Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі - Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы
12 айлық қорытындысына байланысты «Қоғамдық келісім» КММ 112 шара ұйымдастырып, 14 800 адам қамтылды.
16 ақпанда Талдықорған қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Б.Керімбек өңірдің ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесті. Кездесудің мақсаты – «Қоғамдық келісім» КММ-нің Қоғамдық келісім кеңестерінің, аналар кеңестерінің және этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен одан әрі бірлескен қызметінің сапасын жақсарту.
21 ақпанда Талдықорған жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» жобасының аясында студенттермен кездесу өткізілді. Мақсаты: Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беру және қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу. Талдықорған жоғары медициналық колледжінің жанынан «Жас медиатор» клубын құру шешімі қолға алынды.
1 наурызда, сағат 11.00 Қаратал ауданы, Бастөбе ауылы, Бастөбе жотасында «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанында Алғыс айту күніне орай «Үлкен ел – Үлкен отбасы!» жобасы аясында «Алғыс айтамын сізге» атты салтанатты митинг өткізілді. Шараға Қаратал ауданының әкімі Е.Исабеков, әкім орынбасары А.Башбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Керімбек, этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысып, ескерткішке салтанатты түрде гүл себеттері қойылды.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар өкілдерімен форум өтті. Шарада ҚХА-ның барлық құрылымдарының белсенді әйелдерін алғыс хаттар мен марапаттау рәсімімен және концерттік бардарламамен жалғасын тапты. Қазақ мәдениеті, салт-дәстүрі орталығы» 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы асыл жандар» облыстық форумын өткізді. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Аналар кеңесі мен Алматы облысының Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері қатысты.
14 наурыз - «Көрісу күніне» орай үлкендерден бата алу дәстүрі бойынша облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының ұйымдастыруымен ҚХА мүшесі және Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Жақияновтың шаңырағында кездесу өткізілді. Жастарға 61 жыл еңбек жолында, оның ішінде 53 жыл мемлекеттік қызметте, Оралбек аға туған өлкенің дамуына үлкен үлесі және өнегелі өмір жолы туралы кітаптар, тарихи деректер, фото құжаттар таныстырылды.
Әр этнос өкілдерінің киімін киген «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері әлеуметтік желілерге тағылымды шара туралы бейнеролик орналастырды.
15 наурыз күні Тіл сарайында облыстық Ассамблея құрылымдарындағы этнос өкілдері мен тіл сарайындағы қазақ тілінің қарапайым деңгейі бойынша білім алып жатқан азаматтардың және мектеп оқушыларының қатысуымен Наурыз мерекесінің қарсаңында «Қош келдің әз, Наурыз!» тақырыбында диктант этнос өкілдерін түркі халықтарының ұлттық мерекесімен құттықтау, наурыз туралы кеңінен мәлімет беру, мемлекеттік тілге деген құрмет қалыптастыру, сауаттылықтарын тексеру мақсатында жазылды. Мәтіні 103 сөзден құралған, мәтіннің стилистикасы, пунктуациясы туралы түсінік берілді. Диктант жазуға «Қоғамдық келісім» КММ - 5 қызметкер, 3 мектеп оқушысы азербайжан, 1 оқушы қытай орталығынан, Тіл сарайынан 6 тыңдаушы қатысты. «Жетісу» телеканалының қызметкерлері этнос өкілдерінің жұмыс барысын бейнетаспаға түсірді. Шараға жалпы 14 адам қатысты.
16 наурызда Текелі қаласының «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Қош келдің Әз, Наурыз!» оның аясында зейнеткерлер мен қарттарға арналған қайырымдылық концерті өткізілді. Іс-шараны «Ассамблея жастары» республикалық ҚБ Алматы облыстық филиалының мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ қазақ мәдениеті мен дәстүрлері орталығының төрағасы С.Шыныбаев ұйымдастырды. Шараға 60 адам қатысты.
