Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы бойынша 2020 жылдың 9 айына АҚПАРАТ

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы бойынша

2020  жылдың 9 айына

АҚПАРАТ

                                                      

Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы

Облыста 105 ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады, 71 этномәдени орталық, 390 белсенді үкіметтік емес ұйым,15 салалық кәсіподақ ұйымы, 115 бұқаралық ақпарат құралдары, 67 жастар бірлестігі және 6 саяси партиялардың облыстық филиалы жұмыс істейді.

Облыстың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік  шиеленіс болуы ықтимал ошақтарға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Өңірде болуы  ықтимал наразылық акцияларына дер кезінде ден қою мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылатын күштер мен құралдарды басқару жөніндегі жедел штаб жұмыс жасайды. Сондай-ақ «ҚДТ» идеяларын қолдайтын әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың аккаунттары тұрақты негізде бақыланады. «Жетісу» телеарнасында, облыстық «Огни Алатау», «Жетісу» газеттерінде аудандық және қалалық әкімдіктердің әлеуметтік желілерінде «ҚДТ» экстремистік ұйымының әрекеттері туралы ескерту материалдары орналастырылды.

Сонымен қатар, облыстың көпэтникалық аудандары (Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов, Іле, Жамбыл, Талғар) ерекше бақылауда тұр. Этносаралық шиеленіс ошақтарының туындауына жол бермеу және туындаған жағдайларға дер кезінде назар аудару мақсатында әрекет ету алгоритмі бойынша жұмыс жүргізіледі.

Облыс аумағындағы қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін жарияланымдарды анықтау мақсатында  күнделікті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі. Мониторинг барысында анықталған әлеуметтік мәселелер шара қолдану үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.

Жыл басынан маусым-қыркүйек айлары аралығында облыста 89 резонанстық оқиға орын алып,  жергілікті атқарушы органдар мен облыс әкімдігі тарапынан шұғыл әрекет ету шаралары қабылданды. Жедел әрекет ету және ақпараттандыру Алгоритміне сәйкес жоғарғы мемлекеттік органдарға  кунделікті ақпарат дайындалады.

Жыл басынан бастап наразылық акцияларын өткізуге барлығы -                   25 өтініш түсті (1 –қаралуда; 3 - бас тарту туралы өтініштің түсуіне байланысты қараусыз қалдырылды,  21-бас тартылды, оның ішінде жалғыз пикет өткізуге –11, митинг және бейбіт жиналыстар өткізуге – 10, аштық өткізуге – 4). Заңсыз наразылық акцияларын өткізу фактілері тіркелген жоқ.

Себептері:1) Көпбалалы аналарға мемлекеттік әлеуметтік қолдау (АӘК және тұрғын үй) мәселелері бойынша, қолжетімді тұрғын-үй бағдарламасын талап ету, жер мәселесі; ономастика мәселесә; облыстың әскери зейнеткерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері;

2) Құқық қорғау органдары мен прокуратураның, мемлекеттің жемқорларға қатыстыәрекет етпеу мәселесі,  азаматтардың конституциялық  құқығының бұзылуы туралы, несиені кешіру  мәселесі.

Тұрғындарды толғандыратын мәселелер жергілікті атқарушы органдардың ерекше бақылауында.

Алматы облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру, өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және жедел ден қою мақсатында облыс әкімінің өкімімен дағдарысқа қарсы ведомствоаралық жедел штаб құрылған.

Облыста барлық ұйымдастырушылық және басқарушылық жұмыс күшейтілген   карантиндік режіміне ауыстырылды. Жұмыспен қамту және   мұқтаждарға  көмек  көрсету  мәселесі ерекше  назарға  алынған.

Шетелдік қызметкерлері бар облыс кәсіпорындарындағы жағдайға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылып, құрамына атқарушы, құқық қорғау және арнайы органдардың өкілдері енгізілген.

Әр түрлі арандатушылық ақпараттардың жолын кесу бойынша жұмыстар ерекше бақылауға алынып, құқық қорғау және мемлекеттік органдар тарапынан анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілді.

Мүмкін болатын наразылық акцияларына, резонанстық оқиғаларға дер кезінде ден қою үшін облыс аумағында мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасу бойынша жұмыс қолға алынған.

