
Алматы облысында 2023-2025 жылдар кезеңінде жалпы ауданы 1 024,9 мың га болатын 4028 пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері анықталды.
Аталған учаскелерге қатысты келесі жұмыстар жүргізілді:
- Мемлекеттік меншікке ауданы 369,0 мың га 1144 учаске қайтарылды (оның ішінде сот шешімі бойынша 83,0 мың га, 286,0 мың га-жер пайдаланушылармен өз еркімен қайтарылды);
- Жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде 628 учаске (253,0 мың га) бойынша сәйкестендіру базасында ауыл шаруашылығы жануарларының болуы тіркеліп, жер қайта пайдалануға берілді;
- Жалпы ауданы 157,0 мың га болатын 491 учаске бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Қалған учаскелер бойынша материалдарды сотқа, Жер ресурстарын басқару, иесіз мүлік ретінде тіркеу және шарттарды бұзу департаментіне жіберу жұмыстары жалғасуда.
Соңғы үш жылда қайтарылған жерлерді айналымға тарту мақсатында конкурс арқылы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалпы ауданы 100,0 мың га 942 учаске берілді. Сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жалпы ауданы 5,9 мың га болатын 39 учаске берілді.
Бұл шаралар өңірдегі жер ресурстарын тиімді және мақсатты пайдалануға бағытталған.