«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V ҚРЗ Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық өзіндік ерекшелікке сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды.
Осыған байланысты, «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ сарапшыларды конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген барлық азаматтарды шақырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2021 ж. 10 наурыздан 2021 ж. 5 мамырға дейін.
Кандидатты құқықтық мәселелер бойынша сарапшы ретінде тағайындау үшін мынадай талаптар белгіленеді:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
2) Жоғары бейіндік білім туралы диплом (шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар үшін "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабына сәйкес тану немесе нострификациялау рәсімінен өткенін растайтын құжаттың болуы қажет);
3) төмендегі бір немесе бірнеше критерийлерге сәйкестігін растайтын құжаттың болуы:
осы салада ғылыми дәрежесінің болуы;
тиісті біліктілігі бар кәсіби салада (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс) кемінде 8 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының кемінде 15 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
4) мәлімделген мамандық бойынша тәуелсіз сараптама жүргізу үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
Талаптарға сәйкес барлық растайтын құжаттарды міндетті түрде өзінің байланыс телефонын көрсете отырып, uvp247498@mail.ru электрондық мекен-жайға ағымдағы жылдың 5 мамырға дейін жолдау қажет.
Сарапшыларды конкурстық іріктеу үш кезеңнен тұрады:
- конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын қабылдау- а. ж. 5 мамырға дейін.;
– конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын қарау- а. ж. 17 мамырға дейін.;
- кандидаттармен әңгімелесу-а. ж. 31 мамырға дейін.