Бүгінгі таңда облыс аумағындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты, жағдайды тұрақсыздандыратын немесе әсер ететін факторлар анықталмаған. Қоғамдық ахуалға қауіп-қатер  төндіретін наразылық  әлеует төмен.

 

Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі туралы

 

Облыстық Әділет департаментінен алынған мәліметтерге сәйкес облыста 1012 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның ішінде 631 - қоғамдық бірлестік, 333 – қоғамдық қор, 48 – заңды тұлғалар бірлестігі.

 Облыстың үкіметтік емес ұйымдары өз қызметін қоғамдық өмірдің түрлі салаларында, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, дене шынықтыру, жастар саясаты, балаларды қорғау, гендерлік мәселелер, салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың құқықтарын қорғау және басқа да әлеуметтік маңызды бағыттарда жұмыс істейді.

 2020 жылы ҮЕҰ Дерекқорына есепті 2019 жылына  өңірдің 396 ҮЕҰ өз деректерін уақтылы ұсынды. 

Бүгінгі күні облыстағы ҮЕҰ-ны дамыту мен олардың өзара іс-қимылының негізгі тетігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады.

Салалық қағидат бойынша 282,5 млн.теңге көлемінде Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты 5 облыстық басқарма (ішкі саясат басқармасы, жастар саясаты мәселелері басқармасы, дін істері басқармасы, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы), 17 аудандық және 3 қалалық ішкі саясат бөлімі,   сондай - ақ бірқатар аудандарда  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жүзеге асырады. Қазіргі уақытта 93 жоба қарастырылған.

Сонымен қатар, ҮЕҰ әлеуетін одан әрі нығайту және арттыру, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесу мақсатында 2018 жылдан бастап Алматы облысының ҮЕҰ консалтинг орталығы жұмыс істейді.

Консалтингтік орталық жыл сайын әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуде азаматтық бастамаларды қолдау үшін жалпы сомасы 10000000 теңгеге "әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесін" өткізеді.

Облыста кеңестер мен форум түрінде 40-тан астам диалогтық алаң жұмыс істейді.

Ең маңыздысы азаматтық форум және әкімдіктер жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер болып табылады.

 

Ақпараттық сүйемелдеу туралы

 

2020 жылдың 9 айдын қорытындысы бойынша  облыста112 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, оның ішінде 57 газет, 24 журнал, 19 желілік басылым,  6 кабельдік оператор, 2 ақпараттық агенттік, 2 ТВ, 2 радио.

  Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру мақсатында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарымен "Закон", "Нұр", "Тенгриньюс", "365", "Информбюро" ақпараттық порталдары, "Хабар 24", "Евразия", "СТВ", "Қазақстан", "31 канал" республикалық телеарналары, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Время" газеттері және т. б. арасында шарттар жасалды.

Алматы облысында коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтату мақсатында ақпараттық-түсіндіру материалдарын жариялау жұмыстары жалғастырылуда.

Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінде, аудандық және қалалық баспа басылымдарында «Денсаулық – зор байлық», «Уақыт талабы», «Covid-19», «Індет», «Здоровье» айдарларымен 672 ақпараттық мақала жарияланды: «Сақтықта қорлық жоқ», «Дүниені дүр сілкінткен», «Темпы распространения Covid-19 снижаются», «Жағдай жақсарып келеді»  және басқалар.

Сонымен қатар, облыстық «Жетісу» телеарнасы эфирінде күнделікті 5 ролик, жаңалықтар топтамасынан мемлекеттік және орыс тілдерінде 210 сюжет жарыққа шықты. Жұмыс күндері тікелей эфирде қазақ және орыс тілдерінде әртүрлі сала өкілдерінің қатысуымен  қазіргі кездегі эпидемиологиялық ахуал мен басқа да маңызды мәселелер  туралы сұхбаттар беретін «Бүгін» бағдарламасы шығуда. Сондай-ақ, тікелей эфирде апта сайын  коронавирус індеті жайлы «Дәрігер кеңесі» бағдарламасы көрсетілуде.

