Алматы облысы ішкі саясат басқармасының 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпарат

№

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың. теңге)

Ақпараттың дерек көзі көрсетілген негіздеме

Халықтың нысаналы тобы

Күтілетін нәтиже

1.     

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ міндет» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шараларының кешенін жүзеге асыру

8 000 000

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті, мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, заңгерлер, адвокаттар, БАҚ өкілдері

Халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына төзімділікті төмендету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

 

2.     

«Заң және тәртіп» идеологемасы аясында Алматы облысында ҮЕҰ арасындағы үздік әлеуметтік жобалар конкурсы: «ҮЕҰ-дың азаматтық жауапкершілікті дамытуға қосқан үлесі» тақырыбында

7 000 000

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласын қадағалайтын әкімдік қызметкерлері мен ҮЕҰ өкілдері

«Заң және тәртіп» идеологемасы аясында Алматы облысында ҮЕҰ арасындағы үздік әлеуметтік жобалар конкурсы азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және халық арасында құқықтық мәдениетті нығайтуға ықпал ететін бастамаларды анықтау және қолдауға бағытталған. Қатысушылар қоғамға заңды сақтау, белсенді азаматтық ұстанымды дамыту және мінез-құлық ережелері мен нормалары туралы хабардарлықты арттыруға көмектесетін жобаларды ұсынады

3.     

«Заң және тәртіп: қоғамдық келісімді нығайту және құқықтық мәдениетті дамыту» тақырыбындағы «Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінің қатысуымен өтетін диалогтық алаң

5 000 000

«Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 Жарлығына сәйкес этносаралық келісімді және қазақстандық патриотизмді нығайту бойынша іс-шараларды өткізу»

Алматы облысының жергілікті атқарушы органдары немесе «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ өкілдері;
Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері; құқық қорғау органдарының өкілдері; қоғамдық пікір көшбасшылары.

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерінің қатысуымен өткізілетін іс-шара, құқық тәртібін нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті дамытуға және заңға бағынатын мінез-құлықты насихаттаудағы үздік тәжірибелермен алмасуға бағытталған.

 

4.     

Отбасы-демографиялық және гендерлік мәселелер бойынша «Отбасы берекесі – әйелде!»

5 000 000

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасы

Мемлекеттік атқарушы органдардың өкілдері,
әйелдер басқаратын бизнес құрылымдардың өкілдері,
әйелдердің әлеуметтік-экономикалық бастамаларын дамыту саласының сарапшылары,
халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдері,
ҮЕҰ өкілдері,
ауылдық жерлерде әйел кәсіпкерлігін дамыту жобаларының бенефициарлары мен еріктілері.

Ауыл әйелдерін қолдау қауымдастығын қалыптастырудың инновациялық механизмдерін енгізуге, билік органдарымен, халықаралық және ұлттық ұйымдармен өзара әрекеттестікті дамытуға қызығушылықты арттыруға және ауылдық жерлерде өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға арналған ашық алаңды қалыптастыру.

5.     

«Құқық және медиа: журналистика арқылы қауіпсіз қоғамды қалыптастыру» тақырыбында жас журналистерге арналған креативті білім беру мектебін өткізу

 

5 000 000

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-I «Масмедиа туралы» Заңы

18–35 жас аралығындағы жастар, оның ішінде жас журналистер, мамандықтары сәйкес студенттер, бастаушы блогерлер, медиақұрылым жасаушылар, сондай-ақ медиа және коммуникациялар саласында құқықтық мәдениетті арттыруға және кәсіби дағдыларын дамытуға мүдделі жастар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері

 

Жас журналистерге арналған креативті білім беру мектебі «Құқық және медиа: журналистика арқылы қауіпсіз қоғамды қалыптастыру» — жастарға арналған білім беру бағдарламасы, ол журналистік дағдыларды дамытуға, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қауіпсіз әрі заңға бағынатын қоғамды насихаттайтын медиақұрылым жасауға бағытталған

6.     

