Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі
|
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хэштегтер |
|
1. |
«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ
Орындаушы: А. Алиева (ақпараттық саясат және азаматтық бастамаларды қолдау бөлімінің бас басшысы) Тел: 8 7277278031 |
Баспасөзге 2026 жылға жазылу науқаны аясында газет-журналдардың таралуын арттыруға қолдау көрсетуге бола ма? |
Ұсыныс назарға алынып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралады |
Басқарма өңірдегі ақпараттық саясат шеңберінде бұл мәселені заңнамаға сәйкес зерделейді және қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдарға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға ұсыныстар береді. Газеттің өңірде кеңінен таралуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар ақпараттық қолдау тетіктері арқылы жүзеге асырылады. |
Масс-медиа туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII ҚРЗ. |
Баспасөз Науқан Жазылу Алматыоблысы |
|
2. |
«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ
Орындаушы: А. Алиева (ақпараттық саясат және азаматтық бастамаларды қолдау бөлімінің бас басшысы) Тел: 8 7277278031 |
Қала аумағында билбордтар орналастыруға жәрдемдесу мәселесі қалай реттеледі? |
Жарнаманы орналастыру тәртібі заңмен реттеледі, сұрау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне сәйкес қаралады |
Халықаралық деңгейде өткізілетін жоба туралы жарнаманы орналастыру туралы сіздің ұсынысыңыз бойынша "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508 Заңының 11-бабының 2-1-тармақшасына сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнама Республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы, облыстық маңызы бар қалалардағы үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте орналастырылады. Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіне, хабарлама жолымен орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі. Бұдан басқа, облыстың ақпараттық кеңістігінде жоғарыда аталған БАҚ көздері арқылы қолдау, оның ішінде брифингтер өткізу бойынша іс-шаралар өткізілетін болады. |
Жарнама туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңы. |
Билборд Алматыоблысы Жарнама |
|
3. |
«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ
Орындаушы: А. Алиева (ақпараттық саясат және азаматтық бастамаларды қолдау бөлімінің бас басшысы) Тел: 8 7277278031 |
«IQanat» республикалық олимпиадасы бойынша өңірде ақпараттық қолдау көрсетуге бола ма? |
Ұсыныс қолдау шеңберінде қаралып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. |
Алматы облысының ішкі саясат басқармасы «IQanat» олимпиадасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі сұрауды қарап, ұсыныста көрсетілген іс-шараларды қолдау мүмкіндігін назарға алғанын хабарлайды. Қажетті ақпараттық материалдар жергілікті БАҚ арқылы жарияланып, өңір тұрғындарына жеткізіледі. |
Масс-медиа туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII ҚРЗ. |
Байқау Жариялау Ақпараттандыру Алматыоблысы
|
|
4. |
«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ
Орындаушы: А. Алиева (ақпараттық саясат және азаматтық бастамаларды қолдау бөлімінің бас басшысы) Тел: 8 7277278031 |
«ERKE MEDIA» телесериалы бойынша ақпараттық қолдау көрсетуге бола ма? |
Ұсыныс заңнамаға сәйкес қаралып, ақпараттық қолдау тетіктерін қолдану мүмкіндігі қаралады. |
Телевизиялық контентті жариялау, ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру материалдарын тарату «Масс-медиа туралы» заңға сәйкес жүзеге асырылады. Басқарма ұсынылған жоба бойынша ақпараттық материалдарды БАҚ-та орналастыру мүмкіндігін қарастырады. |
Масс-медиа туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII ҚРЗ. |
Телесериал Кино Түсірілім Алматыоблысы |
|
5. |
«Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ
Орындаушы: С.Нурахметова (Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының басшысы) Тел: 8 7051117939 |
Этно-мәдени бірлестіктердің мәдениет пен дәстүрді насихаттауға, этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шараларына қолдау көрсету тәртібі қандай? |
Іс-шараларға қолдау көрсету мәселесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралады және басқарма құзыреті шегінде жүзеге асырылады |
Алматы облысының ішкі саясат басқармасы этно-мәдени бірлестіктердің мәдениет пен дәстүрді насихаттауға, этносаралық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған бастамаларын қолдау туралы өтініштерді заңнамаға сәйкес қарайды. |
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 заңының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес |
Этнос, ассамблея, біртұтас ұлт, этникалық әралуандылық, Достық үй, қоғамдық келісім және бірлік |
|
6. |
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ Орындаушы: Ж. Ибраева (Қоғамдық саяси ахуалды талдау болжау бөлімінің бас маманы) Тел: 8 7773717606 |
Бейбіт жиналыстардың өткізу барысын аудио-видео құралдарына жазуға немесе түсіруге рұқсат бар ма?
