Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы бойынша 2021 жылдың атқарылған шаралар туралы АҚПАРАТ

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы бойынша

2021 жылдың атқарылған шаралар туралы

АҚПАРАТ

                                                      

Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы

Ішкі саясат басқармасы мемлекеттілік пен халық бірлігін қамтамасыз етуге, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, облыс тұрғындарының азаматтық белсенділігі мен әлеуметтік оң көзқарасын қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамытуға, аймақтың ақпараттық ауқымының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге, аймақтағы этносаралық және конфессияаралық қатынасты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Облыста 105 ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады, 68 этномәдени орталық, 462 белсенді үкіметтік емес ұйым, Алматы облысының «Ардагерлер одағының» 10 қоғамдық бірлестіктері, 15 салалық кәсіподақ ұйымы,                    70 жастар бірлестігі, 193 бұқаралық ақпарат құралдары, 644 діни бірлестіктер мен филиалдар, 6 саяси партиялардың облыстық филиалы жұмыс істейді.

Қоғамда оңды пікір қалыптастыру, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау және әлеуметтік шиеленіс ошақтарының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында облыста (20 аудан және қала) бейбіт жиналыстар өткізудің 22 мамандандырылған орын және бейбіт шерулер мен демонстрациялар өткізудің 20 бағыты белгіленген.

Ішкі саясат басқармасының  талдау жұмысын «Талдау және болжау орталығы» КММ қамтамасыз етеді.

«Талдау және болжау» орталығы тәулік бойы дағдарыстық не болмаса төтенше жағдайларды басқару, күнделікті жедел сараптау, Алматы облысының әлеуметтік-саяси жағдайын және әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және болжау, социологиялық және интернет сауалнама жүргізу, фокус-топтық пікірталас ұйымдастыру, жасырын процестерді анықтау бойынша сараптамалық талқылаулар, әлеуметтік және саяси шиеленістер тудыратын себептер мен факторларды  қабылдау сынды шешімдерді жүзеге асырады.

Облыс аумағындағы қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына кері әсер етуі ықтимал жарияланымдарды анықтау, халықпен кері байланыс орнату мақсатында  күнделікті БАҚ пен  әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі.

Ағымдағы жылдың жоспары бойынша 17 тақырыпта онлайн-сауалнама, 3 тақырыпта көше сауалнамасы, 1 тақырыпта тереңдетілген сұхбат және 9 сандық зерттеу жүргізіліп, оған барлығы 62 418 респондент қатысқаны жөніндегі атқарылған жұмыстарға жылдық есеп дайындалды.

Облыстың аудан қалаларында ҚР Мемлекеттік рәміздерінің насихатталуы мен қолданылуына қадағалау жүргізілді. Жыл басынан Ақсу, Ескелді, Панфилов, Ұйғыр аудандарында мемлекеттік рәміздердің насихатталуы мен қолдану барысы қаралды.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына аясында Ұйғыр, Көксу, Іле аудандарында Мемлекеттік Тутұғырлар ашылды. Сонымен қатар, Мемлекеттік рәміздер күніне орай ауыл азаматтарының бастамасымен Панфилов (Тұрпан ауылы) және Жамбыл ауданында (Жамбыл ауылы) Тутұғырлар көтерілді.

Облыстың аудан, қалаларында  «Терезедегу ту», «Менің туым- менің Қазақстаным!» париоттық акциялары өткізілді. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша онлайн, оффлайн форматта 200-ден астам патриоттық  іс-шаралар ұйымдастырылды.

 

Этносаралық қатынастар туралы

 

Облыс аумағындағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты бақылауда, этносаралық қатынастарға мониторинг жасалып, мәліметтер  апта сайын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдануда.

Облыс аумағындағы этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтауда жергілікті жерлердегі «Қоғамдық келісім» КММ құрылымдары, оның ішінде этномәдени орталықтарының 25-ке жуық өкілдері әлеуметтік желілерде белсенділік танытуда.

Есепті кезеңде олар өздерінің парақшаларында 700-ден астам материалдар жариялады. 

Карантиндік және шектеу шараларына байланысты, облыстың қалалары мен аудандарында қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, өткізілді.