18 наурызда Достық үйінде облыстық Ассамблея құрылымдары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Н.Баймадиева, медиация кабинетінің жетекшісі Б.Чингаева, облыстық орыс орталығының төрағасы Л.Котельникова баяндама жасады. Республикамызда Жетісу, Абай, Ұлытау облыстарының, оның ішінде Қапшағай қаласын қазақтың біртуар перзенті, ұзақ жылдар бойы елімізді асқан шеберлікпен басқарған Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың атымен аталуын елдің талқысына қалдырғаны халықтың қолдауына ие болды.
19 наурызда Достық үйінде «Өрнек», корей этномәдени орталығының «Ачимноуль», татар этномәдени орталығының «Туган тель» би ансамбльдерінің қатысуымен «Наурыз берекем – Наурыз мерекем!» флеш-моб ұйымдастырылды. Флеш-мобқа қазақтың ұлттық киімінде 50 адам қатысты.
21 наурызда Мемлекеттік Ту тұғырының алаңында облыстық Ассамблея жанындағы этномәдени орталықтар 10 шатыр тігіп, қолөнер бұйымдарынан және ұлттық тағамдардан көрме ұйымдастырды. «Қоғамдық келісім» мекемесі жұртшылыққа 70 литр Наурыз көже үлестірді. Достық үйінің «Өрнек», «Горец» би ансамбльдері мен көркем өнерпаздары мерекелік концерт көрсетті.
24 наурызда «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында белсенді жастармен мотивациялық кездесу ҚХА мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Джумурбаев, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі, «AsarUme» ҚҚ негізін қалаушы А.Нұрмашев, ҚХА мүшесі, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Р.Кайрыев, ҚХА мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ Алматы облыстық филиалының төрағасы Р.Усанова, Ұйғыр, Панфилов, Кеген аудандарынан 50 адам қатысты.
23 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақстандық этностардың алуан түрлілігін рухани-мәдени дәріптеу» жобасы аясында облыстық орыс орталығының «Қазақстан этностарының халықтық дәстүрлері» облыстық форумы, «Полония» Талдықорған аймақтық поляк мәдени-ағарту қоғамының 25 жылдығына арналған «Достық шаңырағының астында" облыстық форумдары өз дәрежесінде өтті.
25 сәуірде облыстық «Күміс тамыр» қытай этномәдени орталығының Қазақстанның халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдығына арналған «Қазақтың бұлбұлы» шығармашылық кеші, Қонаев қаласында өткен орыс, славян, казак қауымдастығының Алматы облыстық филиалының Мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың 110 жылдығына арналған «Өткенге тағзым» облыстық форумы, Алматы облыстық болгар мәдени орталығының Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жылуына арналған «Мухтар Әуезов - қазақ әдебиетінің тарланы» облыстық форумдары жастардың бойына қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында өтті.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Ассамблея құрылымдарының қатысуымен «Жастар» саябағында 2000 адамды қамтыған «Достық» фестивалі өтті. Әр этномәдени орталықтардың мәдениетін, дәстүрлерін дәріптейтін қолөнер бұйымдарынан, ұлттық тағамдарынан көрме ұйымдастырылып, көпшілікке ұсынылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Парасат» тіл жанашырлар клубы мүшелері «Қазақстан – достық мекені» тақырыбында челлендж ұйымдастырып, этнос жастары мемлекеттік тілде бірлік, достық, Тәуелсіздік туралы өлеңдерін әлеуметтік желі арқылы таратты.
Тілдерді оқыту орталығы «Ситуативті қазақ тілі» клубы мүшелерімен «Достық – ұлы байлық!» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, «Парасат» тіл жанашырлар клубы мүшелерінің қатысуымен Достық үйіне экскурсия ұйымдастырылып, ғимаратта орналасқан этномәдени орталықтардың дәстүрі, мәдениетімен танысты.
