Көксу ауданы, Балпық би кентіндегі "Көксужылу" қазандығы өңірдегі табиғи газбен жұмыс істейтін жалғыз кәсіпорын болып табылады

Көксу ауданы, Балпық би кентіндегі "Көксужылу" қазандығы өңірдегі табиғи газбен жұмыс істейтін жалғыз кәсіпорын болып табылады

Кәсіпорынның бас инженері Мұхтар Сәрсеновтың айтуынша, кәсіпорын 2010 жылы пайдалануға берілген, ал өткен жылы табиғи газға қосылған. Көк отын болмаған жағдайда мазутпен де қыздыруға болады. Ол үшін 800 тонна мазут дайын.

15 қазанда жылу беру жоспарлануда.

- Біздің міндетіміз аудан орталығындағы мектептерді, ауруханаларды, әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету. Сондықтан қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде, - деп атап өтті Мұхтар Сәрсенов.

- Қыркүйек айының соңына дейін біз 100% дайындықты аяқтаймыз. Қазірдің өзінде 97-98 жұмыстар жүргізілді. Келесі айдың ортасында біз жылыту маусымын бастауға дайынбыз. Кәсіпорында барлығы 5 қазандық орнатылған, қазір 40 адам жұмыс істейді.

Облыс бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бағалар бөлімінің басшысы Бақтияр Хамзиннің айтуынша, Көксужылу мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бағасын Департамент бекітеді.

Атап айтқанда, өткен жылдан бастап тұрғындар жылу үшін 2 459,83 теңге төлейді. Бұл дегеніміз 1 шаршы метрге 78 теңге 74 тиын. Ал заңды тұлғалар ай сайын 8 813,35 теңге төлейді. Егер тұтынушылар үйлерге немесе мекемелерге жаңа үлгідегі есептеу құралдарын қосса, онда баға одан да төмен болады