Қоғамдық келісім  кеңестері

312 - Қоғамдық келісім кеңестері, 1 - облыстық, 3 - қалалық, 17 - аудандық,  291 - ауылдық  деңгейде жұмыс істейді, мүшелерінің саны 1108 адам (этномәдени орталықтардың өкілдері, ардагерлер, аналар, жастар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақ өкілдері және ауылдық округ әкімдері мен  полицияның учаскелік инспекторлары бар). Барлық қоғамдық келісім кеңестері облыс бойынша әр түрлі деңгейдегі 98 іс-шара өткізіп, 74 өзекті мәселе оң шешімін тапты.

Аналар кеңестері

272 - Аналар кеңестері, 1 - облыстық, 3 - қалалық, 17 - аудандық,              251 - ауылдық деңгейде жұмыс істейді, мүшелерінің саны - 1456 адам.

Аналар кеңестерінің 9 жобасы аясында, отбасы институтын дамыту, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету, зорлық-зомбылықтың алдын-алу бағыттарына арналған әр-түрлі деңгейдегі 1314  іс-шара өткізді.

Медиация

68 - Медиация кабинеттері, 1 - Достық үйінде, 17 - аудан, 3 - қала әкімдіктерінде және 47 - сот ғимараттарында, 12 кәсіби медиатор, 306 кәсіби емес медиаторлар, реестрда 21 медиатор тіркелген, 1 медиация кеңесі бар.  Аудан, қалаларда және облыс орталығында 65 іс-шара өткізіліп, 32 – сотқа дейінгі даулы мәселе шешілді.

Облыстың аудан, қалаларында медиаторлар мен заңгерлердің қатысуымен «Ашық есік» күндері өткізілді.

17 қарашада Достық үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Үздік медиатор - 2021» облыстық байқауы ұйымдастырылып, шараға аудан, қаладан қоғамдық медиаторлар қатысты.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және этносаралық қатынас тіліне айналдыру мақсатында, «Қоғамдық келісім» КММ-де өзге этнос өкілдеріне бастауышжәне жалғастырушытоптарында «Тіл дамыту»,«Мәміле. Ситуативный казахский» бағдарламалары бойынша жүргізілуде.

Этномәдени бірлестіктер

Облыста 68 этномәдени бірлестік бар. Әділет органындағы мәліметтер базасына сәйкес, тіркелгендер саны – 49, тіркелмегендер – 19. Қоғамдық аккредиттеуден  23 – облыстық, 15 аудандық, 5 қалалық, жалпы 45 этномәдени бірлестіктер өтті. Бекітілген жоспарға сәйкес, 219 оffline, 97 online форматында іс-шаралар өткізді.

Ғылыми-сараптамалық топ

Облыстық ҚХА жанындағы Ғылыми-сараптамалық топ құрамында        19 адам, 1-доктор,  8 – ғылым кандидаты, 10 магистр бар.

Ғылыми – сараптамалық топ 2 іс-шара өткізіп,  1 зерттеу, 2 ғылыми мақала жарық көрді.

  ҚХА жанындағы Жетісу Университетінің  кафедрасы

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті жанындағы ҚХА кафедрасы  құрамында 9 адам, 2  ғылым кандидаты, 7 магистр жұмыс істейді.

2021 жылы барлығы 10 іс-шара, 5 зерттеу, 7 ғылыми-мақала жарық көрді.

Жетекші журналистер мен сарапшылар клубы

ҚХА жанындағы этно журналистика саласында (құрамына 29 журналист енгізілген) жетекші журналистер мен сарапшылар клубы тұрақты жұмыс істейді. Әр тоқсан сайын отырыстары және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің журналистика факультетінің студенттеріне шеберлік сыныптары өткізілді.

Қазан айында этножурналистика саласы бойынша «Шаңырақ» облыстық шығармашылық байқауына өңірден 21 журналист шығармаларын ұсынып, екінші республикалық кезеңінде Қаратал аудандық «Қаратал» газетінің редакциясы жүлделі екінші орынды иеленді.

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабы мен еріктілер қызметі

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабы еріктілермен бірлесіп, әр-түрлі форматтағы 26 іс – шара өткізіп, көпшілік көп жиналатын орындарда, қоғамдық көліктерде мемлекеттік тілді насихаттайтын үн парақтар таратып, табиғатты қорғау мақсатында акцияларға қатысты.