Облыстың қалалары мен аудандарында әлеуметтік қашықтық пен тазалық шараларын сақтау туралы: «Үйде бол!», «Үйден шықпа» «Біргеміз!», «Коронавирустан қалай қорғану керек?», «Арақашықтықты сақта!» ақпараттық  тақырыптарда 80 банер, облыс орталығында аялдамаларында 27 лайтбокс, LED-экрандарда бейнероликтер, сондай-ақ, «Дәрігерлерге мың алғыс!» тақырыбымен 4 банер әзірленіп, орналастырылды. 

Коронавирустық инфекциясымен күресу бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпараттық-түсіндірме материалдары облыстық, аудандық және қалалық баспа басылымдары мен олардың ресми сайттарында, ең көп қолданыстағы барлық әлеуметтік желілерінде күн сайын жариялануда.

«Instagram», «Facebook», «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде 800-ден астам ресми ақпарат, оның ішінде  коронавирустан қорғану әдістері туралы жадынама, инфографикалар және т.б. ақпараттық-түсіндірмелік материалдар орналастырылған.

Коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы қатарда жүрген медицина саласы қызметкерлерінің еңбектерін бағалау әрі құрметтеу мақсатында «Дәрігерлер алғысымыз шексіз!», «Мың алғыс сіздерге, ақ халатты абзал жандар», «Бейбіт күннің батырлары – ақ халатты абзал жандар», тақырыбындағы бейнероликтер облыс орталығының LED-экрандарынан көрсетілуде.

Coronavirus.kz сайтына келіп түсіп жатқан сұрақтарға жедел жауап беріліп, әлеуметтік желілердегі сын пікірлерге шұғыл түрде қарсы ақпараттық-түсіндірме материалдары орналастырылады.

Өткен кезеңде республикалық және өңірлік БАҚ қатысуымен күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша 165 спикердің қатысуымен 108 брифинг өткізілді.

Өткізілген мониторингке сәйкес, «Covid-19» инфекциясының алдын алу туралы баяндалатын тақырып аясында облыстық паблик беттерінде және жеке аккаунттарында 6000-ға жуық медиа материал орналастырылды.

