
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде ҚР Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы секторының меңгерушісі Қайрат Дүйсембайұлы Баймульдинов Ұйғыр және Еңбекшіқазақ аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында Қайрат Дүйсембайұлы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында берілген тапсырмалардың орындалу барысы, жаңадан құрылған аудандық Ассамблеялардың қызметі және алдағы жоспарлар жөнінде баяндады.
Ұйғыр ауданында өткен кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудандық ҚХА Кеңесінің мүшелері, ақсақалдар мен аналар кеңестерінің төрағалары, аудандық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Сонымен бірге «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің Ұйғыр аудандық бөлімінің басшысы Асқар Құсайынов, кәсіби медиатор, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Күлжахан Аликеева, орыс этносының белсенді өкілі Ирина Щукина аудан көлемінде этносаралық келісімді нығайту және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.
Еңбекшіқазақ ауданында өткен кездесуде облыстық «Вайнах» шешен-ингуш бірлестігінің төраға орынбасары, аудандық ҚХА мүшесі Зоя Қайсаровна Магамадова, аудандық Түрік этномәдени орталығының төрағасы, аудандық ҚХА мүшесі Бинали Шахпандерович Мамоев, сондай-ақ аудандық Ассамблея жастары кеңесінің төрайымы Гузелнур Кудратовна Туйгунова этносаралық қарым-қатынасты дамыту және қоғамдық тұрақтылықты нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.