Қайырымдылық шаралары

«30 игі іс» республикалық қайырымдылық марафоны аясында, облыс аумағында ҚХА мүшелері, меценаттар, Аналар, Қоғамдық келісім кеңестері, аудан, қалалардағы еріктілер тарапынан 1084 іс-шара ұйымдастырылып,             170  млн. астам теңгеге қайырымдылық көмектер көрсетілді.

132 облыстық және аудан, қалалық кәсіпкерлер мен меценаттар, (олардың ішінде «Ахыска» түрік этномәдени орталығының облыстық филиалы, «Видергебурт» Талдықорған неміс қоғамы, «Сафар» Алматы облыстық тәжік қоғамдық бірлестігі, «Вайнах» облыстық шешен-ингуш мәдени орталығы, «Алматы облысының корей этномәдени бірлестігі» ҚБ, «Элефтерия» Алматы облыстық грек қоғамы» ҚБ, облыстық татар этномәдени орталығы, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының штабы) және 81 ұйым, облыстық және аудандық аналар және қоғамдық келісім кеңестері, діни ұйымдардың, ақсақалдар кеңесінің өкілдері, аудандар мен қалалардың ерікті тұрғындары қатысты.

ҚХА қызметін ақпараттық қолдау

Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 455 мақала жарияланды, оның ішінде 71 республикалық,  223 – облыстық, 232 - аудандық деңгейде. Телеарналарда 244 сюжет шықты, онын ішінде республикалық - 36, «Жетісу» телеарнасында - 218, оның 122 - қазақ тілінде, 112 - орыс тілінде.

Интернет ресурстарда - 644 жарияланым, оның ішінде 256 - республикалық, 249 - облыстық және 139 – аудандық деңгейде. Қазақстан халқы Ассамблеясының сайтында - 134, өңірде - 229, әлеуметтік желілерде – Facebook – 684, Instagram парақшасында – 675 жарияланым шықты.

Этносаралық қатынастар саласын әлеуметтік зерттеу

Мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде «Табия-CONSULT» ЖШС-і Алматы облысындағы этносаралық қатынастар мәселесі бойынша  тоқсан сайынғы әлеуметтік сауалнаманы ұйымдастырып, мониторинг жүргізді.

Әлеуметтік сауалнамаға Алматы облысының 17 ауданы мен 3 қаласынан, 18-ден 70-ке дейінгі жастағы ерлер мен әйелдер арасында 1000 респондент қатысты. Әлеуметтік зерттеудің негізгі  мақсаты – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатқа практикалық ұсыныстар әзірлеу үшін Қазақстандағы этносаралық ахуалды, оған ықпал ету факторларын және динамикасын зерттеу. Деректерді талдау процесінде алынған нәтижелер облыста ұлтаралық мәселедегі тыныштықты сақтау мәселелерінде халықтың алаңдаушылығы бар екенін көрсетті. Облыс халқы мемлекеттік саясат саласында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы жеткілікті хабардар болғанына қарамастан, алайда жергілікті жерлерде тиімсіз орындау туралы пікірлер көбеюде, бұл жергілікті жерлерде мемлекеттік бастамаларды іске асыру процестерін бағалаудың қолда бар тәсілін жетілдіруді талап етеді. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде өткізілетін іс-шаралар мен жоспарлар бойынша халыққа анық және толық ақпарат жеткізу процестеріне ерекше назар аудару қажеттігін көрсетіп отыр.

Қорытынды көрсеткіштер бойынша, мәліметтерді талдау барысында алынған нәтижелер өңірдегі этносаралық өзара қарым – қатынастар респонденттер тарапынан 58,4%-тыныш, 28,5%-қолайлы деп бағалаған. Респонденттердің 1,1% жанжалға сенімді деп атап өтті, 0,8% жауап беруге қиналды. Негізінен респонденттер этносаралық жағдайлармен емес, әлеуметтік және экономикалық проблемалармен байланыстырды, сондай-ақ облыстың көптеген тұрғындары заңдарды білмеу жағымсыз салдарға әкелетінін атап өтті.