5 мамырда Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында «Ұлы дала аналары» атты байқауөтті. Байқауғаоблысымыздың 20 аудан, қаласының Аналар кеңесі өз жұмыстарымен таныстырумен қатар, аудандарында еңбегі сіңген Ел аналары туралы бейнероликтер мен слайдтар дайындады. Шараға 200 адам қатысты.
9 мамыр - Ұлы Жеңіс мерекесіне арналған «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» форумында 40 Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
18 мамыр күні Талдықорған қаласында «Рухтың күші – әкеде» облыстық әкелер форумы өтті. Мақсаты: Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу; үлкендерді сыйлауға, әкені пір тұтуға, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу. Көп балалы, қоғамда белсенді әкелерді жігерлендіру.
Шараға отбасында беделді, үлгілі, көп балалы 25 әке «Қоғамдық келісім» КММ-нің «Асыл әке» төсбелгісімен марапатталды.Төсбелгіні әр ауданның Аналар кеңесінің төрағалары табыстады.
Форум соңында жастарға беретін тәлім-тәрбиелік мәні зор Л.Егембердиеваның «Менің әкем» қойылымы көпшіліктің қошеметіне ие болды.
30 мамыр күні ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына орай бір қатар кешенді ауқымды шаралар өтті. «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің нышаны!» акциясы аясында этномәдени орталықтардың төрағалары мен белсенділері, «Ассамблея жастар», «Парасат» тіл жанашырлары клубының мүшелері Алматы қаласында орналасқан мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың мұражайымен танысып, «Медеу» биік таулы спорт комплексінде мемлекеттік Туымызды желбіретіп, Гимнімізді орындады. Қапшағай жағалауын қоқыстардан тазалап, экологиялық акция ұйымдастырды.
31 мамыр күні Талғар ауданы, Жаңалық ауылында «Ассамблея жастары» РҚБ облыстық филиалы, ҚХА жанындағы Парасат клубы мүшелерінің қатысуымен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Өткенге тағзым» акциясы өтті. Жастар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейде мұражай экспозициясымен танысты. «Жетісудағы тәркілеу – Қастек көтерілісі. 1928 жыл», «Жетісу өлкесіндегі империялық-полицейлік қадағалаудың тарихы», «Жетісудағы аштық» кітаптарының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар Жаңалық ауылында Мешіттің ашылуында болды.
Мамыр айында Еңбекшіқазақ ауданында «Қоғамдық келісім» РММ директоры Құсманғали Ғалымжан Мұратұлының қатысуымен «Дағдарыс пен жанжал жағдайларына әрекет ету алгоритмі» тақырыбында республикалық семинар – тренинг және Талдықорған, Текелі қаларында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшыларына арналған «Этносаралық саладағы заманауи үрдістер: әлеуметтанулық өлшемдер» атты республикалық әдістемелік семинар өз деңгейінде өтті.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, мүмкіндігі шектеулі балалардың арасында «Талаптыға нұр жауар» фестивалінде өнерлі балалар ән-би орындап, қолдарымен жасаған бұйымдардан көрме ұсынды.
2 маусымда облыстық орыс орталығының Іле ауданында өткен «Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері -халықтың рухани бағдары» облыстық форумы, 3 маусымда облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының «Мемлекеттік Рәміздер -Тәуелсіздік тірегі» облыстық форумы, облыстық «Элефтерия» грек ЭМБ нің "Біз қазақстандықтармыз!" форумы ҚР Рәміздерінің 30 жылдығына арналды.
8 - 9 маусымда облыстық орыс орталығы Текелі қалалық филиалы «Достық көпірі: «DosCamp.kz» халықаралық онлайн лагерін ұйымдастырды. Қатысушылар Қазақстан, Ресей және Өзбекстан музейлеріне саяхат жасап, шығармашылық шеберлік сыныптарға, танымдық викториналарға қатысты. Белсенді қатысқандар «Қоғамдық келісім» КММ- нің Дипломы және естелік сыйлықпен марапатталды. Онлайн лагерь биыл үшінші жыл ұйымдастырылды.
