2022 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы
АҚПАРАТ
Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы
Ішкі саясат басқармасы мемлекеттілік пен халық бірлігін қамтамасыз етуге, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, облыс тұрғындарының азаматтық белсенділігі мен әлеуметтік оң көзқарасын қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамытуға, аймақтың ақпараттық ауқымының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге, аймақтағы этносаралық және конфессияаралық қатынасты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Облыста 105 ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады, 68 этномәдени орталық, 462 белсенді үкіметтік емес ұйым, Алматы облысының «Ардагерлер одағының» 10 қоғамдық бірлестіктері, 15 салалық кәсіподақ ұйымы, 70 жастар бірлестігі, 5 саяси партиялардың облыстық филиалы жұмыс істейді.
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға, әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтік шиеленіс ошақтарының картасы ай сайын жаңартылуда.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында облыста (20 аудан және қала) бейбіт жиналыстар өткізудің 22 мамандандырылған орын және бейбіт шерулер мен демонстрациялар өткізудің 20 бағыты белгіленген.
Жыл басынан бейбіт митинг пен пикет өткізу туралы Талдықорған қаласы, Ақсу, Жамбыл, Кербулак, Панфилов,Талғар аудандары әкімдіктеріне 10 хабарлама түсті, 6 онлайн-петиция жарияланды.
Ағымдағы жылғы 7-10 қаңтар аралығында басқарма қызметкерлері тарапынан жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды.
Анықтама үшін: 3-5 қаңтар аралығында облыс аумағында белсенділер мен тұрғындар жаңаөзендіктерді қолдауға арналған акциялар мен митингілер ұйымдастырды, соңы жаппай тәртіпсіздіктер мен бұзақылықтарға ұласып, әкімшілік ғимараттар, шағын және орта бизнеске материалдық шығын келтірілді. А.ж. 5-19 қаңтар аралығында облыс аумағында ҚР Президентінің №727 Жарлығына сәйкес төтенше жағдай режимі енгізіліп, 26 қаңтарға дейін террористік қауіптің қызыл деңгейі сақталды.
Ішкі саясат басқармасының талдау жұмысын «Талдау және болжау орталығы» КММ қамтамасыз етеді. «Талдау және болжау» орталығы тәулік бойы дағдарыстық не болмаса төтенше жағдайларды басқару, күнделікті жедел сараптау, Алматы облысының әлеуметтік-саяси жағдайын және әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және болжау, социологиялық және интернет сауалнама жүргізу, фокус-топтық пікірталас ұйымдастыру, жасырын процестерді анықтау бойынша сараптамалық талқылаулар, әлеуметтік және саяси шиеленістер тудыратын себептер мен факторларды қабылдау сынды шешімдерді жүзеге асырады.
Жылдық жоспарға сәйкес Талдау және болжау орталығы есепті кезеңде 3 әлеуметтік зерттеу жүргізді:
- «Алматы облысы тұрғындарының қауіп-қатері мен қорқынышы» онлайн сауалнамасы – 40 респондент;
- «Әлеуметтік оптимизм» сандық сауалнамасы.
- 2022 жылдың 1 тоқсанындағы Алматы облысындағы қоғамдық-саяси жағдайдың мониторингі (сандық әдіспен әлеуметтік сауалнама).
Жоғарыда аталған зерттеулерге барлығы 2020-дан астам респондент қатысты. Зерттеу барысында сауалнама әдістері, сондай-ақ бетпе-бет жеке сұхбаттар қолданылды.
Қоғам мен билік арасындағы байланыстың негізгі арнасы ретінде қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту қажеттілігін ескере отырып қоғамдық кеңестердің жаңа құрамын қалыптастыру барысында азаматтық қоғамның барлық құрылымдарының өкілдері, соның ішінде саяси партиялар, азаматтық белсенділер тартылды.
Қоғамдық кеңес құрамы 81,1%-ға жаңартылды (ҮЕҰ – 17, өзін-өзі ұсынғандар – 9, партия өкілдері – 2, этномәдени орталық өкілдері – 2, кәсіподақ – 2) мемлекеттік органдардың өкілдері – 7 (18,9%), гендерлік құрам бойынша: әйелдер – 12, ерлер – 25, жасы бойынша: 35 жасқа дейін – 2 адам (5,4%), 35 пен 60 жас аралығында – 16 адам (43,2%), 60 жастан асқандар – 19 адам (51,4%).
