16 наурыз - «Шежіре күнін» мерекелеу бойынша ақпарат

16 наурыз - «Шежіре күнін»  мерекелеу бойынша ақпарат

Облыстық аудан, қалаларында 16 наурыз - «Шежіре күнін»  мерекелеу жөнінде  ата-бабаларымызды құрметтеу, қастерлеу мақсатында әр түрлі форматта іс-шаралар өткізіледі.

Сарқан ауданында «Туған жер – туған шежіре» атты тарихи кеш, Раймыбек ауданы бойынша Б.Мұқай атындағы мәдениет үйінде кездесу, кітап көрмесі өткізіледі. Қаратал ауданының аумағында орналасқан әлие бабалардың зираттарына құран бағыштайды.

 Барлық аудан, қалаларда мерекеге орай «Ардагерлерді ардақтайық» атауымен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мерекелік азық-түлік корзинасы,   дастархан ұйымдастырып, шелпек таратып, құран оқытылады.

16 наурыз - «Шежіре күнін»  мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөнінде облыс орталығында ардагерлермен кездесу ұйымдастырылады.  Шара барысында алғыс сөзбен облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Келемсейіт Ермек Әбілмәжінұлының құттықтайды.

Ардагерлердің өңірімізге атқарған қызметтерін, қосқан үлесі туралы  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық факултетінің деканы, гуманитарлық тарих ғылымдардың кандидаты Толамисов Амангелді Ғабдіркәрімұлы сөз сойлейді. Мектеп оқушылары  ардагерлерді құрметтеу барысында «Ардагерлерге мың алғыс» атты өлеңдер орындайды.  Музыкалық сәлемдемемен Талдықорған қаласының әртістері ұлттық көне әуендерімен өнер көрсетеді.

Облыс, аудан, қалаларда «Шежіре күнін»  мерекелеуді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, «Жетісу» ТРК көрсетіледі.