Алматы облысының ішкі саясат басқармасының 2022 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Алматы облысының ішкі саясат басқармасының 2022 жылдың қорытындысы бойынша  атқарылған жұмыстары туралы

АҚПАРАТ

 

Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы

 

Алматы облысының жергілікті билік органдары тұрақты негізде қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізіп, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтай отырып, оларды оқшаулау бойынша уақтылы шаралар жүргізеді.

Әлеуметтік шиеленіс ошақтарының облыстық картасы жасалып, оған 1002 өзекті мәселелер енгізілді, 35 мәселе әлеуметтік шиеленістің тақырыбы ретінде нақтыланды, олар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері әлеуметтік желілерде 2750 жағымсыз жарияланым анықталды (ТКШ – 870, автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігі – 559, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және экология тақырыбы – 190, жергілікті билік органдарының әрекеттеріне шағымдар – 565, тікелей өтініштер – 81 және басқалар-485).

Облыс аумағында орналасқан 37 ірі және 120-дан астам орта кәсіпорындарға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

Рұқсат етілмеген митингілердің, шерулердің алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар облыс тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

2022 жылы наразылық акцияларын өткізуге 16 өтініш түсті, 12-заңға сәйкес жауап берілді, 4-кері қайтарылды.

Облыс кәсіпорындарында еңбек жанжалдары тіркелген жоқ.

Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің ағымдағы қоғамдық-саяси жағдайға ден қоюға мүмкіндік беретін бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілген.

Алматы облысында мемлекеттік рәміздерді заңнама талаптарына сай қолдануды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Рәміздердің стандарттарға сай болуы, олардың орналасу реттілігін тексеру, дер кезінде жаңарту, ескілерін жойып отыру бекітілген ережелер аясында жүргізіледі.

Биыл Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын атап өту аясында кешенді шаралар өткізілді.

Мемлекеттік Елтаңбамыздың авторы, Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Мәлібекұлының қатысуымен «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік нышаны» атты республикалық конференция өтті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын бір мезгілде орындау, ақпараттық сағаттар, ашық сабақтар, «Мен елімнің патриотымын» атты челлендж т.б.іс-шаралар ұйымдастырылды. 

Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын ақпараттық алаңда айшықтау және тұрғындарды кең көлемді ақпараттандыру мақсатында елді мекендерде 100 билборд орналастырылды және 9 ЛЭД экранда бейнероликтер көрсетілді.

Республикалық және жергілікті телеарналарда 65 сюжет, мерзімді басылымдарда 312 мақала жарияланды, Интернет-ресурстарда 750-ден астам  ақпарат орналастырылды.

Қараша айында Мәдениет және спорт министрілігінің селекторлық кеңесінде ҚР мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөніндегі жұмыс тәжірибесі туралы облыс әкімі М.Е.Сұлтанғазиевтің есебі тыңдалған.

Ішкі саясат басқармасының  талдау жұмысын «Талдау және болжау орталығы» КММ қамтамасыз етеді.

        Тұрғындардың көңіл-күйі мен әлеуметтік әл-ауқатын зерделеу, өңірде болып жатқан жасырын және терең процестерді анықтау мақсатында ішкі саясат басқармасының Талдау және болжау орталығы әлеуметтік сауалнамалар, оның ішінде онлайн форматта, көше сауалнамасы бойынша, телефон және интернет сауалнамасы, тереңдетілген сұхбаттар, фокус-топтар, әлеуметтік және саяси өмірдің әртүрлі аспектілері бойынша сандық зерттеулер жүйелі түрде жүргізеді.

          Есепті кезеңде Талдау және болжау орталығы 3 онлайн-сауалнама және 7 әлеуметтанулық зерттеу жүргізіп, оған 12 770 респондент қатысты.

 

Этносаралық қатынастарды дамыту -  Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы

 

Облыс аумағында 105 этнос өкілдері тұрады. Алматы облысы бойынша 35 этномәдени орталық жұмыс істейді. Олардың 22-і тіркелген, 13-ы тіркелмеген - этномәдени орталықтар жұмыс істейді.