Сондай-ақ, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болған біздің заманымыздың батырларын қолдау үшін қалалық биік ғимараттардың бірінде  «ТалдыПариж» шығармашылық бірлестігі граффити салды.                      «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ұйымдастырылуы және жүзеге асырылуы жөніндегі іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөнінде медиа-жоспарға сәйкес, облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттері мен аудандық, қалалық баспа басылым беттерінде және олардың ресми сайттарында «Жұмыспен қамту  2020 жол картасына» арналған логотипті пайдалана отырып «Отандық өндіріс», «Қала тынысы», «Жұмыспен қамту», «Құрылыс» айдарларымен жыл басынан жолдарды күрделі жөндеу, әлеуметтік нысандарды қайта жаңарту, көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру, ауылдық жерлерде дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер салу және т.б құрылыстардың іске асырылуы мен барысы туралы 350 мақала  жарияланды.                                       «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылымның даму барысы мен тұрғындардың жұмыспен қамтылуы жөнінде өңірлердің жауапты басшыларымен онлайн баспасөз-конференциялары өткізілуде.                                                                        Сондай-ақ, облыстың барлық аудандары мен қалаларында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бойынша 76 банер орналастырылған.                            Облыстық «Жетісу» телеарнасында аса маңызды инфрақұрылымдық жобалар  туралы бейнероликтер,  68 сюжет пен репортаждар эфирге шықты.  Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар тізбесі бекітілген. Бекітілген 55 жобаның жүзеге асырылып жатқаны облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда.                         Бағдарлама шеңберінде жасалынып жатқан жұмыстар туралы бейнероликтер мен басқа да ақпараттық материалдар әзірленіп, өңірлік баспа басылымдарының Facebook, Instagram, Vk және т.б. әлеуметтік желілері мен «ТалдыПариж», «Жетісу – Что, Где, Когда?», «Талдықорганец», «Jetisymedia», «kris_p_tdk» сияқты топтарында кеңінен насихатталуда.                      Сондай-ақ, өңірлік баспа басылымдарында жұмыспен қамту бойынша жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту мақсатында «Ауыл тұрғындары назарына!» айдарымен хабарландырулар берілуде.                                           Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы                        1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауына кең көлемде  ақпараттық сүйемелдеу жүргізілуде.             Бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамда Жолдауы түсіндіру үшін 116 адамнан тұратын спикерлер пулы құрылды. Пул құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, журналистер,  үкіметтік емес сектор, білім, медицина және кәсіподақ өкілдері, кәсіпкерлер, жастар және т.б кірді.                                                                                                                 Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде облыстың аудандары мен қалалары әкімдерінің, облыстық басқарма басшыларының, депутаттардың, қоғам өкілдерінің қатысуымен селекторлық байланыс режимінде облыс активі өткізілді.                                                                                                         Жолдаудың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінімен брошюралар дайындалды.                                                                                                     Жолдауды іске асыру жөніндегі іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөнінде медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді.                                         Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» және аудандық, қалалық баспа басылымдарда және олардың ресми сайттарында арнайы логотиппен «Жолдау - жасампаздық жолы», «Жолдауға қолдау», «Президент», «Прямая связь», «За строкой Послания Президента» айдарларымен Жолдаудың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері, облыс тұрғындарының пікірлері, 104 мақалалар жарияланды.                                                          Облыстық «Жетісу» телеарнасының эфирінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы тікелей эфир арқылы беріліп, жаңалықтар топтамасынан қазақ және орыс тілдерінде  сюжеттер көрсетілуде.                         Облыс бойынша Жолдауға арналған 130 көрнекі-үгіт құралдары, оның ішінде 110 билборд, 10 панно, 10 аспалы қондырғы орналастырылуда.  Облыстың  12  LED-экранында Жолдау бойынша инфографикалар берілуде.                Облыстың мемлекеттік органдарының, аудан, қала әкімдерінің және әкімдіктерінің, облыстық басқарма басшыларының ресми сайттарында және «Instagram», «Facebook», «ВКонтакте» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына инфографикалар орналастырылып, барлығы 295 ақпарат жарияланды.                                                                                      «Талдыкорганец», «Талды-Париж», «Molokо.kz» пабликтерімен «Insragram», «Facebook», «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде,«Nur.kz», «Abai.kz», «Tinfo.kz», «Baribar.kz», «Zakon.kz», «Tengrinews.kz», «Kazakhuny.kz» интернет порталдарында 624  облыс тұрғындарының жағымды пікірлері қалдырылды.

 

Ішкі саяси бағыттар бойынша жоспарлау туралы

 

Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар  жоспарланып, іске асырылды.

Өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, жүйеге келтіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Осы бағытта Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2020 жылға арналған іс-қимыл жоспары әзірленіп, бекітілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты  Жолдауын халық арасында түсіндіру бойынша шаралар тізбесіне сәйкес облыста, сондай-ақ облыс, аудан, қалаларда жүйелі кестелер әзірленді.

Жолдауда белгіленген міндеттерді ескере отырып өңір бойынша «оқиғалар қатары» және басымдық бағыттары бойынша жоспар қалыптастырылды және оның іске асырылуы  қамтамасыз етілуде.

Жоғарыда аталған іс-шаралар жоспарларын орындау барысында күнделікті, апталық, тоқсандық есептер Қазақстан Республикасы  Президентінің Әкімшілігіне  жолданған.

Жыл сайын қала және аудандар әкімдерінің орынбасарлары мен басқарма басшылары үшін ішкі саясат мәселелері бойынша жиындар ұйымдастырылуда.

Жыл басынан  Елбасының «Рухани Жаңғыру», «Ұлы даласы жеті Қыры» атты бағдарламалық мақалалары бойынша, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына дайындық және оны өткізу бойынша жиындар  өткізілді.

Аудандық және қалалық ішкі саясат бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жетісу идеологтар  III слеті, «Қоғамдық саяси ахуалды тұрақтандыру»  атты семинар өткізілді.

Аудандық және қалалық ішкі саясат бөлімдері жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлер үшін ішкі саясат саласындағы қызметіне әдістемелік қолдау көрсету,  жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ай сайын оқыту семинарлар өткізіліп, оларға практикалық ұсыныстар берілді.

