Алматы облысы логотипінің нобайын әзірлеу үшін өткізілетін конкурстың ЕРЕЖЕСІ

Алматы облысы логотипінің нобайын

әзірлеу үшін өткізілетін конкурстың

ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы ереже Алматы облысының логотипін жасауға арналған конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) өт­кізу тәртібін айқындайды, конкурстың мақсаттары мен міндеттерін, қатысу шарттарын, конкурстық жұмыс­тарға қойылатын талаптарды, бағалау критерийлерін, конкурсты өткізу тәртібін белгілейді және конкурс іс- шаралары аяқталғанға дейін осы ереже күшінде болады.

1.2. Бұл байқау облыстың тарихи қалыптасуын, дамуын, табиғи ерекшеліктерін мейлінше мәнерлі, мазмұнды және қысқа бейнелейтін Алматы облысының заманауи, ерекше, оңай танылатын логотипін жасау мақсатында өткізіліп отыр.

  1. Конкурстың шарттары

2.1. Байқау 2023 жылдың 7 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтеді.

2.2. Өтінімдерді 2023 жылдың 6 ақпан күні сағат 23.59-дан кешіктірмей жіберу керек. Кейінірек ұсы­нылған конкурстық жұмыстар байқауға жіберілмейді.

  1. Конкурсқа қатысу шарттары

3.1. Байқауға жеке жобалар да, ұжымдық жобалар да қабылданады.

3.2. Қатысушылар байқауға бірнеше жұмысын ұсына алады.

3.3. Ұсынылған материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды.

3.4. Материалдар электронды түрде jpg, png піші­мінде (дюйміне 300 dpi) түсіндірме жазбамен (мәтін, логотиптің жалпы идеясы мен реквизиттерін сипаттай­тын 300 таңбадан аспайтын) ұсынылады.

3.5. Байқауға қатысу үшін жұмыстардың авторы немесе авторлары өтінім мен конкурс материалын a7fazylova@gmail.com электрондық мекенжайына жібереді.

3.6. Байқауға қатысу арқылы туындылардың автор­лары/авторы Конкурста ұсынылған логотип жеңіп алған жағдайда оны пайдалану құқығын Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарына беруге келіседі.

  1. Көркемдік-эстетикалық талаптар:

4.1. Байқау жұмысының элементтері Алматы облы­сының мәдени, географиялық, тарихи ерекшеліктерін көрсетуі тиіс, логотипте басқа да танылатын белгілі элементтер болуы мүмкін.

4.2. Логотип көркемдік-эстетикалық талаптарға сай келетін бейнеде жасалуы керек.

4.3. Негізгі графикалық элементтері бәріне бірдей жақсы қабылдануы тиіс және пайдалануға арналған кез келген масштабта қайта шығарылған кезде өз құнды­лығын жоғалтпауы керек.

4.4. Логотиптің негізгі графикалық элементтері кез келген тасымалдаушыға (қағаз және картон, пластик, шыны және басқалар) және кез келген қолдану әдісімен көшіруге жарамды болуы керек.

  1. Логотип эскиздерін бағалау критерийлері

5.1. Осы Ережеде белгіленген талаптарды сақтау.

5.2. Өлкенің тарихи-мәдени және географиялық ерекшеліктерінің көрінісі.

5.3. Көркемдік деңгейі жоғары.

5.4. Түпнұсқа дизайн.

5.5. Түстердің үйлесімділігі.

  1. Жеңімпазды анықтау тәртібі

6.1. Жеңімпазды Алматы облысының әкімі бекітетін конкурстық комиссия анықтайды.

6.2. Осы Ереженің талаптарына сәйкес келіп түскен материалдарды конкурс комиссиясының мүшелері қарайды.

6.3. Жұмыс тобының шешімі хаттамамен рәсім­деледі.

6.4. Жұмысты бағалау үшін балдық жүйе қолда­нылады. Ұпайлар тең бөлінген жағдайда дауыс беру құқығы төрағаға тиесілі.

6.5. Конкурс комиссиясы бекіткен нәтиже түпкі­лікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды. Комиссия өз шешіміне түсініктеме бермеуге құқылы.

  1. Қорытынды

7.1. Комиссия таңдаған логотиптің жобалық эскиз­дері облыстық Қоғамдық кеңес пен Қазақстан Респуб­ликасы Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Геральдикалық зерттеу орталығымен келісіледі.

7.2. Облыс логотипінің эскизі облыс мәслихатының шешімімен бекітіледі.

7.3. Облыстың логотипін жасау жұмыстарының қо­рытындысы Алматы облысы әкімдігінің сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Байқау қорытындысы бойынша таңдалған ең үздік логотип Алматы облысының ресми рәмізі болады.

7.4. Байқау жеңімпазы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өтінім үлгісі № 1

 

Алматы облысының логотипін әзірлеу

конкурсына қатысу

ӨТІНІШІ

 

Жобаның қысқаша аннотациясы (сипаттамасы) (ұсынылатын құжаттар):

____________________________________________

Толық аты-жөні. Жобаның авторы (байқауға қа­тысушы):

____________________________________________

Туған жылы, айы, күні:______________

Жұмыс орны, лауазымы, қызмет саласы:

__________________________________

Ұялы телефоны:_____________________________

Мен байқау шарттарын оқыдым, келісемін ____ (қолы)

Үздік эскиздерді таңдау кезінде өзім әзірлеген эскиздің элементтерін пайдалануға келісім беремін. Геральдикалық зерттеулер орталығының нәтижелері бойынша түзетулер енгізуге және Конкурста жеңіске жеткен жағдайда Алматы облысының әкімдігіне және жалпы жұртшылыққа әзірленген логотипті пайдалану құқығын беруге келісемін ________________________ (қолы)

 

Қолы:______________________

 

Өтінішті толтыру күні _______________

Дата публикации
06 января 2023