«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.5Облыс әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы №216 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңдегі жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссияның құрамына:
Рустам Али - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары, Рахмет Разбекұлы Есдәулетов - облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, Гүлсара Тастандықызы Исағұлова - облыстық білім басқармасы басшысының м.а., Өмірзақ Әбілсейітұлы Ниязбеков - облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Маржан Мұратқызы Мұрат -облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, комиссия мүшелері болып енгізілсін.
Көрсетілген комиссияның құрамынан:Батыржан Құлаймергенұлы Байжұманов, Майгүл Тілеутайқызы Омарова, Бауыржан Ербозымұлы Ысқақ, Зайда Әбдімананқызы Ілімжанова, Ғабит Тұрсынбайұлы Тұрсынбай шығарылсын.
3.5Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. Алиге жүктелсін.
Облыс әкімі А. Баталов