Облыстық этномәдени бірлестіктер - 10. Қалалық этномәдени              ұйымдар - 4. аудандық -21. Оның 7-і этномәдени бірлестіктер, 28-і этномәдени орталықтар.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің негізгі құрылымдарында  этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың клубы, этномәдени орталықтар, «Аналар кеңесі», «Облыстық Қоғамдық келісім кеңесі, ғылыми-сараптамалық топ, Республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабы, «Парасат» тіл жанашырлар клубы, «Өрнек» би ансамблі, «Полония» вокалды тобы,  «Вайнах» шешен-ингуш ән-би ансамблі жұмыс істейді.

Бүгінде Алматы облысы ҚХА-ның қазіргі активі:

60 мың адамға жуық

35 этномәдени бірлестік,

174 Қоғамдық келісім кеңес,

147 аналар кеңесі,

18 медиация алаңы бар

«Қоғамдық келісім» КММ  жыл көлемінде 112 шара ұйымдастырып,  14 800 адам қамтылды.

2022 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында  136 мақала жарияланды, оның ішінде 9 республикалық,  64 – облыстық, 63 - аудандық деңгейде. Телеарналарда 53 сюжет шықты, онын ішінде республикалық - 34, облыстық - 46, оның 34- қазақ тілінде, 19 - орыс тілінде.

Интернет ресурстарда - 142 жарияланым, оның ішінде 33- республикалық, 71 - облыстық және 38 – аудандық деңгейде. Республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясының сайтында - 35, өңірде - 67, әлеуметтік желілерде – Facebook –291 , Instagram парақшасында – 202 жарияланым шықты.

Ақпараттық саясат

 

    2022 жылдың  қорытындысы бойынша  облыста 17  бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, оның ішінде 15 мерзімді баспа басылымдары,  1 интернет БАҚ , 1 радио.                                                                                        Облыс аумағында 630 көрнекі үгіт құралдары орналасқан, оның ішінде билбордтар 588, аспалы қондырғырлар 19, ЛЭД экрандар 11, панно 9, стендтер 3.

        7 қарашада сайлау алдындағы ақпараттық науқан шеңберінде 566 көрнекі үгіт ілінді, теледидарда 620 сюжет, интернет-ресурстарда 435 материал, баспа БАҚ-та 710, әлеуметтік желілерде ақпараттық материалдар 14979, радиода 594, 510087 адамның қатысуымен 4824 кездесу өткізілді.            Облыс әкімінің «Самғау» жүлдесіне жарияланған конкурстың қорытындысы бойынша журналистер арасында 46 үміткер ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үздік журналистік жұмыстардың қорытындысы шығарылды, 8 журналист ақшалай сыйлықтармен марапатталды.                                                                                           29 желтоқсанда облыс әкімі М. Сұлтанғазиевтің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуі өтті.

 

Жастарды тұрақты дамыту және азаматтық бастамаларды қолдау

NEET санатындағы жастармен жұмыс.

Жалпы облыста 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны – 280 017 адамды құрады.

NEET санатындағы жастар саны 7,4%-ды немесе 15-28 жас аралығындағы жастар санынан (232 307 адам) немесе 17 150 адамды құрады,  олар білім беру және еңбек қызметіне тартылмаған.

Облыста NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру бойынша іс-шаралар кешені іске асырылуда.

Осыған сәйкес «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының әдіснамасы негізінде «NEET - жастар «Деректер базасы» ақпараттық жүйесі әзірленіп, нәтижесінде 538 жас тіркелді (әрбір ауылдық округтің, ауылдың үйлерін аулалық аралау нәтижелері бойынша).

Бұл бағыттағы жұмысты жүйелі жүргізу мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығында «Жастардың бастамаларын қолдау және NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу бөлімі» құрылды.

Жыл басынан бері 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 31404 адам қамтылды, оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар 9912 адам (31,6%) (11203 немесе 88,5% қамтылды).

29 жасқа дейінгі жастар қатарынан 6812 адам жұмысқа орналастырылды. Жастар арасынан тұрақты жұмыс орындарына 4471 адам жұмысқа орналастырылды немесе жұмысқа орналасқан жастардың жалпы санының 65,6%.