Құқық тәртібі мен заңның қоғамдағы маңыздылығын кеңінен насихаттауға арналған аймақтық медиа-кампания «Заң және тәртіп: қауіпсіз қоғам – ортақ жауапкершілік» тақырыбында
(бейнероликтер шығару, инфографика және қысқа видеороликтерді (Reels, TikTok) әлеуметтік желілерде жариялау, LED-экрандар мен баннерлерде хабарламаларды ротациялау)

5 000 000

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451-I «Масмедиа туралы» Заңы

Аймақ тұрғындары барлық жастағы санаттар бойынша, оның ішінде жастар, отбасылар, әлеуметтік осал топтар, жергілікті қауымдастықтар, сондай-ақ БАҚ өкілдері мен қоғамдық пікір көшбасшылары

Аймақтық медиа-кампания тұрғындарды заңды сақтау мен құқық тәртібінің маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Кампания аясында бейнероликтер шығарылады, әлеуметтік желілерде инфографика және қысқа видеороликтер (Reels, TikTok) жарияланады, сондай-ақ хабарламаларды LED-экрандар мен баннерлерде ротациялау арқылы мүмкіндігінше кең аудитория қамтылады.

7.     

Алматы облысының Қоғамдық кеңестерінің әлеуетін арттыруға арналған іс-шараларды ұйымдастыру

9 000 000

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы

Алматы облысының Қоғамдық кеңестерінің мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, мемлекеттік органдар қызметкерлері, жастар мен бастаушы сарапшылар, сондай-ақ медиа саласының өкілдері

 

Азаматтық қоғамды жандандыру, облыстың әр ауыл округіндегі қоғамдық пікір көшбасшыларын анықтау және олармен өзара әрекеттестікті орнату. Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында жергілікті қауымдастық мүшелерінің әлеуметтік желілердегі беттерін (1441 мүшесі) пайдалану мүмкіндігі.

Конкурс сондай-ақ тұрғындарды өз елді мекендерінің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына белсенді қатыстыруға және басқару шешімдерін қабылдауға ықпал етеді. Конкурс қорытындысы бойынша 14 ауыл округінде ең белсенді жергілікті қауымдастықтардың ұсыныстары әлеуметтік маңызды және басқа да жобаларды жүзеге асыру бойынша енгізіледі.

 

8.     

«Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында, қоршаған ортаны қорғау бағытында «Экология: Бүгін және болашақ» тақырыбында іс-шаралар өткізу.

 

5 000 000

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы №400-VI ҚР Экологиялық кодексі

 

Жастар, студенттер, ауыл және қала тұрғындары, кең аудитория, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ және медиа саласының өкілдері

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; шаруашылық және басқа да қызметтердің қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмау; табиғатты қорғау бағдарламалары мен жобаларын қалыптастыру және жүзеге асыру.

Жоба аясында кең көлемді ақпараттық жариялылық жоспарланған, ол қоғамның экологиялық мәселелерге назарын аударуға және азаматтарда экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған. Тиімді ақпараттық науқан халықты қоршаған ортаны қорғау процесіне тартудың, экологиялық мәселелердің теріс салдары мен оларды шешу жолдары туралы хабардарлықты арттырудың маңызды құралы болады.

 

9.     

Қоғамды дамытуға, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың қызметін тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені

 

8 000 000

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңы

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласын қадағалайтын әкімдік қызметкерлері мен ҮЕҰ өкілдері

- Қоғамды нығайту және азаматтық белсенділікті арттыру;

- Үкіметтік емес ұйымдардың тиімділігін және кәсіби деңгейін жоғарылату;

- Инфрақұрылымды кеңейту және ҮЕҰ қызметі үшін жағдайларды жақсарту;

- Мемлекет, ҮЕҰ және бизнестің өзара әрекеттестігін күшейту;

- Халық пен ҮЕҰ-ның шешім қабылдау және қоғамдық бақылау процесіне қатысуын кеңейту;

- Азаматтық қатысу саласындағы ақпараттылықты және ашықтықты арттыру;

- Волонтерлік бастамалар мен әлеуметтік жобаларды дамыту;

- Әлеуметтік қызметтердің сапасын жақсарту және әлеуметтік тәуекелдерді азайту.

 

 

Ескертулер және (немесе) ұсыныстарды miras.i.d_90@mail.ru пошталарына жолдауға болады

Тел. 8 (72 772) 7-80-16,  8 701 778 0301

МӘТ қаз 2026
Дата публикации
10 декабря 2025