А.ж. 12 наурызда облыс әкімінің орынбасары Б.Байжұмановтың төрағалығымен аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, баспасөз хатшыларының қатысуымен ақпараттық әрекет ету жедел тобының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша жиын өтті. Отырыс қорытындысы бойынша аудан, қала әкімдіктеріне облыстың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларында дағдарыстық жағдай туындаған кезде Ақпараттық ден қою алгоритмінің жұмысын жетілдіру жөнінде хаттамалық тапсырмалар берілді.
А.ж. 31 наурыз - 1 сәуір аралығында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп Қазақстан Республикасында Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру шеңберінде жергілікті деңгейде Тұрақты даму мақсаттарын оқшаулау бойынша семинар ұйымдастырды.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және пайдалану тұрақты бақылауда. Облыс көлемінде 13 Мемлекеттік Тутұғыр орнатылған. ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдық мерейтойына орай облыстық іс-шаралар жоспары бекітіліп, патриоттық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.
Жыл басынан Алакөл, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кербулақ, Көксу, Талғар аудандарында 7 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті. «Бейпартиялық бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы бойынша филиалының байқаушылары барлық сайлау учаскелерінде ауыл әкімдерінің сайлауына қатысты.
2.Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі - Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы
I тоқсанда «Қоғамдық келісім» КММ 40 шара ұйымдастырып, 3357 адам қамтылды.
16 ақпанда Талдықорған қаласындағы «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Б.Керімбек өңірдің ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен кездесті. Кездесудің мақсаты – «Қоғамдық келісім» КММ-нің Қоғамдық келісім кеңестерінің, аналар кеңестерінің және этномәдени бірлестіктерінің басшыларымен одан әрі бірлескен қызметінің сапасын жақсарту.
21 ақпанда Талдықорған жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің «Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» жобасының аясында студенттермен кездесу өткізілді. Мақсаты: Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беру және қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу. Талдықорған жоғары медициналық колледжінің жанынан «Жас медиатор» клубын құру шешімі қолға алынды.
1 наурызда, сағат 11.00 Қаратал ауданы, Бастөбе ауылы, Бастөбе жотасында «Қазақ халқына мың алғыс» монументі жанында Алғыс айту күніне орай «Үлкен ел – Үлкен отбасы!» жобасы аясында «Алғыс айтамын сізге» атты салтанатты митинг өткізілді. Шараға Қаратал ауданының әкімі Е.Исабеков, әкім орынбасары А.Башбаев, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Керімбек, этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысып, ескерткішке салтанатты түрде гүл себеттері қойылды.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар өкілдерімен форум өтті. Шарада ҚХА-ның барлық құрылымдарының белсенді әйелдерін алғыс хаттар мен марапаттау рәсімімен және концерттік бардарламамен жалғасын тапты.
14 наурыз - «Көрісу күніне» орай үлкендерден бата алу дәстүрі бойынша облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының ұйымдастыруымен ҚХА мүшесі және Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Жақияновтың шаңырағында кездесу өткізілді. Жастарға 61 жыл еңбек жолында, оның ішінде 53 жыл мемлекеттік қызметте, Оралбек аға туған өлкенің дамуына үлкен үлесі және өнегелі өмір жолы туралы кітаптар, тарихи деректер, фото құжаттар таныстырылды.
Әр этнос өкілдерінің киімін киген «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері әлеуметтік желілерге тағылымды шара туралы бейнеролик орналастырды.
15 наурыз күні Тіл сарайында облыстық Ассамблея құрылымдарындағы этнос өкілдері мен тіл сарайындағы қазақ тілінің қарапайым деңгейі бойынша білім алып жатқан азаматтардың және мектеп оқушыларының қатысуымен Наурыз мерекесінің қарсаңында «Қош келдің әз, Наурыз!» тақырыбында диктант этнос өкілдерін түркі халықтарының ұлттық мерекесімен құттықтау, наурыз туралы кеңінен мәлімет беру, мемлекеттік тілге деген құрмет қалыптастыру, сауаттылықтарын тексеру мақсатында жазылды. Мәтіні 103 сөзден құралған, мәтіннің стилистикасы, пунктуациясы туралы түсінік берілді. Диктант жазуға «Қоғамдық келісім» КММ - 5 қызметкер, 3 мектеп оқушысы азербайжан, 1 оқушы қытай орталығынан, Тіл сарайынан 6 тыңдаушы қатысты. «Жетісу» телеканалының қызметкерлері этнос өкілдерінің жұмыс барысын бейнетаспаға түсірді. Шараға жалпы 14 адам қатысты.