Қоғамдық жұмыстарға 29 жасқа дейінгі жастар арасынан 1169 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 75 адам, жастар практикасына 902 түлек, ұрпақтар келісім-шартына - 32, бірінші жұмыс орнына – 159, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға-219 адам жіберілді, 382 адам грант алды, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне – 2499 адам жолданды.

Бұл жоба жас мамандардың кәсіби білімдерін жетілдіруге ықпал етеді, ал басты мақсат – тұрақты жұмыс орнын табу.

 «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласында ұсынылады.

Көтерме жәрдемақылар 2009 жылдан бастап беріледі, бір маманға шаққандағы мөлшері-100 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды.

2009-2021 жылдары көтерме жәрдемақы алды

915,5 млн.теңгеге 5426 маман. Алушылардың жалпы санынан 3766 – білім беру, 1354 - Денсаулық сақтау, 73 - мәдениет, 43 - спорт, 34 - Әлеуметтік қамсыздандыру, 151-агроөнеркәсіптік кешен мамандары, 5 - Мемлекеттік қызмет.

Тұрғын үй сатып алуға пайызсыз кредиттер 2010 жылдан бастап 1500 АЕК мөлшерінде беріледі.

2009-2021 жылдары 8,5 млрд. теңгеге 2659 маман несие алды. Алушылардың жалпы санынан 1837-білім беру мамандары, 639-Денсаулық сақтау, 47-Мәдениет, 25-спорт, 18-Әлеуметтік қамсыздандыру, 90-агроөнеркәсіптік кешен, 3 - мемлекеттік қызмет.

2022 жылы республикалық бюджеттен 326 маманға кредит беруге 1,5 млрд. теңге бөлінді.

Жергілікті бюджеттен көтерме жәрдемақы алу үшін 959 маманға 293,7 млн. теңге бөлінді.

2022 жылдың 1 желтоқсанына 193,3 млн. теңге сомасына 631 маман көтерме жәрдемақы алды, 1,5 млрд.теңгеге 319 маман тұрғын үй сатып алу үшін несие алды.

Жалпы, «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген дипломды мамандарды бекіту мәселелерін шешуге оң әсер етеді.

Сонымен қатар, жастармен, әсіресе NEET санатындағы жастармен 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.

Жоспар шеңберінде салалық басқармалармен бірлесіп NEET санатындағы жастармен жүйелі жұмыстың жаңа форматы қалыптастырылды. Атап айтқанда, стратегияға келесі іс-шараларды іске асыру енгізілді:

- NEЕT санатындағы жастар ортасындағы жағдайды зерделеу үшін жұмыс топтарын қалыптастыру;

-Жұмыспен қамтылмаған жастар базасына кірген адамдарды санаттар бойынша жіктеу;

-Жастардың еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстар картасын қалыптастыру жөніндегі мәселені пысықтау;

- Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және NEET санатындағы жастар үшін базарлардағы, сауда орталықтарындағы және т.б. консультативтік орталықтар сияқты іс-шаралар өткізу;

-15-тен 28 жасқа дейінгі NEET жастарының, оның ішінде 2022-2025 жылдардағы түлектердің деректер базасын қалыптастыру;

- Жоғары оқу орындарына түспеген және мерзімді әскери қызметке шақырылмаған 2022-2025 жылдардағы мектеп түлектерінің дерекқорын қалыптастыру;

-Перспективалы және сұранысқа ие мамандықтарға (болашақ кәсіптеріне) шолуды қалыптастыру және оны танымал ету.

2022 жылы «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруға 105 519 993 теңге бөлінді.

«Жасыл ел» қатарында жұмыссыздар, студенттер, маргинал, аз қамтылған отбасы жастары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі жастар еңбек етті.

1000 адам жұмыспен қамтылды.

Жастарды тұрғын-үймен қамтамасыз ету:

Облыста жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Алатау жастары» бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаны іске асыру үшін 2022 жылы 600 млн. теңге бөлінді.

Бағдарламаның негізгі шарттары: 0%-бастапқы жарна, 5% - қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі, кредит мерзімі 19 жылға дейін. 1-30 қараша аралығында құжаттар қабылданды. Барлығы 1374 өтініш түсті.

