Ұлтаралық татулық баға жетпес байлығымыз.

Ұлтаралық татулық баға жетпес байлығымыз.

Ұлтаралық татулық баға жетпес байлығымыз. Тәуелсiздiк пен егемендiкке қол жеткiзген сәттен бастап Қазақстан демократиялық мемлекет құруға, әлеуметтiк әрiптестiк пен азаматтық келiсiмдi, саяси және ұлтаралық тұрақтылықты қамтамасыз етуге барын салып келді. Әлі күнге сол саясатты ұстанады. Облыста аудандық, қалалық әкімдіктері, ауылдық округтер әкімдерімен бірлесе қоғамдық – саяси ахуалға үнемі мониторинг жүргізіліп, оның ішінде конфессияаралық және этникааралық келісім мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп жатыр. Алматы облысы да саланы дамытуға ерекше көңіл бөліп отырған аймақтар қатарында. Өңірде атқарылып жатқан шаруалар барысы Алматы облысына жұмыс сапарымен келген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жанынан этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасының орынбасарына баяндалды. Ғалым Нұрмағамбетұлы ҚХА қызметкерлерімен кездесіп, сала мамандарының сұрақтарына жауап берді. Тақырыпқа ой бөлісті. Еліміздің әр азаматы бірігіп, еліміздегі ұлтаралық, дінаралық татулықтың сақталуына үлес қосуы тиістігін атап өтті. Өз сөзінде қай ұлт, ұлыс болмасын ең бірінші, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруымыз керектігін жеткізді. Бөле жармай жасалып жатқан жағдайлардан ақпар бере кетті. Елбасы бастамасында көрсетілгендей  «Жаһандану дәуірі көп ұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт бірге үлес қосты. Ендеше, Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.» Біз осы үрдісті жалғауымыз керек деді ол.

Тәуелсіз елімізде, этносаралық татулықтың, достықтың, конфессияаралық бірліктің де берік негізі қаланды. Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі тұрақтылықты сақтап, экономикалық өркендеуді дамыта отырып, өз Отанымыздың ертеңгі кемелді келешегі үшін, баянды болашағы үшін адал қызмет ету.