16 наурызда Текелі қаласының «Шапағат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында «Қош келдің Әз, Наурыз!» оның аясында зейнеткерлер мен қарттарға арналған қайырымдылық концерті өткізілді. Іс-шараны «Ассамблея жастары» республикалық ҚБ Алматы облыстық филиалының мүшелері және «Қоғамдық келісім» КММ қазақ мәдениеті мен дәстүрлері орталығының төрағасы С.Шыныбаев ұйымдастырды. Шараға 60 адам қатысты.
18 наурызда Достық үйінде облыстық Ассамблея құрылымдары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Н.Баймадиева, медиация кабинетінің жетекшісі Б.Чингаева, облыстық орыс орталығының төрағасы Л.Котельникова баяндама жасады. Республикамызда Жетісу, Абай, Ұлытау облыстарының, оның ішінде Қапшағай қаласын қазақтың біртуар перзенті, ұзақ жылдар бойы елімізді асқан шеберлікпен басқарған Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың атымен аталуын елдің талқысына қалдырғаны халықтың қолдауына ие болды.
19 наурызда Достық үйінде «Өрнек», корей этномәдени орталығының «Ачимноуль», татар этномәдени орталығының «Туган тель» би ансамбльдерінің қатысуымен «Наурыз берекем – Наурыз мерекем!» флеш-моб ұйымдастырылды. Флеш-мобқа қазақтың ұлттық киімінде 50 адам қатысты.
21 наурызда Мемлекеттік Ту тұғырының алаңында облыстық Ассамблея жанындағы этномәдени орталықтар 10 шатыр тігіп, қолөнер бұйымдарынан және ұлттық тағамдардан көрме ұйымдастырды. «Қоғамдық келісім» мекемесі жұртшылыққа 70 литр Наурыз көже үлестірді. Достық үйінің «Өрнек», «Горец» би ансамбльдері мен көркем өнерпаздары мерекелік концерт көрсетті.
24 наурызда «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында белсенді жастармен мотивациялық кездесу ҚХА мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Т.Джумурбаев, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі, «AsarUme» ҚҚ негізін қалаушы А.Нұрмашев, ҚХА мүшесі, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Р.Кайрыев, ҚХА мүшесі, «Ассамблея жастары» РҚБ Алматы облыстық филиалының төрағасы Р.Усанова, Ұйғыр, Панфилов, Кеген аудандарынан 50 адам қатысты.
Этномәдени бірлестіктер:
2022 жылдың І-тоқсанында Алматы облысында барлығы 68 этномәдени бірлестік бар. Олардың 45 – і тіркелген және этномәдени бірлестіктер болып табылады, 23-і тіркелмеген-этномәдени орталықтар, олардың 8-і мектеп жанында жұмыс істейді.
Облыстық этномәдени бірлестіктер – 25. Қалалық этномәдени бірлестік - 8. Олардың 4 – уі тіркелген, 4-уі жоқ. Аудандық – 35 оның 16 тіркелген, 19 тіркелмеген.
Этномәдени бірлестіктер мен орталықтар І-тоқсанда 305 іс-шара өткізді. Оның 116-сы облыстық, 165-і аудандық, 24-і қалалық деңгейде, оның ішінде 29 – семинарлар, 12 – форумдар, 25 – конференция.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы бойынша барлығы – 142 шара, оның ішінде:42-кездесулер, 70-отырыстар, 30-дөңгелек үстелдер өткізілді.
«Қазақ мәдениеті, салт-дәстүрі орталығы» 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы асыл жандар» облыстық форумын өткізді. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Аналар кеңесі мен Алматы облысының Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері қатысты.
«Алматы облыстық «Элефтерия» гректер қоғамы» «Впусти энергию благодарности в свою жизнь» облыстық фестивальді ортақ тарих, депортация жылдарында бастан кешкен бірлескен қиындықтарды еске алу негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін нығайту және дамыту мақсатында өткізді.
14 наурызда «Алматы облыстық орыс орталығы» мен «Алматы облыстық славян қозғалысы» ҚБ Талдықорған қаласында «Масленица» халықтық мерекесін халық арасында Қазақстан этностары тарихының, дәстүрлерінің, халық кәсіпшілігінің, тілі мен мәдениетінің ерекшеліктерін таныстыру және насихаттау мақсатында өткізді. Сондай-ақ, «Масленица» мерекесі Қапшағай қаласында, Панфилов, Сарқан, Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле және Қаратал аудандарында өтті.