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнін, Наурыз мейрамдарды мерекелеуге  арналған облыстық  жоспарлар  әзірленіп, оған сәйкес  жұмыстар  атқарылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығын,   Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын, Қазақстан Республикасының Астана күнін, Отан қорғаушы күнін және Ұлы Отан соғысындағыЖеңіс күнін,Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы 80 жылдығы, мерекелеуге арналған іс-шараларұйымдастыру және өткізу бойынша республикалық іс-шаралар жоспарларына  сәйкес  а.ж 16 наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы төтенше жағдай және карантиндік шектеу шараларына байланысты облыс көлемінде жоспарланған іс-шаралар онлайн форматтарда өткізілуде. Әлеуметтік желілерде онлайн құттықтаулар, концерттер, челлендж, тренинг пен вебинарлар т.б шаралар  ұйымдастырылды.

«Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеуге  байланысты  селекторлық кеңеске материалдар дайындалды.

Басқарма бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен мәселелер жөнінде облыс әкімінің хаттамалық тапсырмалары орындалып,  әр аптаның соңына жинақталып, ақпарат берілуде.

Басқарма бойынша іс қағаздарын жүргізу құжаттары мен жоғары тұрған органдардың тапсырмалары бақылауға алынып,  хат  алмасу бойынша 3000 жуық құжат  тіркеліп,  толық орындалуы қамтамасыз етілді.

Облыстың аудан, қалаларында өткізілген барлық шаралар тұрғындардың басым көпшілігіне оң ықпал етіп, жалпы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғарылатуға өз септігін тигізуде.

  Ішкі  саясат саласындағы талдау және мониторинг

жұмыстары  туралы

 

Әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және оны тереңдеп талдау арқылы стратегиялық шешімдер қабылдауды қолдау мақсатында  «Талдау және болжау» орталығы жұмыс істейді.

«Талдау және болжау» орталығы дағдарыстық не болмаса төтенше жағдайларды басқару, күнделікті жедел сараптау, Алматы облысының әлеуметтік-саяси жағдайын және әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және болжау, социологиялық және интернет сауалнама жүргізу, фокус-топтық пікірталас ұйымдастыру, жасырын процестерді анықтау бойынша сараптамалық талқылаулар, әлеуметтік және саяси шиеленістер тудыратын себептер мен факторларды  қабылдау сынды шешімдерді жүзеге асырады.

Жоғарыда келтірілген кезеңдер бойынша «Талдау және болжау» орталығы 26 тақырыпта әлеуметтік зерттеулердің сұрақтарын әзірлеп, іріктеу жиынтығы бойынша 6392 респондентті қамтыған сандық, онлайн, телефондық сауалнамалар және тереңдетілген сұхбат жұмыстарына есеп дайындады.

Шілде айында «Алматы облысының қоғамдық-саяси ахуалына мониторнг (1 тоқсан)» тақырыбында кітап баспадан шығарылды.

Жылдық жоспарға сәйкес және елімізде орнаған төтенше жағдайға, карантидік шараларға байланысты келесі тақырыптар қамтылды:

  1. «Қыстың көзі қырауда» жыл мезгілдерінің адамдардың көңіл-күйіне ықпалы (онлайн-сауалнама);
  2. «Облыс тұрғындарының қауіп-қатерлері мен алаңдаушылықтары» (әлеуметтік-экономикалық және саяси) (онлайн және телефондық сауалнама);
  3. Алматы облысының қоғамдық-саяси ахуалы (1 тоқсан) (сандық зерттеу);
  4. Талдықорған қаласындағы қоғамдық көліктердің қызмет сапасы (онлайн және телефондық сауалнама);
  5. Әлеуметтік әділеттілік. Әлеуметтік әділеттілік деп нені түсінеміз? (онлайн және телефондық сауалнама);
  6. Облыс тұрғындарының арасында атаулы әлеуметтік көмек алатындарға қатысты мониторинг (тереңдетілген сұхбат);
  7. Халықаралық әйелдер күні: нәзік жандылар ерлерден қандай сыйлық күтеді? (онлайн-сауалнама);
  8. COVID-19 індетінің таралу қаупін азайту мақсатында Қытаймен шекараның жабылуына байланысты, Ұйғыр және Панфилов аудандарындағы ахуалды анықтау (сандық зерттеу);
  9. Бүгінгі күннің батыл мамандары (Герои нашего времени) (онлайн-сауалнама);
  10. Жетісулықтардың салт-дәстүрлерге деген көзқарасы (онлайн-сауалнама);
  11. COVID-19 індетінің таралуы жөнінде жетісулықтардың көзқарасы (онлайн сауалнама);
  12. Төтенше жағдай кезіндегі заң талаптары (онлайн-сауалнама);
  13. Төтенше жағдай кезінде табысын жоғалтқан азаматтарға төленетін (42 500) жәрдемақы (онлайн және телефондық сауалнама);
  14. Білім алу үшін кез-келген әдіс тиімді (онлайн және телефондық сауалнама);
  15. Алматы облысы фермерлерінің төтенше жағдай кезінде туындаған мәселелерін анықтау (телефондық сауалнама);
  16. 9 мамыр жеңіс күніне 75 жыл (онлайн-сауалнама);
  17. Коронавирус жағдайында вируспен күресу шаралары туралы және бақыт индексі.
  18. Цифровизация (онлайн-сауалнама)
  19. «Елімізде, қызметіне тыйым салынған партияларды білеміз бе?» (телефондық сауалнама)
  20. Кәзіргі қоғамдағы балалар мәселесі (онлайн-сауалнама)
  21. СOVID-19-ға қарсы вакцинация: күтілетін жағдайлар мен перспективалары
  22. Ұлтаралық қатынастар (онлайн-сауалнама)
  23. Жасөспірімдердің еңбекке тартылуы: тұрғындардың қолдауы мен қарсылығы (онлайн-сауалнама)
  24. Ұйғыр ауданындағы экономиқалық және саяси ахуал
  25. Жаңа оқу жылына дайындық кезіндегі бір балаға жұмсалатын шығын
  26. Алматы облысының қоғамдық-саяси ахуалы (2 тоқсан) (сандық зерттеу)

Аталған тақырыптарға жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижесінде облыс тұрғындарының басым бөлігінен қалыпты жағдайды байқауға болады. Бұл зерттеулер елімізде және облыс аймағында өзекті болып табылатын мәселелердің алдын алу үшін, болжамды қауіптерді уақытылы ескерту үшін жасалады. Зерттеу нәтижелері тиісті аудан, қала әкімдіктеріне  берілді.

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша оң қоғамдық пікірді қалыптастыру үшін позитивті материалды ілгерілету бойынша жұмыс жалғасуда. Күн сайын позитивті материалдар барлық әлеуметтік желілерде жарияланады.

Есепті кезеңдегі жұмыстың негізгі бағыты келесі тақырыптар:  Мемлекет басшысы; Жолдау; Мемлекеттік Шаралар; Баламалы контент және т.б.

2020 жылдың 10 қыркүйегінен 17 қыркүйегіне дейін барлығы 444 позитивті пост жарияланды. Өнімді тарату 40-тан астам танымал қауымдастықтар мен топтарда (Facebook/Instagram) қолмен жүргізілді. Аудиторияның орташа саны 1 миллион 687 мың пайдаланушыны құрады.Начало формыКонец формы

Әлеуметтік желілерде(Facebook, Instagramm, Vk),, You Tube арнасында, Интернет-ресурстарда Алматы облысына қатысты материалдарды жариялау мәніне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша 2020 жылдың 8 айында барлығы 11696 материал, оның ішінде 4864(41,5%) - теріс сипаттағы материал анықталды.

Әлеуметтік желілер мониторингінің нәтижелері бойынша неғұрлым белсенді топтар, олардың контенті анықталады, сондай-ақ аудиторияның «ақпараттық себептерге» реакциясы зерделенеді.

Алматы облысындағы  ең танымал топтар  «Талдыкорганец» (Instagramm – 190 мың., VKontakte – 130  мың., Facebook – 24 549 жазылущылар), «Kris_p_tdk» (70.7 мың.), Kaskelen.kz (Instagramm – 31.4 мың.), «Kris_p_talgar» (Instagramm – 80 мың.), «Kris_p_issyk» (Instagramm – 16 мың.), «baiserke_news» (Instagramm – 7 мың.), «zhetygen_info» (Instagramm – 12.3 мың.) және т.с.с.

