Дәнеш Рақышевтың 95 жылдығына арналған «Өнер – ынтымақтастық айнасы» атты онлайн концерт ұйымдастырды.