Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы туралы ЕРЕЖЕ

 

Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін 

журналисттер арасындағы «Самғау» байқауы туралы 

ЕРЕЖЕ

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасындағы «Самғау» байқауы Алматы облысының бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі – БАҚ) өкілдерінің арасында өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы - Алматы облысының ішкі саясат басқармасы (бұдан әрі - ІСБ). 

Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасында өткізілетін «Самғау» байқауы Алматы облысының дамуына ақпараттық қолдау көрсетуге бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара болып саналады. 

Байқауға Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын, өзекті мәселелерді жазатын, көрсететін аймақтық газеттердің, телерадиокомпаниялар редакцияларының, шығармашылық бірлестіктер мен ақпараттық агенттіктердің штаттағы немесе штаттан тыс авторлары қатысады. 

 

 БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ 

Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасында ұйымдастырылатын «Самғау» байқауы Алматы облысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы халықты ақпараттандыру мақсатында өткізіледі.

Байқаудың негізгі мақсаттары:

Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің дамуы туралы көрсету; 

Тәуелсіздік жылдарындағы аймақтың жетістіктерін көрсету;

Сапалы бұқаралық ақпарат құралдарын одан ары дамыту және танымалдылығын арттыру; 

New-media-ның (блогинг, мобильді журналистика) прогрессивті түрлерін дәріптеу;

 

2.3 Байқаудың негізгі міндеттері:

 

Облыс аумағында Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан ақпараттық-имидждік жетістіктерді жария ету;

Баспа және электронды БАҚ өкілдерінің кәсіби тұрғыда өсуі мен шығармашылық бағытта өзін-өзі дамытуын моральдық және материалдық ынталандыру;

Облыстағы журналистика қоғамдастығындағы болашақ мүмкіндігі зор тың есімдерді анықтау;

Журналистердің назарын «Рухани жаңғыру», «COVID-19» коронавирустық инфекциямен күресу, цифрландыру, «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы», «Чернобыль АЭС-ындағы апаттың жойылғанына 35 жыл», «Облыс орталығының Талдықорған қаласына көшірілгеніне 20 жыл» және т.б. тақырыптарды, сондай-ақ Мемлекет басшысы тапсырмаларының өңірдегі орындалуын жариялауға аудару; 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Алматы облысы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасындағы «Самғау» байқауына мына тұлғалар қатыса алады:

Жеке ізденушілер - өңірлік және орталық БАҚ-да жұмыс істейтін журналистер (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлер), облыстық, қалалық, аудандық мерзімді баспа басылымдарының және телерадиокомпаниялардың журналистері;

блогерлер/ кемінде 5К/50К жазылушылар аудиториясы бар (достар) қоғамдастық әкімшіліктері; 

Байқауды өткізу барысында оған қатысушылар таныстырылымдарға, қайырымдылық іс-шараларға және баспасөз мәслихаттарына конференцияларына шақырылуы және қатыстырылуы мүмкін;

   Номинант ұсынылған материалдардың заңды құқықтарына толықтай жауапты. Номинант туралы ақпарат өтінімді толтыру кезінде қолданылған орфография мен пунктуациясы сақтала отырып, жарияланады.

   

КОНКУРС АТАЛЫМДАРЫ

Байқау Алматы облысында келесі аталымдар бойынша өткізіледі:

 « Жылдың үздік журналисті» (ақпараттық мақала);

 «Жылдың үздік тележурналисті» (жаңалық сюжет); 

 «Жылдың үздік операторы» (бейнематериал);

 «Жылдың үздік фотосуретшісі» (фотосуреттер);

 «Облыстық журналистика саласына қосқан үлесі үшін» (ардагер журналист); 

  Жылдың үздік республикалық (халықаралық) тілшісі (репортаж, Алматы облысы туралы ақпараттық материал);

 «Жылдың үздік тілшісі» (аудан, қалалық баспа басылымдары);

 Жылдың баспа басылымның үздік дизайны, инфографикасы;

  Жылдың үздік бейне-клип өндеушісі (монтаж);

   Жылдың үздік облыстық, республикалық Vlog (Алматы облысы бойынша бейне-блог) немесе Үздік блогері (Алматы облысы туралы пост);

  Жылдың үздік желілік басылымы

  Кәсіби шеберлігі үшін тағайындалатын Бейсен Құранбек атындағы арнайы номинация

 

КОНКУРС МАТЕРИАЛДАРЫН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ:

Байқау бір кезеңде өткізіледі. 

Тіркелген баспасөз және электрондық БАҚ-та 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 қазан аралығында эфирге шыққан, тіркелген электронды және баспа БАҚ-да жарияланған бір автордың бір материалы ұсынылуы тиіс. 

Берілген материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін байқаудың ұйымдастырушылары әділқазылар алқасын құрып, бекітеді. Қатысушылардың тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін материалдарын бағалауды сараптамалық бағалау әдісі арқылы қазылар алқасы жүзеге асырады. 

БАҚ материалдарын бағалау өлшемдері (1-ден 5 баллға дейін):

Ұсынылған номинацияға сәйкестігі;

Әлеуметтік маңыздылығын азаматтық тұрғыдан көрсету шеберлігінің деңгейі;

Материалды ұсынудың жаңалығы және сонылығы, кәсіпқойлық және публицистикалық шеберлік; 

Жарияланымдардың сапасы (тұжырымдардың , цифрлар, фактілер);

Суреттердегі арнайы әсерлер 30 пайыздан аспауы керек, авторлық құқықтардың бұзылмауы қажет.

 

БЕЙНЕМАТЕРИАЛҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР

 

Файл көлемі: до 25 ГБ; 

Формат: mp4; 

Видеокодек: H264 (MainConcept); 

Bitrate: от 3 600 до 10 000 kbps; 

Разрешение: 1280×720 или 1920 х 1080; 

Framerate: 25fps; 

Keyframe: әр қайсысы 25-й; 

 

Қажет болған жағдайда қазылар алқасының мүшелері әр номинацияға қосымша талаптар қоюы мүмкін.

 

БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗІЛУ ТӘРТІБІ

Өтінімдер осы Ереже жарияланған кезден бастап, 2021 жылдың 1 қазанына дейін қабылданады. Конкурсқа 2021 жылдың 1 қаңтары мен 1 қазаны аралығында, интернетті қоса алғанда, заңды тіркелген газеттерде, тағы басқа да БАҚ-та, теле және радиоэфирлерде, блогтарда жарияланған материалдарды ұсынуға болады. 

Тапсырылған материалдарды байқаудың қазылар алқасы бағалайды және ең үздік жұмыстардың авторларын іріктеп алып, солардың ішінен «Жеңімпазды» анықтайды. 

БАЙҚАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

Байқауды өткізуді үйлестіру ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.

Ұйымдастыру комитеті байқауды өткізу кезінде деректер базасын әзірлейді. Оның ішіне байқауға қатысушылардың тізімі мен олардың ұсынған жұмыстары, , байқау жеңімпаздарының тізімі енгізіледі.  

Ұйымдастыру комитеті өз жұмысында осы Ережені басшылыққа алады.

КОНКУРСТЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Ұйымдастыру комитеті байқау жұмыстарын бағалау үшін әр номинация бойынша қазылар алқасының.  

Қазылар алқасы ұсынылған материалдарды қарауға, саралауға және ізденушілер сараптамалық бағалауын жүргізуді жүзеге асырады.  

Қазылар алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушысы – Алматы облысының ІСБ, қоғамдық журналистік ұйымдарының өкілдері, республикалық және аймақтық БАҚ басшылары, ғылым және қоғам қайраткерлері, байқаудың демеушілері (әріптестері) кіреді.  

Қазылар алқасы бауқаудың ұйымдастырушылары тарапынан бекітіледі.

Қазылар алқасының мүшелері байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне міндетті түрде қатысу қажет.

КОНКУРСТЫҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРУ

Қазылар алқасы конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. 

Марапатқа лайық материалдар болмаған жағдайда, қазылар алқасы байқау ұйымдастырушыларына жүлделі орын бермеу жөнінде ұсыныс жасауға құқылы.  

Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді. Ресми марапаттау салтанатына жүлделі орын алған журналистер, журналистік ұжымдар, қазылар алқасының мүшелері, ұйымдастырушылар мен демеушілер, мемлекеттік органдардың, іскер, академиялық және журналистік топтардың өкілдері қатысады. 

Қазылар алқасымен анықталған байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, мүсіншемен және ақшалай сыйақымен марапатталады.

БАЙҚАУҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ

Байқауды өткізудің белгіленген мерзімінен бұрын немесе кейін жарияланған, сондай-ақ, бұрын жарияланып, қайта басылған материалдар байқауға қабылданбайды. Ұсынылған материалдардың коммерциялық сипаты болмауы керек.  

Конкурстық материалдар келесі мекенжайда қабылданады: Талдықорған қаласы, Балапанов көшесі, №28 үй, Алматы облысының ішкі саясат басқармасы немесе мына электрондық мекенжай бойынша: uvp_smi@mail.ru  

Байқау жұмыстарының тілі – қазақ, орыс, ағылшын;

Материалдар баспа немесе электрондық түрде қабылданады.

Электронды басылымдарда өтінімдерді қабылдаудың шарттары:

Материалдар MP4, full HD форматта қабылданады;

Материалдың хронометражы 3 минуттан аспауы тиі;

Фотосуреттер ең төменгі кеңейтумен 2398х3602 пикселден бастап; 

 

Конкурстық материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды. Байқауға берілген материалдар бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ www.politika.zhetysu.gov.kz сайтында және басқа да дереккөздерде толық немесе ішінара жариялануы мүмкін.

Дата публикации
01 сентября 2021