Есепті кезеңде ТКШ саласында(электр энергиясы, су, қоқыс мәселелері және т.б.) ең көп теріс материалдар анықталды – 1961(40,3%). Есепті кезеңдегі ТКШ саласындағы мәселелерінің тізбесі: инфрақұрылымның қанағаттанғысыз жай-күйі; кей жерлерде сумен жабдықтаудың болмауы, сапасы мен берілуі; электрдің жүйелі түрде өшуі; рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері және т. б. Көбінесе басылымдар бір реттік, объективті емес, жеке сипатта болады және т.б.

Коронавирус пандемиясына байланысты карантин жарияланғаннан бері әлеуметтік желілерде коронавирусқа қатысты жағымсыз жарияланымдар пайда бола бастады, есепті кезеңде барлығы - 726(14,9%)анықталды. Автожолдарды блок-бекеттермен жабу кезіндегі жарияланымдар резонансты болды, әсіресе бұл егіс жұмыстары кезінде фермерлердің, шаруа қожалықтарының қозғалысы үшін белгілі бір мәселе туғызды.

Осы мәселе шешілгеннен кейін фермерлер арасындағы жағдай тұрақтанды.

Одан кейін толғандыратын мәселелер автожол, көлік саласындағы мәселелер болып табылады, барлығы – 687(14,1%) анықталды. Халықтың шағымдары үшін: жол белгілерінің, оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелінің болмауы, автомобиль жолдарының қатты жабынының жаппай бұзылуы; қоғамдық көлік сегментінде жүргізуші кадрлардың біліктілігінің төмендігі негіз болды.

Көптеген жағымсыз пікірлер блогерлердің құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың әрекеттері мен әрекетсіздіктеріне қатысты пікірлерінен жинайды (Кайрат Абдрахман, Жан Чингизов, Клара Хасанова, Денис Кушкаханов және т.б.).

Мемлекеттік органдардың басшыларына, түрлі деңгейдегі әкімдерге шағымдар жалғасуда, жыл басынан бері барлығы 346 жарияланым, негізінен жергілікті деңгейде анықталды.

Есепті кезеңде Талдықорған қаласына – 1406(28,9%), Талғар –543(11,1%), Қарасай - 515 (10,5%), Еңбекшіқазақ - 369(7,5%), Іле – 298(6,12%) және т. б. қатысты жарияланымдар анықталды.

Сонымен қатар, мониторингтің әркелкі қамтылуы әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың негізінен халық тығыз орналасқан өңірлердің (Талдықорған) және Алматы маңындағы (Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Іле аудандары, Қапшағай қаласы және т.б.). тұрғындары болып табылатындығына байланысты. Мониторингпен қамтылмаған аудандарда да осындай мәселелер бар.

Халықпен қарым-қатынасты күшейту мақсатында WHAT’S АРP әлеуметтік желісі арқылы ақпаратты жылдам алу үшін белсенді топ қызметі құрылды.

Әлеуметтік шиеленіске жол бермеу үшін аудан, қала әкімдіктерінен әр апта сайын аймақтағы әлеуметтік-саяси жағдай туралы ақпарат жинақталады. 

 

                                         Кадр жұмысы бойынша

 

2020 жылға  облыстық ішкі саясат басқармасының штат санының лимиті 15 адамды құрайды, оның ішінде басқарма басшысы – 1, басқарма басшысының орынбасары – 2, бөлім басшысы – 5, бас маман – 6, жетекші маман – 1.

Басқарманың барлық қызметкерлерінің білімі жоғары, оның ішінде:  педагогика ғылымдарының кандидаты – 1, екі жоғары білімі бар – 5. Қызметкерлердің орта жасы – 40, ерлер – 3, әйелдер – 11. Басқармада 3 жылдан астам істеген қызметкерлер саны – 11 адам.

2020 жылғы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспарына сәйкес, 4-еуі оқу курстарынан өтті.

        

 

         Облыстық ішкі саясат

          басқармасының басшысы                                      Ғ. Сарыбаев

Дата публикации
30 сентября 2020