«Қазақ мәдениеті, салт-дәстүрі орталығы» Наурыз мейрамына арналған «Достық дастарханы» челленджін ұйымдастырып, өткізді. Облыстық этномәдени бірлестіктердің белсенділері ұлттық тағамдар дайындады. Жеті нан мен бауырсақ, орыс құймақтары, татар чак-чак, шешен хинкали, поляк пирогтары, грек салаты және басқа да тәттілер киіз үйіндегі дастарханды толтырды.
Аналар кеңесі: Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңестері 1 облыстық, 3 қалалық, 17 аудандық, 250 ауылдық округтерде құрылған, жалпы мүшелерінің саны 1456 адамды құрайды.
Облыстық Әділет департаментінен алынған мәліметтерге сәйкес облыста 920 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер - 588, қоғамдық қорлар – 290, заңды тұлғалар бірлестіктері – 42.
Өңірдегі ҮЕҰ қызметінің негізгі бағыттары: халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау-94, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау – 70, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау - 58, азаматтардың денсаулығын қорғау, гендерлік саясат - 38, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту-31 және т.б.
Жұмыс істейтін ҮЕҰ ең көп саны Талдықорған қаласында (191), Қарасай (46), Талғар (45), Іле (27), Еңбекшіқазақ (26) аудандарында орналасқан.
Жұмыс істейтін ҮЕҰ ең аз саны Райымбек (2), Балқаш (2) аудандарында орналасқан.
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне есептік 2021жылы ҮЕҰ Дерекқорына өңірдің 467 ҮЕҰ (2021 жылы – 467 ҮЕҰ, 2020 жылы – 396 ҮЕҰ, 2019 жылы - 385 ҮЕҰ, 2018 жылы – 394 ҮЕҰ) өз деректерін ұсынды.
Сонымен қатар, әкімдік жанында ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді.
Бүгінгі күні облыстағы ҮЕҰ-ны дамыту мен олардың өзара іс-қимылының негізгі тетігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады.
2022 жылы салалық принцип бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 495,357 млн.теңге (2021 жылы 305,2 млн. теңге, 2020 жылы 282,5 млн. теңге, 2018, 2019 ж.ж. 253,5 млн. тг.) көлемінде қаражат бөлініп 5 облыстық басқарма (ішкі саясат, дін істері, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары), 17 аудандық және 3 қалалық ішкі саясат бөлімдері, сондай-ақ Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.
2017 жылдан бастап ҮЕҰ консалтингтік орталығы өз қызметін жүзеге асырады, оның мақсаты ҮЕҰ әлеуетін нығайту және арттыру, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылына ықпал ету болып табылады.
Орталықтың қызметкерлері 100-ден астам ҮЕҰ өкілдеріне ү. ж. 31 наурызына дейін Қазақстан Республикасының ҮЕҰ Дерекқорына есеп беруде көмек көрсетті.
Осы кезеңде Алматы облысының ҮЕҰ консалтингтік орталығының қызметкерлері мен аудандық үйлестірушілер үкіметтік емес ұйымдар қызметі саласында 200-ден астам кеңес берді.
ҮЕҰ өткізген іс-шаралар туралы ақпараттық науқанды ұйымдастыру мақсатында электрондық және баспа БАҚ-та instagram, ВКонтакте, Facebook әлеуметтік желілерінде 218-ден астам түрлі материалдар жариялады.
2022 жылғы 16 ақпанда ҮЕҰ консалтингтік орталығы Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері үшін Ашық есік күнін өткізді, оған облыстың 40 ҮЕҰ өкілдері қатысты. Кездесу барысында Орталықтың жоспарымен және ережесімен, алдағы жылға арналған мақсаттармен және міндеттермен танысу жүргізілді, проблемалық мәселелер талқыланды, деректер базасына есепті уақтылы тапсыру қажеттілігі, түрлі конкурстарға, гранттарға, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа өтінімдер беру мәселелері атап өтілді.
Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай облыстың үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысымен салтанатты кездесуі өтті. Барлық 40 қатысушыға алғыс хаттар табысталды.
Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Алматы облысының ҮЕҰ консалтингтік орталығы «Әлеуметтік жобалау, конкурстар мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға қатысу үшін құзыреттілік пен білімді арттыру» тақырыбында ҮЕҰ мектебін өткізді. Семинар-тренингке облыстың аудандары мен қалаларының ҮЕҰ 20 өкілі қатысты.