9 маусымда Кербұлақ ауданында тәжірибе алмасу бойынша «Ел анасы» ауыл әйелдері аналар кеңесінің отырысы өтті. Шара барысында кәсіптерін дөңгелетіп отырған ауыл әйелдері «Ауыл жәрмеңкесін» ұйымдастырып өздері өнімдерін көпшілікке ұсынды.
11 шілде Жетісу облысының Талдықорған қаласындағы Достық үйінің ғимаратында ҚР Парламент мәжілімінің депутаты, ҚХА мүшесі З.Кузиевтің «Қоғамдық келісім» КММ ұжымымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы аясында күн тәртібінде тұрған мәселелер талқыланды. Олардың арасында әртүрлі этностардың жергілікті өкілдерінің, ҚХА жанындағы Аналар кеңесі өкілдерінің мектеп мәселелері болды. 22 адам қатысқан.
20-22 шілде Қонаев қаласында «Жаңа Қазақстан – тарих, дәстүрлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті.
Аталған шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Б.Байжұманов, ҚР Мәжілісінің депутаты В.Набиев, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Джумурбаев қатысты. Шара барысында жастар Алматы облысының Көлсай, Шарын шатқалы сияқты тарихи көрікті жерлерімен танысып, Алматы қаласында орналасқан мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың мемориалдық мұражайында болды. Барлығы 40 адам қамтылды.
4 тамыз күні Қонаев қаласында Астана қаласы ҚХА Кәсіпкерлер Қауымдастығының президенті Қ.О.Айтбайдың қатысуымен облыстық ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының отырысы өтті. Қатысушылар қауымдастықтың қызметімен танысып, кәсіпкерлік саласындағы өзекті құқықтық мәселелерді және оларды шешудегі қауымдастықтың рөлін талқылады. Белсенді қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды. Барлығы 47 адам қамтылды.
5 тамыз күні Алматы, Жетісу облыстарында Медиация күніне орай «Ашық есік күні» республикалық акциясы өтті. Достық үйінде 1 медиация кабинетінде және аудан, қалаларда орналасқан 69 медиативтік алаңдарда тұрғындарға тегін кеңес берілді. Қабылданған азаматтардың жалпы саны – 359 адам. Консультацияларға қатысқан сарапшылар саны – 71. Өзекті мәселелер картасы жасалып, мынандай мәселелер қаралды: Қандастар мәселесі: жер, тұрғын үй алу, зейнетке шығу, облыстың екіге бөлінуіне байланысты еңбек дауын шешу, қайтарымсыз 1 млн грантты алу, мектеп формасына көмек алу, мектептегі тегін ыстық тамақ, зейнетақы жасын төмендету, медиацияны дамыту. Акция қорытындысы бойынша, Сарқан 4-Медиативтік келісім жасалды.ҚХА медиация кабинеттері мен медиаторларлың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар:ҚХА медиация кабинеттері мен медиаторлардың жұмысын одан әрі жанжандыру; Медиаторларға тегін оқыту семинарлар, тренингтер ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстар айтылды. Шараға 500 адам қамтылды.
26-27 тамыз күндері Қарасай ауданы, Шамалған ауылында «Этносаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталған мәселелерді шешуге тартылған мамандар арасында конфликтологиялық білімді және медиация құзыреттерін қалыптастыру» тақырыбында аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшылары мен мамандары, аудандық, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, Қоғамдық келісім және Аналар кеңестері төрағалары мен мүшелерінің қатысуымен семинар өтті. Шараның мақсаты: Этносаралық конфликттерді реттеуде қолданылатын ресми және бейресми дипломатиялық әдістерді талдау, олардың қолданылу ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін саралау. Семинарда этносаралық медиацияның ерекшеліктері, этносаралық қақтығыстардың алдын алуда ғылыми сарапшылық әлеуетті пайдалану, этносаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталған медиация құзыреттерін қалыптастыру мәселелері қаралды. Барлығы 60 адам қамтылды.