|
Аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне- және фототүсірілім жасауға рұқсат. |
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңының 6-бабының 6 тармағына сәйкес, бейбіт жиналыстарға қатысушы, бейбіт жиналыстар өткізу кезінде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалануға, сондай-ақ бейне- және фототүсірілім жасауға құқылы. |
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 мамырдағы № 333-VІ ҚРЗ. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2000000333
|
азаматтардың құқықтары бейбіт жиналыс құқық бұзушылық айлық есептік көрсеткіш айыппұл
|
|
7. |
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ Орындаушы: Ж. Ибраева (Қоғамдық саяси ахуалды талдау болжау бөлімінің бас маманы) Тел: 8 7773717606 |
Журналистердің көлік қозғалысына, инфрақұрылым нысандарының жұмысына кедергі келтіруі құқық бұзушылық болып саналады ма?
|
Кедергі келтіруі құқық бұзушылық болып саналады |
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңының 8-бабының 2 тармағына сәйкес,көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуі, мүліктің сақталуы үшін бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасамауға міндетті.
|
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 мамырдағы № 333-VІ ҚРЗ. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2000000333
|
азаматтардың құқықтары бейбіт жиналыс құқық бұзушылық айлық есептік көрсеткіш айыппұл
|
|
8. |
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ Орындаушы: Ж. Ибраева (Қоғамдық саяси ахуалды талдау болжау бөлімінің бас маманы) Тел: 8 7773717606 |
Бейбіт жиналыстарды өткізетін орындарды кім белгілейді? |
Мемлекеттік органдар құзыреті бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды белгілейді |
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңының 7-бабының 2 тармағына сәйкес, мемлекеттік органдар құзыреті бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындайды.
|
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 мамырдағы № 333-VІ ҚРЗ. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2000000333
|
азаматтардың құқықтары бейбіт жиналыс құқық бұзушылық айлық есептік көрсеткіш айыппұл
|
|
9. |
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ Орындаушы: Ж. Ибраева (Қоғамдық саяси ахуалды талдау болжау бөлімінің бас маманы) Тел: 8 7773717606 |
Бейбіт жиналыстарды қай уақытта өткізуге рұқсат?
|
Жергілікті уақыт бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды |
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңының 9-бабының 4 тармағына сәйкес, бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті уақыты бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды.
|
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 мамырдағы № 333-VІ ҚРЗ. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2000000333
|
азаматтардың құқықтары бейбіт жиналыс құқық бұзушылық айлық есептік көрсеткіш айыппұл
|
|
10. |
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ Орындаушы: Ж. Ибраева (Қоғамдық саяси ахуалды талдау болжау бөлімінің бас маманы) Тел: 8 7773717606 |
Бейбіт жиналыс өткізу үшін қалай келісім алуға болады?
|
Жергілікті атқарушы органға өткізілетін күніне дейін он жұмыс күнінен бұрын хабарлама берілуі тиіс. |
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңының 12-бабының 1 тармағына сәйкес, демонстрация, шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізуге келісуді алу туралы өтінішті бейбіт жиналысты ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға өткізілетін күніне дейін он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында береді.