16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын Алматы облысының Азаматтық альянсы, Алматы облысының ішкі саясат басқармасымен бірлесіп талқылау бойынша диалог алаңы ұйымдастырылды, оған 20-дан астам ҮЕҰ өкілдері қатысты.
2022 жылдың 1 наурызы мен 31 наурызы аралығында Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарына арналған «Жаңа бастамалар-жаңа қоғам» атты «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі-2022» байқауы жарияланды және өткізілді. Жобалардың сапасын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың 18 наурызында ҮЕҰ өкілдеріне өтінімдер жазуда консультациялық-әдістемелік көмек ұйымдастырылды. Конкурсқа облыстың 37 қоғамдық ұйымдары қатысты, олар ережеге сәйкес әртүрлі тақырыптық бағыттарға 48 әлеуметтік жобаны ұсынды. 7 сәуірде конкурстық комиссияның отырысы және қатысушылардың әлеуметтік жобаларының тұсаукесері өтті, онда 10 жеңімпаз анықталды.
2022 жылдың 1 тоқсанында облыста 202 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, оның ішінде 157 мерзімді баспа басылымдары, 7 электрондық БАҚ, 38 интернет БАҚ.
Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінде, аудандық және қалалық баспа басылымдарында «Жолдауға - қолдау», «Жодау жолымен» «Жолдау 2022», «За строкой послания Президента», «Ориентир на успех» айдарлармен 80 мақала жарияланды.
Барлық аудандар мен қалаларда ұжымдық талқылау ұйымдастырылып, құрамында 1804 адам бар 287 ақпараттық топ құрылды.
Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 279 түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 9163 адам қамтылды, осы іс-шаралар туралы әлеуметтік желілер арқылы 311 материал жарияланды.
Облыстық «Жетісу» телеарнасының «Новости» ақпараттық-талдау бағдарламасында сюжеттер мен репортаждар (мемлекеттік және орыс тілдерінде 9 сюжет, 5 ролик) көрсетілді. Көрнекті қоғам қайраткерлерімен тікелей эфирлер өткізіліп, «Бүгін» бағдарламасында Н.Қылышпаев сөз сөйледі.
Халық арасында түсіндіру жұмыстарын Сенат депутаттары және қоғам қайраткерлері жүргізді: Ақсу ауданы – ҚР Сенатының депутаты Л. Сүлеймен, Қаратал ауданы, Текелі қаласы, Талдықорған қаласы-ҚР Сенатының депутаты С. Дүйсембинов, Ж.Жазықпаева, Панфилов ауданы - ҚР Мәжіліс депутаты - Буларов және Еңбекшіқазақ ауданы - қоғам қайраткері З. Балиева. Облыстың аудандық және қалалық әкімдіктерінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда плакаттар мен инфографика әзірленді. Мемлекет басшысының тезистері жазылған инфографика аудандар мен қалалар әкімдерінің барлық ресми аккаунттарында орналастырылған. Президентпен бірге плакаттар 300 мың адамды қамтитын Facebook, Instagram, Telegram-дың барлық беттерінде жарияланды.
ету бөлімі
Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар жоспарланып, іске асырылды.
Өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, жүйеге келтіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
Осы бағытта Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары әзірленіп, бекітілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Жолдауын халық арасында түсіндіру бойынша «оқиғалар қатары» қалыптастырылды және оның іске асырылуы қамтамасыз етілуде.
Алматы облысының 90 жылдығы мерейтойын ұйымдастыруға және өткізуге байланысты облыс көлемінде жоспарланған маңызды іс-шаралар тізбесі әзірленін, бекітілді.
«Елорда күні», «Ұлттық домбыра күні», «Астана-Бәйтерек» монументінің ашылғанына 20 жыл», «Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайына 30 жыл» мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары жинақталып, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне ақпараттар ұсынылды.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне маңызды қоғамдық-саяси, мәдени іс-шаралар мен митингілер бойынша апталық, айлық ақпараттық –анықтамалық материалдар жолдануда.
Қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінің басшылары үшін ішкі саясат мәселелері бойынша жиындар ұйымдастырылуда.
А.ж 12 наурызда «Алматы облысы бойынша қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі мәселелер туралы», 6 сәурде «1, 7, 9 мамыр мерекелері аясында іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу және тағы басқа мәселелер бойынша» жиындар өткізілді.
