Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында 4 маусым - ҚР мемлекеттік рәміздері күніне орай облыстық іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Апта көлемінде өткізілетін іс-шараларда азаматтардың бойында патриоттық рухты көтеріп, рәміздерге деген құрметтерін арттырып, мемлекттік рәміздерді кеңінен насихаттауға бағытталған. Осы мақсатта жаңа форматтағы шаралар өткізілетін болады. Соның ішінде Панфилов ауданының Тұрпан ауылында, Жамбыл ауданының Жамбыл ауылында тұрғындардың бастамасы мен қаражатына көтерілген Мемлекеттік Тутұғырлардың ашылу салтанаты жоспарлануда. 4 маусым күні патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылып, барлық мекемелерде бірыңғай Мемлекеттік Гимн орындалатын болады.