7 қыркүйек күні Алматы облысы Қонаев қаласында облыстық«Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында этнос жастары арасында мемлекеттік тілде «Көркем ой. Көркем сөз. Көркем тіл» облыстық байқауы өтті.Алматы облысының аудан қалаларынан жасы 16-29 арасында 25 үміткер қатысып, іріктеуден өткен 10-қатысушы «Көркем ой» номинациясы бойынша ауызша, берілген сұрақтарға өз ойын көркемдеп, сауатты жеткізу, «Көркем сөз» номинациясы бойынша әдебиет зертеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, білімнің атасы – Ахмет Байтұрсынұлының 1 шығармасын жатқа айту және «Көркем тіл» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасының Рәміздердің 30 жылдығына арналған «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің мақтанышы» тақырыбында эссе жазу бойынша жарысты. Байқау қортындысы бойынша бірінші орынды Іле ауданы, Қараой аулынан Якупова Сатирям диплом және 80 000 тг ақшалай сыйлыққа иеленді. Екінші орынды Еңбекшіқазақ ауылынан Хожимуратова Мадина және Қонаев қаласынан Забродина Валентина диплом және 30 000 тг ден ақшалай сыйлыққа иеленді. Үшінші орынды Талғар ауданынан Меналова Шахсанам және Қарасай ауданынан Колигова Камила диплом және 20 000 тг ден ақшалай сыйлыққа иеленді. Басқа да белсенді қатысушылар облыстық «Қоғамдық келісім» КММ директорының дипломымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Барлығы – 70 адам қамтылды.
13 қыркүйек күні, Алматы облысының Ұйғыр ауданында «Қоғамдық келісім – ел тұрақтылығының кепілі» атты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы аясында облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілгені отырысы өтті.Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы әрбір қазақстандық үшін ерекше маңызға ие. Біздіңбастыжетістігіміз – тәуелсізҚазақстан. Ал Елтаңба, Ту және Гимн – мемлекеттің иегемендігімен біртұтастығынбейнелейтін, оныңажырағысызатрибуттары.Күн тәртібіндк Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында берілген тапсырмалардың орындалуын жүзеге асыру мәселелері қаралды.Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекетіміз бен қоғамымызды жаңғырту, Қазақстан халқының бірлігін нығайту жөніндегі барлық реформаларды іске асыруға ықпал етіп келеді.Іс-шараның қорытындысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділері алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлығы қамтылған 100 адам.
16-25 қыркүйек Алматы, Жетісу облыстарында этносаралық жағдайдың бірыңғай әлеуметтік мониторингін жүргізу.
Аналар кеңесі: Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңестері 147, оның ішінде 1 облыстық, 1 қалалық, 9 аудандық, 136 ауылдық округтерде құрылған, жалпы мүшелерінің саны 923 адамды құрайды.
Облыс көлемінде «Мәдениетті Ана – мәдениетті ұлт» жобасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, «Әйел әлемі», «Ақ отауға – ақ бата», Кеген, Райымбек аудандарында «Қыз тәрбиесі – адамзат тәрбиесі» жобалары отбасындағы, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, жастарға патриоттық тәрбие беру бағытында жұмыс істейді.
Сондай-ақ, Іле ауданында «Қызғалдақ», «Қыз Жібек», «Шаңырақ», «Абайтану» қыздар клубы, Жамбыл, Іле аудандарында әжелер ансамблі жұмысын жалғастыруда.
Барлық деңгейдегі Аналар кеңесі IІІ тоқсанда 39 шара ұйымдастырып, 1470 адам қамтылды.
Оның ішінде: форум – 2, семинар – 1, жиын, отырыстар – 2, дөңгелек үстел – 7, кездесу – 8, акция – 3, байқау – 1 және түрлі форматтағы шаралар - 15.