Әлеуметтік зерттеу мәліметтеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқан облыс тұрғындарының 44,3%-ы өздерінің тұрғылықты жерлеріндегі этносаралық қатынастар бұрынғыдай тыныш деп санайды, 29,4 % біршама жақсарды, 11,6% «әлдеқайда жақсы болды» деп жауап берді, 13,1% қатынастардың нашарлауын және халықтың тек 1,2% этникалық топтар арасындағы айтарлықтай нашарлауды айтады.

Алынған мәліметтерге сәйкес, облыстағы ахуал жалпы тұрақты деген қорытынды жасауға толық негіз бар.

 

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы

 

Облыстық Әділет департаментінен алынған мәліметтерге сәйкес облыста 920 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер - 588, қоғамдық қорлар – 290, заңды тұлғалар бірлестіктері – 42.

Өңірдегі ҮЕҰ қызметінің негізгі бағыттары: халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау-94, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау – 70, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау - 58, азаматтардың денсаулығын қорғау, гендерлік саясат - 38, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту-31 және т.б.

Жұмыс істейтін ҮЕҰ ең көп саны Талдықорған қаласында (191), Қарасай (46), Талғар (45), Іле (27), Еңбекшіқазақ (26) аудандарында орналасқан.

Жұмыс істейтін ҮЕҰ ең аз саны Райымбек (2), Балқаш (2) аудандарында орналасқан.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне есептік 2020 жылы ҮЕҰ Дерекқорына өңірдің 462 ҮЕҰ (2020 жылы – 396 ҮЕҰ, 2019 жылы - 385 ҮЕҰ, 2018 жылы – 394 ҮЕҰ) өз деректерін ұсынды.

Бүгінгі күні облыстағы ҮЕҰ-ны дамыту мен олардың өзара іс-қимылының негізгі тетігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады.

2021 жылы салалық принцип бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 305, 2 млн.теңге көлемінде қаражат бөлініп (2020 жылы 282,5 млн. теңге, 2018, 2019 ж.ж. 253,5 млн. тг. бөлінді), 4 облыстық басқарма (ішкі саясат басқармасы (70,0 млн.тг.), жастар саясаты мәселелері басқармасы (76,0 млн.тг), дін істері басқармасы (24,2 млн. тг.), білім басқармасы (10,0 млн. тг.), 17 аудандық және 3 қалалық ішкі саясат бөлімдері (100,0 млн. тг.), сондай-ақ Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (25,0 млн. тг.) жүзеге асырады.

Жобалардың басым бағыттары: жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау – 15 жоба, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту – 13 жоба, отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу – 11 жоба және т. б.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Алматы облысының ҮЕҰ консалтинг орталығымен жыл сайын «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, байқаудың  жеңімпаздары айқындалды.

Байқаудың мақсаты - азаматтық қоғамды дамыту, оның институттарының әлеуетін өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге тарту, одан әрі «start up» қаржыландыру үшін азаматтық бастамаларды қолдау болып табылады. Байқауға 50-ден астам өтініш түсіп, арнайы критерийлер бойынша ең үздік 10 жоба анықталды.

Ағымдағы жылы 17-18 қараша аралығында азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар, бизнес арасындағы тиімді коммуникацияны қалыптастыру және жетілдіру мақсатында «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы» атты Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдарының форумы өткізілді. Форумға ҮЕҰ көшбасшылары, азаматтық белсенділер, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдар, жетекші республикалық ұйымдардың, сарапшылар қоғамдастығының, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.

Ү.ж. 14 желтоқсанда Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында

облыс әкімінің орынбасары Б.Байжұманов 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған  кездесу өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға ақшалай сыйақы, естелік сыйлықтар берілді.

 

Ақпараттық сүйемелдеу туралы

 

2021 жылдың   басынан  облыс бойынша  193 БАҚ тіркелген, оның ішінде 150 – мерзімді баспа басылымдары, 43 – электрондық.

Ішкі саясат басқармасы тұрақты негізде 17 мемлекеттік аудандық,                  3 қалалық баспа басылымдарымен және облыстық «Жетісу» телеарнасымен жұмыс жүргізеді.

  Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру мақсатында республикалық «Закон», «Тенгриньюс», «Нұр» ақпараттық порталдары, «Хабар 24», «Хабар» «Евразия», «Қазақстан», «31 канал», «СТВ», «Алматы»  республикалық телеарналары, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Время», «Айқын»,  «Литер» газеттері және т.б. бұқаралық ақпарат құралдарымен ресми шарттар жасалып, игерілді.

Covid-19 вакцинациясы бойынша кең түсіндіру-ағарту жұмыстары жүргізілуде. 60-тан астам тікелей эфирлер өткізіліп, 40 сюжет дайындалды. Республикалық және өңірлік БАҚ-та 503-тен астам мақала жарияланды. 796648 дана буклеттер, 872 009 жадынама таратылды.                   Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу бойынша  ақпараттық-имидждік шаралар кешені Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің                       30 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөнінде бекітілген Медиа-жоспары негізінде облыстық, республикалық БАҚ арқылы жүзеге асырылды.                                                  Атап айтқанда, жыл басынан облыстық «Жетісу», «Огни Алатау»,                17 аудандық, 3 қалалық және басқа да баспа басылым беттерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы логотипімен «Тәуелсіздікке – 30 жыл», «Тұғырлы Тәуелсіздігім», «Тәуелсіз елім – тірегім», «Тәуелсіздік шежіресі» айдарларымен 5 мыңнан аса мақала жарияланды.                         Облыстық «Жетісу» телеарнасында «Тәуелсіздік асулары», «Елбасы – Тәуелсіздік тірегі» атты 2 деректі фильм мен «30 жылдыққа тарту» айдарымен бейнероликтер, «Тәуелсіздік тұлғалары» және «Тәуелсіздік жылнамасы» хронологиялық бағдармалары эфирге шықты.                       Сондай-ақ, баспа басылымдарының сайттары мен «Instagram», «Facebook», «ВКонтакте», «Твиттер» және т.б. әлеуметтік желілерінде облыс бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар #Qazaqstan30 хэштегімен                    6 мыңнан аса жарияланымдар орналастырылды.                                                       Аудан, қалаларда  567 көрнекі құралдары, оның ішінде 470 – билборд, 25 – аспалы қондырғы, 72 – стенд, 25 LED экрандарда 30-дан астам бейнероликтер көрсетілді.                                                                                   Сонымен қатар, жыл бойы мемлекеттік ақпараттық тапсырыс негізінде республикалық «Айқын-Литер», «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Жас Алаш», «Дала мен қала», «Қазақстан Дәуірі», «Время», «Ана тілі» басылымдары мен «Nur kz», «Zakon kz», «Tengri News», «365 Info», «Qamshy kz», «Аbai kz», «Adyrna kz», «ult.kz» және т.б. сайттары арқылы ақпараттар жарияланды.

Желтоқсан айында  облыс әкімінің жүлдесі үшін дәстүрлі «Самғау» байқауының жеңімпаздары марапатталды. 12 номинация бойынша 123 жұмыс ұсынылды. Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша облыстың 35 үздік журналисі сертификаттармен және дипломдармен марапатталанды.

 

         Ішкі саяси бағыттар бойынша жоспарлау туралы

 

Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар  жоспарланып, іске асырылды.

Өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, жүйеге келтіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Осы бағытта Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2021 жылға арналған іс-қимыл жоспары әзірленіп, бекітілді.

Алматы облысында 2019 жылғы 30 қыркүйектегі Президенттің Жарлығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу Тұжырымдамасына сәйкес облыста, аудандар мен қалаларда өңірлік комиссиялар құрылып, іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, бекітілді.  Осы бағытта  өңірлік 8 комиссияның отырысы өткізіліп, басқарма басшылары аудандық, калалық әкімдеріне нақты тапсырмалар берілген.

Жоспар сәйкес Ел Тәуелсіздігініңмерейтойы«Жасампаздыққа толы жылдар» тұжырымдамасының 12 тақырыптық бағытына сәйкес 1777 ірі және оқиғалы  шара өтті, оның ішінде халықаралық -6, республикалық -18, облыстық -270, аудан, қалалық деңгейде – 1483 іс-шара (жоспардан тыс жергілікті жерлерде қосымша шаралар өткізілуде).

Республикалық, облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыруда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігіне апта сайын  есептер жолдануда.

