Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі отырысының БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ

2022 жылдың 19 желтоқсан күні, сағат 11.00-де   Қонаев қалалық кітапханасының   оқу залында   Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтеді.

Маңызды шараға Алматы облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы, ҚХА мүшелері мен белсенділері, облыстық басқарма басшылары, облыстық этномәдени орталықтардың төрағалары, Ақсақалдар, Аналар кеңестері, кәсіпкерлер және  БАҚ өкілдері қатысады.

Сөз сөйлейтіндер:  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Абилова Роза Михайловна, Алматы облыстық «Элефтерия» гректер қоғамының төрағасы Тифанциди Наталья Алексеевна,  Еңбекшіқазақ аудандық күрд этномәдени бірлестігінің төрағасы Надыров Надо Азизович.  

Кеңес отырысы барысында  Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдарының төрағалары сайланады. Облыстық Ассамблея төрағасының қоғамдық орынбасарына, Ақсақалдар кеңесінің төрағалығына,  Аналар кеңесінің төрағалығына және этносаралық тақырып бойынша Жетекші журналистер мен сарапшылар клубының төрағалығына кандидатуралар ұсынылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің Үндеуі қабылданады.  

Қоғамдық келісім мен этносаралық тұрақтылықты сақтауға қосқан үлесі үшін ҚХА мүшелері марапатталады.

Кеңес «Қайырымдылық керуені» облыстық форумы акциясының  қорытынды кезеңімен жалғасады.

«Қайырымдылық керуені» – еліміздің өркендеп, өсуі жолында азаматтарды өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған  белсенді әлеуметтік, қайырымдылық және ерікті іс-шараларға ынталандырып, тұрғындардың бойына туған өлкенің, елдің, халықтың тағдырына деген жауапкершілік сезімін нығайтуда.

Биыл меценаттардың қолдауымен облысымызда 200 миллион теңгеден аса 13 әлеуметтік маңызы бар қайырымдылық жобасы жүзеге асырылды.

Облыс көлемінде қиындыққа тап болған көмекке зәру  жандарға қол ұшын беріп жүрген  жүректері мейірімге толы  жомарт азаматтарды облыс әкімі  Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев марапаттайды.

Дата публикации
18 декабря 2022