Байқауға қатысуға қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап, Алматы облысының барлық жағынан 80-нен астам бизнес-идеялар ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік, JJJ-ге қатысудың басты шарты, қатысушылар Алматы облысы ауылдарының 35 жасқа дейінгі тұрғындары, жұмыссыз, қолданыстағы несиелері және ЖК болмауы тиіс. Жобаны жасауға, жастар арасындағы жұмыссыздықтың кесірінен туындап жатқан этникалық қақтығыстар түрткі болды.
Құрамында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, Lider.Kz еріктілер клубының бизнес қоғамдастығының өкілдері және «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері бар арнайы құрылған конкурстық комиссия ең үздік жобаларды іріктеп алды.
Бизнес-идеялар әр түрлі; олардың ішінде полиграфиялық қызметтер орталығы, ойындар мен ойын-сауық клубы, жиһаз құрастыру цехы, тамақ дайындау, баларға білім беру орталығы, пластикалық терезелер жасау, тігін шеберханалары, кір жуу, сұлулық салондары, бухалтерлік қызмет көрсету орталықтары, киім сататын интернет-дүкен ашу, ірі қара мал өсіру, көлік жуу және тағы басқалар болды.
Комиссия жаңа нарықта өзекті болатын жобалар идеясының өміршеңдігі бойынша жеңімпаздарды таңдады. Жеңімпаздарға алғыс хаттар, 500 мың теңге көлемінде ақшалай сертификаттар берілді, оларға бизнесті дамыту үшін қажетті жабдықтарды сатып алуға болады.
Сонымен қатар, жеңімпаздар мамандармен кеңесіп, тәлімгерлермен жұмыс істеуге, «Кәсіпкерлік негіздері, Салық заңнамасының негіздері және Келіссөздер жүргізу» тақырыбында пайдалы дәрістер тыңдауға мүмкіндік алады.
Сондай-ақ, жобаның ұйымдастырушылары мен тәлімгенрлері бизнесті сүйемелдеп және жылжыуға қоладу көрсетеді. Жоба басталғаннан кейін жарты жыл өткен соң тәлімгерлер бағдарлама нәтижелеріне талдау жасап, бизнесті ілгерлетуде түзетулер енгізеді.
«JJJ» байқауы биыл алғаш рет өткізіліп отыр, «Қоғамдық келісім» басшылығының шешіміне сәйке, келесі байқаулардың жүлде қоры бірнеше есеге артады.