Жастардың бойында ізгілік пен инабаттылық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында Жамбыл ауданында «Туған елге туыңды тік», Ұйғыр ауданы, Бахар ауылдық округінде «Астана – татулық пен бірліктің ордасы», Іле ауданында ерлер мен әйелдерге тең құқықтар қалыптастыру мақсатында «Қазіргі Қазақстандағы гендерлік саясат» Жамбыл ауданында «Әйел бейнесі - қоғам бейнесі» тақырыбында дөңгелек үстелдері ұйымдастырылды.
Іле ауданында ұлағатты ұстаз Оңалсын Ахметқызының 90-жасқа толуына орай кездесу кеші ұйымдастырылып, құрмет көрсетілді.
«Шаңырақ шаттығы» атты отбасылық акция, «Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі» атты кездесу отбасында ұрпақ тәрбиесіндегі ата-аналар жауапкершілігін арттыру бағытында өтті.
Қарасай ауданында қарт адамдар арасында белсенді өмір сүруді қалыптастру мақсатында «Асыл әжелер» шарасы, Кеген ауданында "Ісіңіз бізге үлгі" атты жас отбасылармен кездесу және ұлттық домбары күніне арналған акцияның шеңберінде Кеген аудандық Аналар кеңесі 1 шілде күні дүниеге келген нәрестелер мен олардың аналарына бата беріп, құттықтады.
1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолауын талқылау бойынша "Жолдау - болашақ бастауы" атты дөңгелек үстел өтті.
«Ахмет Байтұрсынұлының тіл мұрасы» атты дөңгелек үстел, «Ұлт ұстазы – Ахмет» атты фильм желісі бойынша оқырмандармен фанфикшн өткізілді. Фильмнің негізгі идеясын ұстана отырып ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының, оның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының ұлт мұраты жолында жасаған еңбектері насихатталды.
Д.А.Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Дара тұлға» танымдық шарасы, «Өз заманының заңғар ұлы», «Ғасырда бір туатын дара тұлға» тақырыптарында мектеп оқушылары, ауылдық аналардың қатысуымен фотогалерея, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Отбасы күніне орай "Отбасым - бақыт мекенім", «Ұрпақ жақсысы – ұядан» атты үлгілі отбасылармен кездесу, "Мерейлі отбасы - татулық тірегі" атты отбасы тәрбиесі туралы сырласу сағаты өткізілді.
Аналар кеңесі ІІІ тоқсанда «Мектепке жол» акциясы бойынша 15 496 000 теңгеге қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
19 желтоқсан Қонаев қаласында облыс әкімінің қатысуымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары, Аналар, Ақсақалдар кеңестері мен жетекші журналистер клубының төрағалары сайланды. Отырыс барысында облыс көлемінде қайырымдылықпен айналдысып жүрген 10 меценат облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
23 желтоқсан Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында «Қоғамдық келісімнің жылды қорытындылайтын «Тәуелсіздігім-тірегім» атты салтанатты іс-шарасы өтті. Шара барысында жыл көлемінде Ассамблея қызметіне белсене атсалысқан құрылымдардың төрағалары мен мүшелері марапатталды. Форум аясында өткен «Ауылым – алтын қазынам» байқауының қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандарды түрлі дәрежелі дипломдар мен ақшалай сыйлықтың сертификаттарын табыстады.
Талғар ауданында «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында облыстық Аналар кенесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Отырыста аудандық аналар кеңестерінің төрағалары мен басқа да қатысушылар келелі мәселелерді көтеріп, ашық пікір алмасты. Өздерінің ойларын ортаға салып, келер жылғы жоспарларды талқылады.
Отырысқа Жетісу облысынан келген Аналар кеңестерінің төрағалары да қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.
27 желтоқсан «Ортақ шаңырақ аясында» жобасы бойынша «Үздік отбасы» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Алматы облысының 9 аудан 1 қаласынан жеңімпаздар қатысты.