2025 жылдың 18 қыркүйегінде Қонаев қаласында «Жергілікті ҮЕҰ-дың мемлекеттік басқару ісіне қатысуы» атты Алматы облысының XII Азаматтық форумы форумы өткізілді.

2025 жылдың 18 қыркүйегінде Қонаев қаласында «Жергілікті ҮЕҰ-дың мемлекеттік басқару ісіне қатысуы» атты Алматы облысының XII Азаматтық форумы форумы өткізілді.

2025 жылдың 18 қыркүйегінде Қонаев қаласында «Жергілікті ҮЕҰ-дың мемлекеттік басқару ісіне қатысуы» атты Алматы облысының XII Азаматтық форумы форумы өткізілді.
Форум азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді диалогты нығайтып, жиырма жылдан астам уақыт бойы қалыптасқан пікір алмасу дәстүрін жалғастырып келеді.
Биылғы форумның негізгі тақырыбы – жергілікті ҮЕҰ-дың мемлекеттік басқару ісіне қатысуын күшейту, шешім қабылдау процесінде олардың рөлін арттыру, қоғамдық бақылау мен кері байланыс тетіктерін жетілдіру.
Форумға Алматы облысының әр өңірінен үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық кеңестердің, саяси партиялардың, кәсіподақтардың және бастамашыл топтардың 100-ден астам өкілдері жиналды.
Құрметті қонақтардың қатарында – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің өкілдері, Қазақстанның Азаматтық Альянсының жетекшілері, әр өңірден спикерлер, Қазақстан халқына қоғамдық қорының басқарма төрайымы, Қоғамдық кеңес төрағалары,сондай-ақ өңірдің белсенді азаматтары бар.
Форум аясында өтетін панельдік сессияларда үкіметтік емес ұйымдар саласындағы заңнама жобаларын талқылау, мемлекеттік басқару саласына азаматтық қатысуды кеңейту, қоғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру, жастар мен әйелдердің шешім қабылдау процесіне араласуын күшейту, ауылдық өңірлердегі әлеуметтік бастамаларды дамыту, сондай-ақ ашық үкімет қағидаттарын ілгерілету мәселелері талқыланады.
Форумның басты ерекшелігі – пікірталас алаңдарының заманауи форматта ұйымдастырылуы болды. Мұнда қатысушылар еркін пікір алмасып, тәжірибе бөлісіп, жаңа серіктестік байланыстар орнатты.
Пленарлық отырыс барысында азаматтық қоғам инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, гранттық қолдау мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар жүйесін жетілдіру, волонтёрлік пен қайырымдылық мәдениетін дамыту мәселелері қарастырылды.
Форум соңында азаматтық сектордың белсенді өкілдеріне қоғамдық дамуға қосқан үлесі үшін облыс әкімі Марат Елеусізұлы алғыс хаттармен және грант ұтысының иегерлеріне сертификаттар табыстады.