Бүгінгі таңда конкурстық комиссияның отырысы өткізіліп, кандидаттардың жиналған ұпайлары бойынша жасақталған тізімі Алматы облысының «Отбасы банк» АҚ жолданды.

Жастардың бастамаларын қолдауға арналған гранттар:

Өңірлік деңгейде «Zhas project» жастар корпусын дамытуға арналған гранттық жоба іске асырылуда. Жоба аясында 25 жас жеңімпаз атанып,       1 000 000 теңге көлемінде грант алды.

Бұдан басқа, облыс әкімінің қолдауымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасы іске асырылуда.

 Гранттар Алматы облысының азаматарына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:

«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған;

«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған. Осы мақсатқа 15 млн. теңге бөлінді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Дарынды жастарды қолдау:

Облыста жыл сайын жемісті шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін 10 номинация бойынша дарынды жастарды қолдау мақсатында облыс әкімінің «Заңғар» сыйлығы төмендегідей номинациялар бойынша беріліп, жеңімпаздарға облыс әкімі атынан диплом, мүсінше және ақшалай марапат табысталды.

Өңірдегі волонтерлік қызмет:

Алматы облысында 2020 жылғы 28 ақпаннан еріктілер, белсенді жастар мен студенттердің жобаларын жүзеге асыруға арналған фронт-кеңсе ашылып, жұмыс атқаруда.

Қазіргі таңда облыс бойынша 3598 ерікті тіркелген. Волонтерлік ұйымдар саны –  21, Волонтерлік топтардың саны -56.

Фронт-кеңсе қызметі волонтерлікті дамыту жүріп жатқан бекітілген 7 бағытқа (Білім, Сабақтастық, Саулық, Таза әлем, Асыл мұра, Қамқор, Үміт) сәйкес облыстың әрбір ауданында, қаласында іс-шаралар кешенін өткізуде.

Жобаны жергілікті меценаттар, ЖОО (жоғарғы оқу орны), колледждер, мемлекеттік мекемелер, қайырымдылық қорлары, автоволонтерлер және еріктілер ұйымдары қолдады.

Облыс волонтерлері жыл басынан 3000-нан астам акциялар ұйымдастырды.

Волонтерлік қызметті ілгерілету, насихаттау мақсатында барлығы 2448 жарияланым әлеуметтік желілерде жарияланып, арнайы 127 бейнеролик түсірілді.

Сонымен қатар, 17 бейнеролик «Жетісу» телеарнасында көрсетілді. БАҚ беттерінде 157 мақала,  өңірлік басылымдарда 335 материал жарық көрді.

ҮЕҰ және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы: Облыстық Әділет департаментінен алынған мәліметтерге сәйкес Алматы облысында 373 үкіметтік емес ұйым (253 Қоғамдық бірлестік, 120 Қоғамдық қор) тіркелген және қызмет атқарады.

Өңірдегі ҮЕҰ қызметінің негізгі бағыттары: халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, азаматтардың денсаулығын қорғау, гендерлік саясат, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту және т.б.

Бүгінгі күні облыстағы ҮЕҰ-ны дамыту мен олардың өзара іс-қимылының негізгі тетігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады.

2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 199,1 млн. теңгеге облыстық деңгейде 18 жоба, қала және аудандық деңгейде 39 жоба жүзеге асырылды.

2022 жылы облыстық ішкі саясат басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 61 млн. 95 мың теңгеге 8 жоба жүзеге асырды:

  1. Алматы облысының ҮЕҰ Консалтинг орталығының қызметін ұйымдастыру;
  2. Азаматтық қоғамның қоғамдық-саяси іс-шараларға қатысуын жандандыру жөніндегі шаралар кешенін ұйымдастыру;
  3. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдармен жұмыс жөніндегі орталықты ұйымдастыру;
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;
  5. Алматы облысының жастары арасында «SALAMATTY URPAQ» репродуктивті денсаулығын сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету жөніндегі орталықтың қызметін ұйымдастыру;
  6. Ауғанстандағы соғыс ардагерлерін тарта отырып, өскелең ұрпақпен әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастыру;
  7. Жас саясаткерлер мектебінің қызметін ұйымдастыру;
  8. Алматы облысының тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті нығайту.

