2021 жылдың басынан облыс бойынша 193 БАҚ тіркелген, оның ішінде 150 – мерзімді баспа басылымдары, 7 – электрондық, 36 – Интернет БАҚ.
Ішкі саясат басқармасы тұрақты негізде 17 мемлекеттік аудандық, 3 қалалық баспа басылымдарымен және облыстық «Жетісу» телеарнасымен жұмыс жүргізеді.
Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру мақсатында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарымен "Закон" ақпараттық порталдары, "Хабар 24", "Евразия", "СТВ", «Алматы» республикалық телеарналары, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Время", «Айқын», «Литер» газеттері және т. б. арасында шарттар жасалды.
Пандемия жағдайында карантиндік шараларға қатысты жарияланымдарды, хабарламаларды, фотосуреттер мен бейнематериалдарды бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстары арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық газеттерде карантин режимі енгізілгеннен бері «Селектор», «Рейд», «Covid-19», «Індет», «Здоровье», «Актуально» айдарларымен 1 тоқсанда 234 ақпараттық мақалалар жарияланды. Оның ішінде облыс көлемінде коронавирусқа қарсы вакцинациялау барысы туралы: «Коронавирусқа қарсы екпе науқаны басталды, Басқа жол жоқ: Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарға үндеу жасады, Ауданда вакцина егу науқаны басталды» және т.б. мақалалар.
Облыстық «Жетісу» телеарнасының «Жаңалықтар/ Новости» хабарларынан 9 сюжет шығып, «Ковид шолу»/«Ковид обзор», «Онлайн сұхбат», «Карантин», «Дәрігер кеңесі» бағдарламалары эфирден шықты.
«COVID-19» қарсы вакцинация бойынша инфографикалар мен 598 ақпараттық-түсіндірмелік материалдары өңірлік баспа басылымдары мен «Instagram», «Facebook», «ВКонтакте» және т.б. әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Оның ішінде өткен аптада «Covid-19» жұқтыру қаупін төмендету мақсатында «Бес алтын ереже» инфографикасы әзірленіп, барлық әлеуметтік желілерге кеңінен таратылды.
Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау», аудандық, қалалық баспа басылым беттерінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы логотипімен «Тұғырлы Тәуелсіздігім...», «Тәуелсіз елім – тірегім» «Тәуелсіздік шежіресі» атты жаңа айдарлар ашылып, 500-дей мақалалар жарияланды. «Жетісу» телеарнасында 2 деректі фильм көрсетілуде. «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында өңірді дамытудың барлық салаларын қамтитын 124 баспасөз конференциясы, 21 баспасөз туры жоспарланған.
Аудан, қалаларда Ел Тәуелсіздігі тақырыбына арналған 127 билборд орналастырылды.