|
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 мамырдағы № 333-VІ ҚРЗ. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2000000333
|
азаматтардың құқықтары бейбіт жиналыс құқық бұзушылық айлық есептік көрсеткіш айыппұл
|
|
11. |
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ Орындаушы: Ж. Ибраева (Қоғамдық саяси ахуалды талдау болжау бөлімінің бас маманы) Тел: 8 7773717606 |
Пикеттеу дегеніміз не? |
Белгілі бір орында, белгілі бір уақытта қоғамдық пікірін көпшілік алдында білдіру мақсатында Қазақстан Республикасының бір азаматының қатысуы. |
Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 1-бабының 1-тармағына сәйкес, пикеттеу – Қазақстан Республикасының азаматының белгілі бір орында, белгілі бір уақытта қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың, органдардың, ұйымдардың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) жөніндегі өз пікірін көпшілік алдында білдіру мақсатында қозғалмай және дыбыс күшейткіш техникалық құралдарды пайдаланбай, плакаттармен, транспаранттармен және өзге де көрнекі үгіт құралдарымен не онсыз қатысуы. |
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы №333-VI ҚРЗ Заңының 1-бабының 1-тармағына сәйкес: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2000000333
|
азаматтардың құқықтары бейбіт жиналыс құқық бұзушылық айлық есептік көрсеткіш айыппұл
|
|
12. |
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ Орындаушы: Ж. Ибраева (Қоғамдық саяси ахуалды талдау болжау бөлімінің бас маманы) Тел: 8 7773717606 |
Шетел азаматтары бейбіт жиналыстарды қаржыландыра ала ма? |
Шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуді қаржыландыруға тыйым салынады. |
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 14-бабының 7-тармағына сәйкес, бейбіт жиналыстарды өткізуге қаржы көзі шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар немесе шетелдік заңды тұлғалар арқылы қамтамасыз етілсе, өткізуден бас тартуға болады. |
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы №333-VI ҚРЗ Заңының 1-бабының 1-тармағына сәйкес: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2000000333
|
азаматтардың құқықтары бейбіт жиналыс құқық бұзушылық айлық есептік көрсеткіш айыппұл
|
|
13. |
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ Орындаушы: Ж. Ибраева (Қоғамдық саяси ахуалды талдау болжау бөлімінің бас маманы) Тел: 8 7773717606 |
Хабарламаны қарау тәртібі |
Бейбіт жиналыстың ұйымдастырушысына хабарланады.
|
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы орган хабарламаны тіркеген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бейбіт жиналыстың ұйымдастырушысына хабарлайды. |
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы №333-VI ҚРЗ Заңының 1-бабының 1-тармағына сәйкес: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2000000333
|
азаматтардың құқықтары бейбіт жиналыс құқық бұзушылық айлық есептік көрсеткіш айыппұл
|
|
14. |
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ Орындаушы: Ж. Ибраева (Қоғамдық саяси ахуалды талдау болжау бөлімінің бас маманы) Тел: 8 7773717606 |
«Пикет өткізу ұзақтығы қандай шектеулерге бағынады?» |
Пикеттеудің ұзақтығы күніне екі сағаттан аспауы тиіс. |
«Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның 9-бабы 6-тармағына сәйкес, пикет өткізу ұзақтығы бір нысанның алдында бір орында тәулігіне екі сағаттан аспауға тиіс, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындарды қоспағанда. |
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы №333-VI ҚРЗ Заңының 1-бабының 1-тармағына сәйкес: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2000000333
|
азаматтардың құқықтары бейбіт жиналыс құқық бұзушылық айлық есептік көрсеткіш айыппұл
|
|
15. |
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ Орындаушы: Ж. Ибраева (Қоғамдық саяси ахуалды талдау болжау бөлімінің бас маманы) Тел: 8 7773717606 |
Шеру дегеніміз не және қандай мақсатта өткізіледі?? |
Қазақстан Республикасының азаматы немесе азаматтар тобының көлік құралдарын қолданбай өтуі. |
Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 1-бабының 12-тармағына сәйкес, шеру – бұл Қазақстан Республикасының азаматы немесе азаматтар тобының белгілі бір уақытта, алдын ала белгіленген маршрут бойынша көлік құралдарын қолданбай, қоғамдық маңызы бар мәселелер және (немесе) адамдардың, органдардың, ұйымдардың іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) жөніндегі өз пікірін көпшілік алдында білдіру мақсатында өтуі; бұл әрекет дыбыс күшейткіш құрылғылар, плакаттар, транспаранттар және өзге де көрнекі үгіт құралдарын пайдалануымен немесе онсыз, талаптарды қоюымен немесе онсыз жүзеге асырылуы мүмкін. |
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы №333-VI ҚРЗ Заңының 1-бабының 1-тармағына сәйкес: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2000000333
|
