Меню

Страницы

Статья

Этносаралық қатынастар

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы  туралы

АҚПАРАТ

 Алматы облысында 105 этнос өкілдері тұрады.

1995 жылы Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, қызмет етуде. Төрағасы  - облыс әкімі.

2024 жылдың 1 қаңтарына 10 облыстық этномәдени бірлестік және олардың  филиалдары 36 – аудандық, тығыз тұратын түрлі этностардың өкілдерін біріктіреді.

Этностардың тығыз орналасқан жерлері:

  1. Орыстар - Іле, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары және Қонаев қаласы;
  2. Ұйғырлар - Ұйғыр, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары;
  3. Түріктер - Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Іле аудандары;
  4. Әзірбайжандар - Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Жамбыл аудандары;
  5. Корейлер - Қонаев қаласы, Қаратал ауданы;
  6. Күрдтер - Іле, Қарасай, Қаратал, Еңбекшіқазақ аудандары;
  7. Немістер - Іле, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандары;
  8. Украиндар - Іле, Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандары;
  9. Шешендер - Еңбекшіқазақ, Талғар, Қарасай аудандары;
  10. Гректер - Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары;
  11. Дүнгендер - Қарасай, Еңбекшіқазақ аудандары;
  12. Поляктар - Еңбекшіқазақ ауданы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына   Алматы облысынан 22 адам енгізілген.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  құрамына 22 адам, олар тек облыста ғана емес, республикаға танымал қоғам қайраткерлері, қоғамдық пікір мен этностардың  көшбасшылары. 

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары:

 «Қоғамдық келісім және даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2008 жылы құрылды. Құрамында 5 бөлім бар. Штаттық саны 46 адам.

Директоры – Абай Елболсын Сәкенұлы.

Медиация орталығы

«Қоғамдық келісім» КММ базасында  медиация орталығы  жұмыс жасайды, 2 аудан, қалаларда кабинеттері ашылған.

Алматы облысында қоғамдық медиаторлар саны -  18, кәсіби медиаторлар - 6.

Отбасында және қоғамда толерантты тәрбие беру жөніндегі Аналар кеңестері:

2013 жылы құрылған ҚХА жанындағы консультативтік-кеңесші орган, балаларды патриоттық тәрбиелеу мәселелерінде этникалық дәстүрлерді насихаттау, «қиын жасөспірімдерге», сондай-ақ жағдайлары қиын жасөспірімдерге және нашар, толық емес отбасыларына  көмек көрсету; әлеуметтік бағдарламалар және акцияларды  іске асыруда көмек көрсету және т.б..

Кеңестердің жалпы саны 146 құрайды, оның: 1 - облыстық, 9 - аудандық / қалалық.

Төрайымы  - Жошыбаева Гүльнар Сағатқызы.

Қоғамдық пікір көшбасшыларының мәліметтер базасы мен  этностардың паспорттары жыл сайын жаңартылуда.

Этносаралық ахуалды анықтау, әр түрлі этностар өкілдерінің қоғамдық әл-ауқатын анықтау, болуы мүмкін қақтығыстардың алдын алу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар дайындау мақсатында тоқсан сайын әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі.

 

Дата публикации
09 марта 2021
Дата обновления
09 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 марта 2024
Байкент ауылы, Ворошиловское су қоймасы бөгетінің бұзылғаны туралы
Ақпарат
04 марта 2024
Алматы облысының жедел штабынан маңызды хабарлама!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

FB

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы