Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы
Ішкі саясат басқармасы мемлекеттілік пен халық бірлігін қамтамасыз етуге, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, облыс тұрғындарының азаматтық белсенділігі мен әлеуметтік оң көзқарасын қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамытуға, аймақтың ақпараттық ауқымының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге, аймақтағы этносаралық және конфессияаралық қатынасты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Облыста 105 ұлт пен ұлыстардың өкілдері тұрады, 68 этномәдени орталық, 462 белсенді үкіметтік емес ұйым, Алматы облысының «Ардагерлер одағының» 10 қоғамдық бірлестіктері,15 салалық кәсіподақ ұйымы, 70 жастар бірлестігі, 193 бұқаралық ақпарат құралдары, 644 діни бірлестіктер мен филиалдар, 6 саяси партиялардың облыстық филиалы жұмыс істейді.
Қоғамда оңдыпікір қалыптастыру, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау және әлеуметтік шиеленіс ошақтарының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың басшылары мен орынбасарлары қатарынан ақпараттық ден қою жедел тобы құрылды. Әлеуметтік наразылықтың өршуіне жол бермеу және оған шара қолдану үшін лауазымды тұлғаларға әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған негативті материалдар туралы күнделікті хабарланады.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында облыста(20 аудан және қала) бейбіт жиналыстар өткізудің 22 мамандандырылған орын және бейбіт шерулер мен демонстрациялар өткізудің 20 бағыты белгіленген.
Ішкі саясат басқармасыныңсараптамалық жұмысын «Талдау және болжау орталығы» КММ қамтамасыз етеді.
«Талдау және болжау» орталығы күнделікті БАҚ пен әлеуметтік желілерге мониторинг, социологиялық және интернет сауалнама жүргізу, фокус-топтық пікірталас ұйымдастыру, жасырын процестерді анықтау бойынша сараптамалық талқылаулар, әлеуметтік және саяси шиеленістер тудыратын себептер мен факторларды анықтау сынды шешімдерді жүзеге асырады.
YouTube каналына, әлеуметтік желілерге (Facebook, Instagramm, Vk) жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша Алматы облысына қатысты 8347 материал анықталды, оның ішінде 3878 (47%) теріс мазмұнды жарияланымдар, негізінен тұрғын-үй шаруашылық саласына қатысты (су, жол, электр энергиясы және т.б.). Талдау негізінде теріс сипаттағы басылымдардың 35-40% тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты екенін атап өтуге болады.
Жыл басынан жоспар бойынша 14 тақырыпта онлайн-сауалнама,3тақырыпта көше сауалнамасы, 1 тақырыпта тереңдетілген сұхбат және 5сандық зерттеу жүргізіліп, оған барлығы 61 385 респондент қатысты.
Ауылдық округтер әкімдерінің сайлауына байланысты өңірдегі қоғамдық-саяси жағдай ерекше бақылануда. Бүгінгі таңда облыстың 80 ауылдық округінде сайлау өтті.
Этносаралық қатынастар туралы
Облыс аумағындағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты бақылауда, мониторинг жасалып, мәліметтер апта сайын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жолдануда.
Облыс аумағындағы этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтауда жергілікті жерлердегі «Қоғамдық келісім» КММ құрылымдары оның ішінде этномәдени орталықтарының 25-ке жуық өкілдері әлеуметтік желілерде белсенділік танытуда.
Есепті кезенде олар өздерінің парақшаларында 600-ден астам материалдар жариялады.
Карантиндік және шектеу шараларына байланысты облыстың қалалары мен аудандарында іс-шаралар онлайн режимде немесе қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, өткізілген. Этномәдени бірлестіктер есепті кезеңде 124 офлайн, 51 онлайн іс-шаралар өткізді.
Аталған іс-шаралар облыста тұратын барлық этностардың өкілдерін қамтыйды, этносаралық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға ықпал етті.
Қоғамдық келісім бойынша
Алматы облысында ағымдағы жалдың 9 айлық қорытындысы бойынша 312 Қоғамдық келісім кеңестері жұмыс жүргізуде. Оның ішінде, 1 облыстық, 3 қалалық, 17 аудандық, 291 ауылдық деңгейде қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді. Мүшелер саны 1108 адам. Олар этномәдени орталықтардың өкілдері, ардагерлер, аналар, жастар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақ өкілдері және ауылдық округ әкімдері мен полицияның учаскелік инспекторлары бар.
Аналар кеңесі бойынша
Алматы облысында 9 айдың қорытындысы бойынша 272 Аналар кеңестері жұмыс жүргізуде. Оның ішінде, 1 облыстық, 3 қалалық, 17 аудандық, 251 ауылдық деңгейде Аналар кеңестері жұмыс істейді. Мүшелер саны 1456 адам.
Ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі Аналар кеңестері 9 жоба аясында отбасы институтын дамыту, аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға және жетімдерге көмек көрсету, бала тәрбиесі, зорлық-зомбылықтың алдын-алу бағыттарына арналған 22 963 адам қамтылған әр түрлі деңгейдегі 1314 іс-шара өткізді.
Медиация бойынша
Алматы облысында жалпы 68 Медиация кабинеттері, оның ішінде 1 Достық үйінде, 17 аудан, 3 қала әкімдіктерінде және 47 сот ғимараттарында ашылған. Облыс бойынша 12 кәсіби медиатор, 306 кәсіби емес медиаторлар, реесторда 21 медиатор тіркелген. Облыс бойынша 1 медиация кеңесі бар. Аудан, қалаларда және облыс орталығында 33 іс-шара өткізілді.
Алматы облысының әрбір ауданында осы аудандардың медиаторлары мен заңгерлердің қатысуымен Ашық есік күндері өткізілді. Сондай-ақ, әр ауданда медиаторлардың отырыстары жоспарға сай өткізілуде.
Мемлекеттік тілді дамыту және қазақ тілін этносараралық қатынас тіліне айналдыру мақсатында Алматы обласының «Қоғамдық келісім» КММ-де өзге этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді оқыту екі топ бойынша жұмыс жүргізуде: бастауыштоп «Тіл дамыту» және жалғастырушы топ «Мәміле Ситуативный казахский» бағдарламалары бойынша жүргізіледі.Сондай-ақ, Достық үйінде тілдерді оқыту орталығында этностардың ана тілдері тегін оқытылады. Аптасына 1 рет татар тілін 7 адам, шешен тілін 5 адам оқиды. Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы медициналық колледжде аптасына 2 рет 10 адам татар тілін оқиды.«Видергебург» Талдықорған немістері қауымдастығы 6 топтан 90 балаға неміс тілін үйретеді.
Талғар ауданы Панфилов ауылындағы № 17 орта мектепте 4 топта 45 бала аптасына 1 рет грек тілін оқиды.
Талғар қаласында, Еңбекшіқазақ ауданы, Жаңашар ауылында 5 топтан 61 балалар мен ересектер поляк тілін үйренуде.
«Мәміле Ситуативный казахский» клубы XXII тараудың «Тікелей және мағыналық фразеология» сабағын өткізді.
Облыста 68 этномәдени бірлестік тұрақты қызмет атқарады. Әділет органындағы мәліметтер базасына сәйкес, ресми тіркелгендер саны – 55, тіркелмегендер – 13. Қоғамдық аккредиттеуден 23 – облыстық, 15 аудандық, 5 қалалық, жалпы 45 этномәдени бірлестіктер өтті.
Есепті кезеңде «30 игі іс» республикалық қайырымдылық марафоны аясында Алматы облысы бойынша облыстық ҚХА, меценаттар, Аналар, Қоғамдық келісім кеңестері, аудан, қала волонтерлер тарапынан 1084 қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып 170 млн. астам теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.
Қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырған 132 облыстық және аудан, қалалық кәсіпкерлер мен меценаттар, (олардың ішінде «Ахыска» түрік этномәдени орталығының облыстық филиалы, «Видергебурт» Талдықорған неміс қоғамы, «Сафар» Алматы облыстық тәжік қоғамдық бірлестігі, «Вайнах» облыстық шешен-ингуш мәдени орталығы, «Алматы облысының корей этномәдени бірлестігі» ҚБ, «Элефтерия» Алматы облыстық грек қоғамы» ҚБ, облыстық татар этномәдени орталығы, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының штабы) және 81 ұйым қатысты – олардың ішінде облыстық және аудандық аналар және қоғамдық келісім кеңестері, діни ұйымдардың, ақсақалдар кеңесінің өкілдері, аудандар мен қалалардың ерікті тұрғындары.
Өткізілген қайырымдылық шаралары барысында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, қарттарға, ардагерлерге және т.б. азық-түлік, дәрі-дәрмек, бетперделер, антисептикалық, гигиеналық қорғану заттары таратылды.
Жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 303 мақала жарияланды, оның ішінде 55 республикалық, 97 – облыстық, 151 - аудандық деңгейде. Телеарналарда 159 сюжет шықты, онын ішінде республикалық - 19, «Жетісу» телеарнасында - 140, оның 75-і - қазақ тілінде, 84-і - орыс тілінде.
Интернет ресурстарда - 381 жарияланым, оның ішінде 126 - республикалық, 157 - облыстық және 98 – аудандық деңгейде. Республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясының сайтында - 81, өңірде - 143, әлеуметтік желілерде – Facebook – 435, Instagram парақшасында – 435 жарияланым шықты.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссия бойынша:
Алматы облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысы белсенді жүргізілуде. Өңірлік комиссияның штабы "Рухани жаңғыру"жобалық кеңсесі жанынан құрылды.
Облыстық комиссияның 4 отырысы өткізіліп, хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар, 7 жұмыс тобы зерттеулердің барлық бағыттары бойынша отырыстар өткізді.
Анықтама: өңірлік комиссияның жаңартылған құрамында - 37 адам, оның ішінде 22-сі-ғалымдар, ғылыми қызметкерлер, зерттеушілер, ғылыми дәрежесі бар тұлғалар, бұл комиссия мүшелерінің жалпы санының 60% - ын құрайды. Оның ішінде 3 ғылым докторы және 7 ғылым кандидаты.
Жұмыс топтары облыстың елді мекендеріне ғылыми экспедициялар ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізеді, саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы мәліметтері бар жабық қорлар зерделенеді.
Бүгінгі күні жұмыс топтарының қарауында 1450 мұрағаттық материалдар бар, оның ішінде 58-бап бойынша 940 негізсіз құжаттар анықталды.
Сондай-ақ, Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының мұрағатында сақталған арнайы қоныс аударушылардың жеке істерін (5100-ден астам) және 25 "арнайы комендатура аумағында орналасқан арнайы қоныс аударушыларды есепке алу кітабын" зерделеу бойынша жұмыстар басталды.
Зерттеу барысында жұмыс топтары Жетісу губерниясында 1920-1932 жылдары 14 ірі қарулы, халық көтерілісі болғанын анықтады.
Бұдан басқа, жұмыс топтары Жетісудағы қазақ байларын тәркілеу барысын зерделеуде, 1930 жылғы 1 желтоқсандағы ОГПУ орындарының арнайы мәліметтерінде аралық анықтау бойынша Алматы округінің шекаралық аймақтарынан 1416 адам (95,3%), молалар-18 адам (1%), орта 53 (3,5%), кедейлер-3 (0,2%) және 1930 жылғы 25 Наурызда құпия мәліметтерде Кеңес өкіметіне қарсы ұсталған байлар мен контрреволюционерлер, байлар мен кулактар анықталды. №25777 Қытайға айдалған шаруашылықтар мен ірі қара мал анықталды.
Облыстағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның жұмысы әдіснамаға сәйкес жүргізіледі.
Қандастар бойынша:
Ауқымды жұмыстардың бір бағыты қандастардың қоғамдық бірлестіктерімен, «Отандастар қоры» КеАҚ-мен өзара іс-қимылды ұйымдастыру болып табылады. Қазіргі уақытта Алматы облысында 218 мың қандас тұрады.
Қандастарды қолдау мақсатында «Қоғамдық келісім» КММ және «Отандастар қоры» Коммерциялық емес Акционерлік Қоғамының Алматы облыстық филиалы және Алматы облыстық «Қандастар» қоғамдық бірлестігі қандастармен арнай кездесулер мен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруда.
Азаматтық сектор өкілдерін тарта отырып, Алматы облысында тұратын қандастармен жұмысты ұйымдастыру мақсатында 2021 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «қандастармен жұмыс жөніндегі облыстық орталықты ұйымдастыру» бойынша лот жүзеге асырылуда.
Анықтама:
Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша қандастарды жұмыспен қамту бойынша ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысқан қандастар саны 51 адамды құрайды.
Алматы облысы ПД мәліметі бойынша 2021 жылы Қазақстан Республикасы азаматтығына 5065 адам қабылданды. Оның ішінде 4397 адам этникалық қазақтар. Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатты беруді және Қазақстан Республикасының ааматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылдау туралы өтініші бойынша 136 адам. жоғары оқу орындарында оқитын этникалық қазақтар 4 – адам. 230 адам Некедегі әйелдің азаматтығы туралы конфенция, халықаралық келісім бойынша 132 адам Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығымен қабылданды.
Сондай – ақ азаматтық бөлімі Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру және азаматы ретінде тану жұмыстарын атқарады.
Ағымдағы жылдың басынан бері Алматы облысы бойынша 371 адам Қазақстан Республикасының азаматы ретінде танылып, 383 адам басқа мемлекеттердің азаматтына қабылданғаны үшін Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды.
Әлеуметтік зерттеулер бойынша:
Мемлекеттік сатып алу қорытындылары негізінде «Табия-CONSULT» ЖШС-і Алматы облысындағы этносаралық қатынастар мәселесі бойынша тоқсан сайынғы әлеуметтік сауалнаманы ұйымдастырып, мониторинг жүргізуде.
Есептік кезеңде әлеуметтік сауалнамаға Алматы облысының 17 ауданы мен 3 қаласынан, 18-ден 70-ке дейінгі жастағы ерлер мен әйелдер арасында 1000 респондент қатысты. Әлеуметтік зерттеудің негізгі мақсаты – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатқа практикалық ұсыныстар әзірлеу үшін Қазақстандағы этносаралық ахуалды, оған ықпал ету факторларын және динамикасын зерттеу.
Деректерді талдау процесінде алынған нәтижелер облыста ұлтаралық мәселедегі тыныштықты сақтау мәселелерінде халықтың алаңдаушылығы бар екенін көрсетті.
Облыс халқы мемлекеттік саясат саласында жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы жеткілікті хабардар болғанына қарамастан, алайда жергілікті жерлерде тиімсіз орындау туралы пікірлер көбеюде, бұл жергілікті жерлерде мемлекеттік бастамаларды іске асыру процестерін бағалаудың қолда бар тәсілін жетілдіруді талап етеді. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде өткізілетін іс-шаралар мен жоспарлар бойынша халыққа анық және толық ақпарат жеткізу процестеріне ерекше назар аудару қажеттігін көрсетіп отыр.
Қорытынды көрсеткіштер бойынша, мәліметтерді талдау барысында алынған нәтижелер Өңірдегі этносаралық өзара қарым – қатынастар респонденттер тарапынан 58,4%-тыныш, 28,5%-қолайлы деп бағалаған. Респонденттердің 1,1% жанжалға сенімді деп атап өтті, 0,8% жауап беруге қиналды. Негізінен респонденттер этносаралық жағдайлармен емес, әлеуметтік және экономикалық проблемалармен байланыстырды, сондай-ақ облыстың көптеген тұрғындары заңдарды білмеу жағымсыз салдарға әкелетінін атап өтті.
Әлеуметтік зерттеу мәліметтеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқан облыс тұрғындарының 44,3 %-ы өздерінің тұрғылықты жерлеріндегі этносаралық қатынастар бұрынғыдай тыныш деп санайды, 29,4 % біршама жақсарды, 11,6 % «әлдеқайда жақсы болды» деп жауап берді, 13,1% қатынастардың нашарлауын және халықтың тек 1,2% этникалық топтар арасындағы айтарлықтай нашарлауды айтады.
Облыстағы этносаралық қатынастардың жай-күйін талдау белгілі бір жағдайларда әлеуметтік және этносаралық қақтығыстарға әкелуі мүмкін теріс үрдістердің болуын көрсетеді.
Әлеуметтік және ұлтаралық шиеленіс ошақтарының ең көп саны және оларға ілеспе жанжалды жағдайлар Алматы қаласына жақын аудандарда (Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов, Қарасай, Іле, Талғар) тіркеледі.
Наразылық көңіл-күйінің өсуіне ықпал ететін негізгі әлеуметтік-экономикалық проблемалар, жұмыссыздық, бос уақыттың болмауы, әсіресе ауылдық жерлерде, жастар ортасында көрінетін этноәлеуметтік теңсіздік болып табылады.
Ішкі саяси тұрақтылыққа кері әсерін тигізетін факторлардың бірі тұрғылықты халық арасынан шыққан жекелеген азаматтардың тіл, тарих, ономастика мәселелерін саясиландыруға ұмтылысы болып табылады. Бұл да этносаралық қайшылықтардың өсуіне алғышарттар жасайды.
2021 жылғы қаңтар - қазанда түрлі этностар өкілдерінің қатысуымен 12 жағдай тіркелді. Барлық оқиғалар қылмыстық сипатқа ие. Этносаралық қақтығыс белгілері тіркелген жоқ
Анықтама: 2020 жылы облыста криминалдық-тұрмыстық, шаруашылық, діни және өзге сипаттағы түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен жанжалды жағдайлардың 37-ге жуық фактісі тіркелді, олардың үштен бірі ұйғыр этносы өкілдерінің қатысуымен.
Қазіргі уақытта облыстағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Этносаралық қатынастар мәселелері жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы
Облыстық Әділет департаментінен алынған мәліметтерге сәйкес облыста 920 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның ішінде қоғамдық бірлестіктер - 588, қоғамдық қорлар – 290, заңды тұлғалар бірлестіктері – 42.
Өңірдегі ҮЕҰ қызметінің негізгі бағыттары: халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау-94, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау – 70, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау - 58, азаматтардың денсаулығын қорғау, гендерлік саясат - 38, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту-31 және т.б.
Жұмыс істеп тұрған ҮЕҰ ең көп саны Талдықорған қаласында (191), Қарасай (46), Талғар (45), Іле (27), Еңбекшіқазақ (26) аудандарында орналасқан.
Жұмыс істейтін ҮЕҰ ең аз саныРайымбек (2), Балқаш (2) аудандарында орналасқан.
Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне есептік 2020 жылы ҮЕҰ Дерекқорына өңірдің 462 ҮЕҰ (2020 жылы – 396 ҮЕҰ, 2019 жылы - 385 ҮЕҰ 2018 жылы – 394 ҮЕҰ) өз деректерін ұсынды.
Бүгінгі күні облыстағы ҮЕҰ-ны дамыту мен олардың өзара іс-қимылының негізгі тетігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады.
2021 жылы салалық принцип бойынша 305,2 млн.теңге сомасына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлінді (2020 жылы 282,5 млн. теңге, 2018, 2019 ж.ж. 253,5 млн. тг. бөлінді), 4 облыстық басқарма жүзеге асырады (ішкі саясат басқармасы (70,0 млн.тг.), жастар саясаты мәселелері басқармасы (76,0 млн.тг), дін істері басқармасы (24,2 млн. тг.), білім басқармасы (10,0 млн. тг.), 17 аудандық және 3 қалалық ішкі саясат бөлімдері (100,0 млн. тг.), сондай-ақ Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (25,0 млн. тг.).
114 жобаны (лоттарды) іске асыру жоспарланған (2020 жылы - 99 лот, 2019 жылы - 117 жоба, 2018 жылы - 136 жоба іске асырылды).
Жобалардың басым бағыттары: жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау – 15 жоба, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту – 13 жоба, отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу – 11 жоба және т. б.
Мемлекеттік ақпараттық саясат шеңберінде Алматы облысының ҮЕҰ консалтингтік орталығымен жыл сайын «Әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесін» ұйымдастырып, байқаудың жеңімпаздарын айқындады.
Байқаудың мақсаты - азаматтық қоғамды дамыту, оның институттарының әлеуетін өзекті әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге тарту, одан әрі start up қаржыландыру үшін азаматтық бастамаларды қолдау болып табылады.Байқау екі кезеңде, келесі номинация бойынша өтті: «Тең мүмкіндіктер қоғамы»,«Әлеуметтік кәсіпкерлік», «Қоршаған ортамен үйлесімде», «Ауылдық өмір», «Жастарға бастау».Биылғы 2021 жылы өткен Байқауға 50 астам өтініштер түсіп, арнайы критерийлер бойынша ең үздік 10 жоба анықталды. Яғни, жалпы Қоры – 10 000 000 теңге, оның ішінде 1 000 000 теңгеден 10 жоба. Шағын гранттар үшін бөлінген қаражат әлеуметтік жобаны іске асыру үшін техникалық база және материалдық көмек түрінде беріледі.
Ақпараттық сүйемелдеу туралы
2021 жылдың басынан облыс бойынша 193 БАҚ тіркелген, оның ішінде 150 – мерзімді баспа басылымдары, 7 – электрондық, 36 – Интернет БАҚ.
Ішкі саясат басқармасы тұрақты негізде 17 мемлекеттік аудандық, 3 қалалық баспа басылымдарымен және облыстық «Жетісу» телеарнасымен жұмыс жүргізеді.
Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру мақсатында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарымен "Закон", «Тенгриньюс» ақпараттық порталдары, "Хабар 24", "Евразия", «Қазақстан», «31 канал», "СТВ", «Алматы» республикалық телеарналары, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Время", «Айқын», «Литер» газеттері және т. б. арасында шарттар жасалды.
Пандемия жағдайында карантиндік шараларға қатысты жарияланымдарды, хабарламаларды, фотосуреттер мен бейнематериалдарды бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстары арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық газеттерде карантин режимі енгізілгеннен бері «Селектор», «Рейд», «Covid-19», «Індет», «Здоровье», «Актуально» айдарларымен эпидемия жарияланған кезеңнен бері 3100 аса ақпараттық мақалалар жарияланды. Оның ішінде облыс көлемінде коронавирусқа қарсы вакцинациялау барысы туралы: «Індетті еңсеру басты міндет», «Екпе салдырыңыз! Еліңізді қорғаңыз!», «Есте сақтаңыз» және т.б. мақалалар бар.
Облыстық «Жетісу» телеарнасының «Жаңалықтар/Новости» бағдарламаларының эфирінен мемлекеттік және орыс тілдерінде облыстағы эпидахуал мен вакцинациялау барысы туралы 382 сюжет көрсетілді.
«Ковид шолу/Ковид обзор» бағдарламасында облыстағы және әлемдегі эпидемиологиялық ахуал мен статистикалық мәліметтер ұсынылды.
«Дәрігер кеңесі» бағдарламасында Covid-19 инфекциясынан қорғану жолдары мен оған қарсы вакцинациялау бойынша кеңестер берілді.
Облыстың эпидемиологиялық жағдайы тақырыптарында 124 брифинг өтті. Баспасөз-конференция барысында 275 спикер қатысып, олардың ішінде облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшылары, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері сөз сөйледі. Баспасөз конференциясы барысында алынған ақпарат облыстық, 17 аудандық, 3 қалалық мерзімді басылымдар мен әкімдіктердің сайттарында, әлеуметтік желілерде тұрақты жариялануда.
Covid-19 инфекциясынан қорғану жолдары туралы инфографикалары мен басқа да ақпараттық-түсіндірмелік материалдары өңірлік баспа басылымдарының сайттары мен «Instagram», «Facebook», «ВКонтакте» және т.б. әлеуметтік желілерінде кеңінен жариялануда. Барлығы 8120 сілтеме жиналып, 190 афиша жасалынды.
Облыстың қалалары мен аудандарында халықты коронавирус инфекциясынан сақтандыру мақсатында әлеуметтік қашықтық пен тазалық шараларын сақтау туралы 504, оның ішінде вакциналаудың тиімділігі туралы 323 үгіт-насихат құралдары, аялдамаларда 27 лайтбокс, 16 LED-экранда бейнероликтер орналастырылған. Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау», аудандық, қалалық баспа басылым беттерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы логотипімен «Тәуелсіздікке – 30 жыл», «Тұғырлы Тәуелсіздігім», «Тәуелсіз елім – тірегім», «Тәуелсіздік шежіресі» айдарларымен апта сайын 420 мақала жарияланады. Сондай-ақ, баспа басылымдарының сайттары мен «Instagram», «Facebook», «ВКонтакте» және т.б. әлеуметтік желілерінде облыс бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар #Qazaqstan30 хэштегімен апта көлемінде 246 жарияланымдар орналастырылды. «Жетісу» телеарнасында 2 деректі фильм мен хронологиялық видеороликтер көрсетілуде. Облыс бойынша ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 167 билборд орналастырылған. Жыл басынан баспа басылымдарында 3085 –мақала, 5228 жарияланым – әлеуметтік желілерге орналастырылды.
Осы бағыттар бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Ішкі саяси бағыттар бойынша жоспарлау туралы
Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар жоспарланып, іске асырылды.
Өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, жүйеге келтіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
Осы бағытта Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2021 жылға арналған іс-қимыл жоспары әзірленіп, бекітілді.
Алматы облысында 2019 жылғы 30 қыркүйектегі Президенттің Жарлығына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу Тұжырымдамасына сәйкес облыста, аудандар мен қалаларда өңірлік комиссиялар құрылып, іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, бекітілді. Осы бағытта өңірлік 3 комиссияның отырысы өткізіліп, басқарма басшылары аудандық, калалық әкімдеріне нақты тапсырмалар берілген.
Жыл басынан бастап 1777ірі және оқиғалы шаралар жоспарланып, облыста 1047 шара жүзеге асырылды. Оның ішінде халықаралық -4, республикалық -11, облыстық -162, аудан/қалалық деңгейде – 870іс-шара.
Республикалық, облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыруда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрлігіне апта сайын есептер жолдануда.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, Қазақстан Республикасының Астана күнін, Отан қорғаушы күнін және Ұлы Отан соғысындағыЖеңіс күнін, Астана күнін, ҚР Конституция күнінмерекелеуге арналған іс-шараларұйымдастыру және өткізу бойынша республикалық іс-шаралар жоспарларына сәйкес іс-шаралар онлайн, оффлайн форматтарда өткізілді. Әлеуметтік желілерде онлайн құттықтаулар, концерттер, челлендж, тренинг пен вебинарлар т.б шаралар ұйымдастырылды.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бойынша облыстық іс-шараларжоспары іске асырылып, онлайн, оффлайн форматта 150-ден астам патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жыл сайын қала және аудандар әкімдерінің орынбасарлары мен басқарма басшылары үшін ішкі саясат мәселелері бойынша жиындар ұйымдастырылуда.
Ағымдағы жылдың 28 маусымында «Салтанат сарайында» «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне» орай Алматы облысы әкімінің салтанатты қабылдауы өтті. Іс-шара барысында журналистерҚазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Еңбек ардагері» медальдарымен, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, «Құрмет» грамоталарымен, облыс әкімінің грамоталарымен марапатталды.
2021 жылғы 27 сәуірдегі № 170 қаулысына сәйкес «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына аудандық, қалалық комиссияға 410 отбасы бірінші кезеңге қатысуға өтінім берді. Оның ішінде, облыстық комиссия отырысында 20 үздік отбасының 3-і іріктелді. Исабековтер отбасы «Мерейлі отбасы» республикалық ұлттық байқауына қатысып 5000 000 теңге сертификатын алды.
22 қыркүйекте Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл толуына арналған бірқатар мерекелік іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, пандемия кезінде дәрігерлердің қажырлы еңбегі үшін алғыс ретінде «Аяулы алакан» ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Көлік қолжетімділігін арттыру мақсатында қалада автобус паркі жаңартылды, 55 экологиялық автобус сатып алынды, (Ютонг (маркалы 32 жаңа автобустың алғашқы партиясын тапсырурәсімі өтті.
2 қазан күні Райымбек ауданында М. Мақатаевтың 90 жылдығына арналған шаралар өткізілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаев, Мәдение және спорт министрі А. Райымқұлова, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұ. Есдәулет, Парламент депуттары қатысты.
Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасындағы «Самғау» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін, Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қабылдау, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы күнін өткізуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Кадр жұмысы бойынша
2021 жылға облыстық ішкі саясат басқармасының штат санының лимиті 19 адамды құрайды, оның ішінде басқарма басшысы – 1, басқарма басшысының орынбасары – 2, бөлім басшысы – 6, бас маман – 9, жетекші маман – 1. Нақты жұмыс істейтін адамдар саны -17.
Басқарманың барлық қызметкерлерінің білімі жоғары, оның ішінде: педагогика ғылымдарының кандидаты – 1, екі жоғары білімі бар – 5. Қызметкерлердің орта жасы – 40, ерлер – 5, әйелдер – 14. Басқармада 3 жылдан астам істеген қызметкерлер саны – 12 адам.
2021 жылғы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспарына сәйкес 3-уі оқу курстарынан өтті.
Облыстық ішкі саясат
басқармасының басшысы Р.Есдәулетов