Облыста отбасыларды қолдау мақсатында жыл сайын өткізілетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына 2022 жылы облысымыздың Қонаев қаласы мен аудандарынан 19 отбасы қатысты. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу жөніндегі облыстық комиссия мүшелері бағалау парағына сәйкес жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.

Конкурс жеңімпаздары мен қатысушыларға ынталандыру сыйлығына жалпы 2 400 000 теңге бөлінді.

 

                              Ұйымдастыру жұмысы

 

Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар  жоспарланып, іске асырылды.

      Өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, жүйеге келтіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

       Осы бағытта Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары әзірленіп, бекітілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына  «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ»  атты  Жолдауын халық арасында түсіндіру бойынша «оқиғалар қатары» қалыптастырылып, оның іске асырылуы  қамтамасыз етілді.

      «Елорда күні», «Ұлттық домбыра күні», «Астана-Бәйтерек» монументінің ашылғанына 20 жыл», «Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайына 30 жыл», Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні, Халықаралық отбасы күні, Қазақстан Республикасының Рәміздер күні, ҚР Конституция күнін, Республика күнін, ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарлары  әзірленіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне өткізілген шаралар бойынша ақпараттар ұсынылды.

      Социалистік Еңбек Ері,  көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқарұлы Асқаровтың 100  жылдық мерейтойына арналған шаралар Ұйғыр ауданында өткізіліп, кеңінен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

       Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне маңызды қоғамдық-саяси, мәдени іс-шаралар жоспары апта сайын жолдануда.  

      Күнделікті жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, «e-Otinish» ақпараттық жүйесінің жұмысын  іске асыру, жыл басынан 216 өтініш келіп түсіп,  уақытында жауаптары берілуде.

       Басқармада құжат айналымы бойынша барлығы 2510 кіріс құжат, 1186 шығыс құжат.  Басқарманың ресми сайтына атқарылған жұмыстар бойынша ақпараттар тұрақты түрде орналастырылуда.

 «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру бағытында

жүргізілген жұмыстар

 

«Қоғамдық даму орталығы» КММ Алматы облысында «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

2022 жыл бойынша өңірде «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыруға бағытталған 2882 іс-шаралар мен жобалар ұйымдастырылды.

 «Туған жер» арнайы жобасы аясында 40 мыңнан астам адамның қатысуымен 350-ге жуық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Жамбыл ауданы Сураншы ауылында демеушілер тарапынан ауыл тұрғындарына арналған саябақ ашылды. Саябақтың ішінде өрнек тастар, көпшілік демалатын, отыратын орындықтар мен балаларға арналған ойын алаңы орнатылып, салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

Алматы облысы «Қоғамдық даму орталығы» КММ-нің қызметкерлері                        9 мамыр – Жеңіс күніне орай қала тұрғындарына ардагерлерге тағзым етуге үндейтін «Жеңіс лентасын» таратты.

Сондай-ақ орталықтың ұйымдастыруымен Қонаев қаласында Коституция күніне орай республикалық «IQ DODA» зияткерлік ойыны өткізілді. Ойынға Түркістан, Абай, Жетісу, Ақмола, Павлодар облыстарынан және Алматы, Астана қалаларынан 20 дан астам команда қатысып бақ сынады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында желтоқсан айында Қонаев қаласының әкімдігі және Қоғамдық даму орталығымен бірлесіп, шығармашылық сала және урбанизация өкілдерімен кездесу өтті.

 «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында 147 мыңға жуық адамның қатысуымен 366-дан астам іс-шара ұйымдастырылды.

Аудан, қала әкімдіктерімен А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Ахмет мұрасы – алтын қазына» атты конференция,  Ж.Жабаевтың                          176 жылдығына орай «Жыр алыбы-Жамбыл» атты республикалық айтыс, Д.Қонаевтың 110 жылдығына орай «Замана заңғарлары» атты конференция, М.Мақатаевтың 91 жылдығына орай оқырмандар арасында «Мұқағали -мәңгілік ғұмыр» атты поэзия кеші, Қабанбай батырдың 330 жылдық мерейтойына орай «Қабанбай батыр бейнесі» атты жылжымалы кітап көрмесі өткізілді.