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнін, Наурыз мейрамдарды мерекелеуге  арналған облыстық  жоспарлар  әзірленіп, оған сәйкес  жұмыстар  атқарылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығын,   Қазақстан Республикасының Астана күнін, Отан қорғаушы күнін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін, Астана күнін, ҚР Конституция күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу бойынша республикалық іс-шаралар жоспарларына  сәйкес  іс-шаралар онлайн, оффлайн форматтарда өткізілді. Әлеуметтік желілерде онлайн құттықтаулар, концерттер, челлендж, тренинг пен вебинарлар т.б шаралар  ұйымдастырылды.

Жыл сайын қала және аудандар әкімдерінің орынбасарлары мен басқарма басшылары үшін ішкі саясат мәселелері бойынша жиындар ұйымдастырылуда.

2021 жылғы 27 сәуірдегі № 170 қаулысына сәйкес «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына аудандық, қалалық комиссияға 410 отбасы бірінші кезеңге қатысуға өтінім берді. Оның ішінде, облыстық комиссия отырысында 20 үздік отбасының 3-і іріктелді. Исабековтер отбасы  «Мерейлі отбасы» республикалық ұлттық байқауына қатысып 5 000 000 теңге сертификатын алды.

22 қыркүйекте Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына арналған бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, пандемия кезінде дәрігерлердің қажырлы еңбегі үшін алғыс ретінде «Аяулы алақан» ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында қалада автобус паркі жаңартылды, 55 экологиялық автобус сатып алынды, (Ютонг (маркалы 32 жаңа автобустың алғашқы партиясын тапсыру рәсімі өтті.   

2 қазан күні Райымбек ауданында М. Мақатаевтың 90 жылдығына арналған шаралар өткізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаев, Мәдение және спорт министрі А. Райымқұлова, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұ. Есдәулет, Парламент депуттары қатысты.

Жыл соңында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтой аясында Тұңғыш Президент күніне орай түрлі форматта 82 іс-шара ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, «Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды құрудағы дара жолы», «Біржан мен Сара айтысы» атты  республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты даму мүддесіндегі әріптестігінің 30 жылы» ҮЕҰ облыстық форумы, «Ел тірегі - Елбасы» жастар флешмобы өткізілді.

7 желтоқсанда этностар арасында «Тәуелсіздігім - тұғырым!» облыстық форумы;

10 желтоқсанда «Тәуелсіздікпен кіндіктес көшкеруен» қандастардың қатысуымен дөңгелек үстелдер;

10-16 желтоқсан аралығында «Терезедегі Ту» патриоттық акциясы, «Менің туым- менің Қазақстаным!» флешмобтары, сондай-ақ патриоттық әндерді, проза мен поэзияны орындау бойынша челлендждер;

11 желтоқсанда облыстық Б.Римова атындағы драма театрында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М.С.Әшімбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздік – орындалған арман»  салтанатты шара, сонымен бірге Тәуелсіздік құрдастарының кездесуі өткізілді.

14 желтоқсанда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай желтоқсан оқиғасына қатысушыларды салтанатты қабылдауы;

16 желтоқсанда Талдықорған, Текелі қалаларында және Жамбыл ауданында мерекелік отшашулар ұйымдастырылып, өткізілді.

 

Кадр жұмысы бойынша

 

2021 жылға  облыстық ішкі саясат басқармасының штат санының лимиті 19 адамды құрайды, оның ішінде басқарма басшысы – 1, басқарма басшысының орынбасары – 2, бөлім басшысы – 6, бас маман – 9, жетекші маман – 1. Нақты жұмыс істейтін адамдар саны  -17.

Басқарманың барлық қызметкерлерінің білімі жоғары, оның ішінде: педагогика ғылымдарының кандидаты – 1, екі жоғары білімі бар – 5. Қызметкерлердің орта жасы – 40, ерлер – 5, әйелдер – 14. Басқармада 3 жылдан астам істеген қызметкерлер саны – 12 адам.

2021 жылғы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспарына сәйкес 3-уі оқу курстарынан өтті.

Облыстық ішкі саясат

басқармасының басшысы                                                  Р. Есдәулетов

 

 

Дата публикации
03 февраля 2022