Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXIX сессиясы онлайн режимінде 2021 жылғы 28 сәуірде сағат 15:00-де облыс әкімдігінің конференц-залында өтеді
Сессияның мақсаты: Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Назарбаевтың және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қатысуымен Нұр-Сұлтандағы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында берілген тапсырмаларды іске асыру.
Өңірдегі этносаралық бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту.
Қазақстан халқы Ассамблеясы алға қойған негізгі мақсаттар мен міндеттерді талдау, жүргізілген қызметтің қорытындыларын шығару.
Алматы облысында 100-ден астам этникалық топ тұрады. 69 этномәдени бірлестік тіркелген, оның ішінде: 24 облыстық, 38 аудандық және 6 қалалық. Елімізде тұратын этникалық топтарға өз мәдениетін дамытуға және дәстүрлерін сақтауға қолайлы жағдайлар жасалған. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанында ғылыми-сараптамалық топ, этносаралық мәселелер бойынша жетекші журналистер мен сарапшылар клубы, Аналар кеңесі, қоғамдық келісім кеңесі, "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының облыстық штабы, "Парасат" клубы, "Айбын" әскери-патриоттық клубы, "Өрнек"би ансамблі тұрақты жұмыс істейді.
Сессия жұмысы онлайн режимінде аяқталғаннан кейін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтеді.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесінде сессияның шешімдерін талқылау, жетекші журналистер клубының төрағасы А.Идиговтың, "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының облыстық штабының төрағасы Р.Усанованың, Еңбекшіқазақ ауданындағы күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы Н. Надыровтың баяндамалары тыңдалады. ҚХА мүшелерінің Қазақстан халқына үндеуі қабылданады.
Марапаттау рәсімі өтеді, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен - 4 адам ("Ахыска" түрік этномәдени бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Ш. Асиев, облыстық орыс орталығының төрағасы А. Бузыкин, "Сафар" тәжік мәдениеті орталығының төрағасы К. Солихов, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы – этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлім басшысы С. Сурабалдинова), облыс әкімінің Алғыс хатымен - 3 адам(Ұйғыр аудандық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Р. Розахунов, "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысы өңірлік штабының белсенділері А. Сон, Н. Шведин).