азаматтардың құқықтары бейбіт жиналыс құқық бұзушылық айлық есептік көрсеткіш айыппұл
|
|
16. |
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ Орындаушы: С.Нурахметова (Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының басшысы) Тел: 8 7051117939 |
Үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) дегеніміз не? |
Үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) – бұл мемлекеттің және саяси партиялардың бақылауынан тыс, қоғамдық мүдделерді қорғау, әлеуметтік, мәдени, экологиялық немесе адам құқықтарын қолдау мақсатында құрылған ұйым. ҮЕҰ коммерциялық қызметпен айналыспайды және азаматтардың бірлескен бастамаларын жүзеге асырады. |
Үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) – бұл мемлекеттік органдар мен саяси партиялардан тәуелсіз, қоғамдағы нақты мәселелерді шешуге бағытталған, коммерциялық емес ұйым. ҮЕҰ-ның негізгі мақсаты – азаматтардың мүдделерін қорғау, әлеуметтік, мәдени, білім беру, экологиялық, құқықтық немесе басқа да қоғамдық маңызды мәселелерді қолдау. ҮЕҰ қызметі мынадай сипаттарға ие: Тәуелсіздік – үкіметтік бақылаудан тыс жұмыс істейді; Қоғамдық пайда – коммерциялық табыс көзін емес, қоғамдық мүддені көздейді; Қызметтің әртүрлілігі – әлеуметтік, мәдени, білім беру, құқық қорғау, қоршаған ортаны қорғау салаларында әрекет етеді; Азаматтық бастамалар – азаматтардың бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастырады және қолдайды; Құқықтық негіз – Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық нормаларға сәйкес жұмыс істейді. |
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы»Заңы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000142_
|
Үкіметтік емес ұйымдар, коммерциялық, азаматтар, заңды тұлғалар |
|
17. |
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ Орындаушы: С.Нурахметова (Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының басшысы) Тел: 8 7051117939 |
Үкіметтік емес ұйымды қалай құруға болады? Қай заңға жүгіну қажет? |
Ең алдымен, ұйым коммерциялық емес заңды тұлға болып құрылуы тиіс. Ол «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы бойынша белгіленеді. |
Ең алдымен, ұйым коммерциялық емес заңды тұлға болып құрылуы тиіс. Ол «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы бойынша белгіленеді. Құрылу үшін жарғы қажет, құрылтайшы (немесе бірнеше), заңда белгіленген құжаттар мен тіркеу рәсімі орындалады. Әрі қарай, ұйым өзінің қызметін жергілікті тіркеу органдары арқылы белгілеп, заңда көзделген дерекқорда тіркелуі мүмкін. Мысалы, infonpo.kz дерекқорына мәліметтерді ұсыну талаптары бар. |
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы»Заңы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000142_
|
Құрылу, Заң, қызметін, мәлімет |
|
18. |
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ Орындаушы: С.Нурахметова (Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының басшысы) Тел: 8 7051117939 |
Үкіметтік емес ұйымдарға дерекқорға мәліметтерді ұсынуы міндетті ме? |
Иә. «Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөніндегі мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары» атты құжатқа сәйкес дерекқорға (мысалы, infonpo.kz) мәліметтерді беру тәртібі қарастырылған. |
Иә. «Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөніндегі мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары» атты құжатқа сәйкес дерекқорға (мысалы, infonpo.kz) мәліметтерді беру тәртібі қарастырылған. 2025 жылғы хабарламада, ұйымдар 2025 жылғы 31 наурызға дейін дерекқорға ақпарат ұсынуы тиіс екендігі айтылған. Дерекқорға мәліметтерді уақытылы ұсынбағаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылған.
|
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 наурызда № 13355 болып тіркелді.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013355?utm_source=chatgpt.com |
Дерекқор, уақытылы, тәртібі, жауапкершілік, мәлімет |
|
19. |
«Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ Орындаушы: С.Нурахметова (Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының басшысы) Тел: 8 7051117939 |
Үкіметтік емес ұйымдарға қызметін тоқтату не тарату мүмкін бе? Қандай тәртіппен? |
Тарату немесе қызметін тоқтату алдында ұйым міндеттерін орындап, қарыздарды жабуы, мүшелермен есеп айырысуы тиіс. |
Иә, заң бойынша коммерциялық емес ұйымдар қызметін тоқтата алады немесе таратылуы мүмкін. Бұл туралы негізінен «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңында және Азаматтық кодексте айтылған. Тарату немесе қызметін тоқтату алдында ұйым міндеттерін орындап, қарыздарды жабуы, мүшелермен есеп айырысуы тиіс. Сондай-ақ, тіркелілген дерекқордан шығу немесе қайта тіркеу тәртібі де бақылауға алынған болуы мүмкін. |
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы»Заңы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000142_
|
Қызметін тоқтату, тарату, тәртіппен, міндеттер, есеп айрысу |