  «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында

26 мыңнан астам адамның қатысуымен 87- ге жуық іс-шара ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы,            «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен ұлттық спортты дамыту, федерация басшыларының идеяларын біріктіру мақсатында «Ұлттық этноспорт түрлері» бойынша семинар өтті.        

Шара барысында Алматы облысы мен Қырғыз Республикасының Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басқармалары арасында мемлекеттің ұлттық спорт саласындағы саясатын жүзеге асыру және екі жаққа тиімді ынтымақтастықты орнатуға бағытталған меморандумға қол қойылды.

 «Архив-2025» арнайы жобасы аясында 25 мыңнан астам адамның қатысуымен 78-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды.

Атап айтсақ, Қоғамдық даму орталығы «Шерлі тарих» жобасы аясында Алматы облысының 19-20 ғасырлардағы тарихын зерттеу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тарих ғылымдарының докторлары мен ғалымдардың қатысуымен Республикалық конференция өткізді.

 «Алматы облысының облыстық мұрағаты» КММ «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі мұрағат базасында тақырыптық көрмелер мен кездесулер өткізді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарының мұражайында қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесулер, сондай-ақ Талғар және Іле аудандарының мектеп оқушыларына экскурсиялар ұйымдастырылды.

 «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында Алматы облысы бойынша 732 ауылдық елді мекен бар, оның ішінде 457 (151 тірек, 306 спутниктік) даму әлеуеті жоғары, халық саны 1,5 млн.адам (жалпы санға шаққанда 91%). Ағымдағы жылы 36 ауылдық елді мекенде (19 тірек, 15 спутниктік,                            2 стратегиялық) сомасы 16,2 млрд.теңгеге (ҰҚ – 10,3 млрд. теңге, РБ – 5,9 млрд. теңге) 41 жобаны іске асыру жоспарланған.

«Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында 52 мыңға жуық адамның қатысуымен 262-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.

 «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен жас домбырашылардың орындаушылық шеберлігін дамыту, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында өткізілген күйшілер сайысына Алматы қаласынан және Жетісу, Алматы, Абай, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан 20 үміткер қатысты.

Сонымен қатар, облыс орталығы Қонаев қаласының орталық саябағында асық ату үшін арнайы ойын алаңының ашылуы өтті. Ашылған ойын алаңында Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, «Қоғамдық даму орталығы» КММ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және ұлттық спорт түрлерімен бірлесіп оқушылар арасында «Алтын сақа» қалалық турнирін ұйымдастырды.

 «Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында 37 мыңға жуық адамның қатысуымен 253-тен астам іс-шара ұйымдастырылды.

Жыл басынан облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінде және аудан, қалалық басылымдарда 4428 тематикалық мақала жарық көріп, ірі республикалық және облыстық интернет-БАҚ-та 111 материал жарияланса, облыстық «Жетісу» телеарнасында 55-ден астам бейнесюжет көрсетілді.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде, облыстық, аудан және қалалық сайттарда, интернет-ресурстарда 3404 ақпарат жарияланып, оқырмандардың қызығушылығын арттырды.

«Nur.kz», «Abai.kz», «Tinfo.kz», «Baribar.kz», «Zakon.kz», «Tengrinews», «Kazakhuny.kz» интернет-порталдарында және «Facebook», «Instagram», «ВКонтакте» әлеуметтік желілеріндегі «Талдыкорганец» және «Талды-Париж» пабликтерінде жарияланған мақалаларға желі пайдаланушылар оң пікірлерін қалдырған.

«Қоғамдық даму орталығы» КММ әлеуметтік желілерінде – Instagram (5702 оқырман), ВКонтакте (6380 оқырман) және Facebook (891 оқырман) ақпараттар бейнехостингтегі Youtube арнасында үнемі жаңартылып отырады.

 

Дата публикации
19 января 2023