Облыс көлемінде мамыр-маусым айларында 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні, 9 мамыр – Жеңіс күні, 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні, 4 маусым - Қазақстан Республикасының Рәміздер күніне іс-шаралар жоспары әзірленіп, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолданды.
Басқарма бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен мәселелер жөнінде облыс әкімінің хаттамалық тапсырмалары орындалып, әр аптаның соңына жинақталып, ақпарат берілуде.
Облыстық аудан, қалаларында өткізілген барлық шаралар тұрғындардың басым көпшілігіне оң ықпалын тигізіп, жалпы халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін жоғарылатуға өз септігін тигізуде.
Сондай-ақ, ел бірлігін және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету барысында азаматтық қоғам институттарымен, өңірдің қоғам жұртшылығының өкілдері шараларға тартылуда.
Күнделікті жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, «e-Otinish» ақпараттық жүйесінің жұмысын іске асыру, жыл басынан 33 өтініш келіп түсті. Бүгінгі күні 21 өтінішке уақытында жауап беріліп, 6 өтініш қаралуда. Апта сайын Алматы облысы әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөліміне өтініштердің қаралуы бойынша есеп берілуде. Ай сайын Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштері бойынша салыстыру актісі жолдануда. Тоқсан сайын Алматы облысы әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөліміне жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштері бойынша есеп берілуде. Апта сайын бейсенбі күні шешім қабылдауды талап ететін өзекті мәселелер бойынша ақпарат облыс әкімінің ұйымдастыру - инспекторлық жұмыс бөліміне ұсынылуда.
Басқармада құжат айналымы бойынша барлығы 1155 кіріс құжат, 550 шығыс құжат.
Басқарманың ресми сайтына атқрылған жұмыстар бойынща тұрақты тұрде жинақталуда.
Жастарды тұрақты дамыту туралы
Жыл басынан бері жастарды мәдени, патриоттық тәрбиелеу, бос уақытын тиімді үйлестіру, рухани-адамгершілік, құқықтық тәрбие, мектеп, студент жастармен және ҮЕҰ-мен жұмыс істеу бойынша 935 іс-шара өткізілді.
Облыста 2022-2025 жылдарға арналған жастардың кешенді жұмыс жоспары әзірленді.
Мектеп түлектерін, NEET санатындағы жастарды, ата-аналар мен мұғалімдерді кәсіптік бағдарлау бойынша «Өмірлік нұсқаулар» жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоба барлық елді мекендерде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, жазғы кезеңде (каникул, маусым-тамыз) жергілікті бюджет есебінен облыс колледждерінде қысқа мерзімді оқыту жоспарлануда (2 мың адам).
Сонымен қатар, колледждерде үлгілік оқуға гранттарды 2,5 мың адамға (с 7 мыңнан 9,5 мыңға дейін) ұлғайту көзделген.
Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан жастарды қоғамға бейімдеуге арналған «NEW LIFE» жобасын іске асыру жоспарланды.
Жастарға өмір салтын өзгертуге мотивация беру, оларды әлеуметтендіру мақсатында белгілі тренерлерді тарта отырып, «Өзіңе сен...» үш күндік лагерь ұйымдастырылды.
Өңірлік деңгейде «Zhas project» жастар корпусын дамыту гранттар жобасы жүзеге асырылады деп күтілуде.
Жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Жетісу жастары: 0-5-25» бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Ұйымдасқан прогрессивті жастармен идеологиялық жұмысты күшейту мақсатында облыста барлық санаттағы жастарды тарта отырып, түрлі жобалар, конкурстар, дебаттар, кездесулер және т.б. іске асырылуда.
Облыстың барлық аудандары мен қалаларында 7000 адамды қамтитын «Жетісу Жайдарман» КВН лигасы құрылды.
Сондай-ақ жыл сайын белгілі бір салада жетістікке жеткен талантты жастарға берілетін Алматы облысының «Көшбасшы» жастар сыйлығын марапаттау рәсімі өткізіледі.
Жастар арасында бірлікті, достықты нығайту, қоғамдық жұмысқа белсенді қатысуды арттыру, ұлттық спорт түрлерін дамыту, бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында апта сайын бейсенбі күндері «Жанды арбат» іс-шарасы өткізіледі.
Әр апта сайын сәрсенбі және жұма күндері сағат 20.30-да патриоттық тәрбие беру, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Open air» форматындағы кинокөрсетілім өткізіліп тұрады.