Алматы облысының ішкі саясат басқармасының 2023 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының тақырыптарын қалыптастыру

Алматы облысының ішкі саясат басқармасының 2023 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының тақырыптарын қалыптастыру

№ 1 хаттама

 

Қонаев қаласы                                                            2023 жыл 24 қаңтар

 

Қатысушылар:

1) Жакупов Ерлан Жұмашұлы – Алматы облысының ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, төраға.

2) Асан Жандар Тұрарұлы – этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы - Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшысы;

3) Джалгаспаева Әсел Мұратқызы – ішкі саясат басқармасының жастар саясаты және азаматтық бастамаларды қолдау бөлімінің басшысы.

 

 

Күн тәртібі:

 

2023 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобалар бойынша Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарының жобалық ұсыныстарын қарау.

 

  1. 2022 жылғы 23 желтоқсанда облыстық ішкі саясат басқармасы Ресми сайтта 2023 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іске асырылатын жобалардың тақырыбын және техникалық сипаттамасын қалыптастыру мақсатында 2023 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыру жариялады.

 

 

ҮЕҰ жобалық ұсыныстарының тізімі

 

№

Жобаның атауы

ҮЕҰ атауы

Комиссия мүшелерінің шешімі

 

Қабылдамау  негіздемесі

1

«Мамания» шығармашылық мектебі қолөнер этноорталығы білім беру әлеуметтік-бастамашылық жобасы

«Алтын адам» Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігі

Жобалық ұсыныс қабылданбады

Басқарманың құзырына сәйкес келмеуі

2

Құқық-қорғау

органдарына жастардың сенім деңгейін арттыру

«Алматы облыстық Ауғанстандағы соғыс ардагерлері ұйымы» ҚБ

Жобалық ұсыныс қабылданбады

жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімі өтіп кетті. (жоба 16 қаңтар күні түсті)

3

«Ауыл өмірін өзің жаса /Продюссируй свою сельскую жизнь / Produce your rural life»

«Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар Қоры» ҚҚ

Жобалық ұсыныс қабылданбады

жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімі өтіп кетті.  (жоба 16 қаңтар күні түсті)

4

«Берекелі әйел» - школа успеха сельских женщин Алматинской области”

«Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қоғамдастықтар Қоры» ҚҚ

Жобалық ұсыныс қабылданбады

жобалық ұсыныстарды қабылдау мерзімі өтіп кетті.  (жоба 16 қаңтар күні түсті)

 

 

Төраға                                                                         Е. Жакупов

 

         Хатшы                                                                         Ұ. Боранбайұлы

 

 

Комиссия мүшелері:

Ж. Асан

А. Джалгаспаева

 

Дата публикации
24 января 2023