Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы бойынша
2020 жылдың қорытынды
АҚПАРАТЫ
Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы
Облыстың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік шиеленіс болуы ықтимал ошақтарға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Өңірде болуы ықтимал наразылық акцияларына дер кезінде ден қою мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылатын күштер мен құралдарды басқару жөніндегі жедел штаб жұмыс жасайды. Сондай-ақ «ҚДТ» идеяларын қолдайтын әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың аккаунттары тұрақты негізде бақыланады. «Жетісу» телеарнасында, облыстық «Огни Алатау», «Жетісу» газеттерінде аудандық және қалалық әкімдіктердің әлеуметтік желілерінде «ҚДТ» экстремистік ұйымының әрекеттері туралы ескерту материалдары орналастырылды.
Сонымен қатар, облыстың көпэтникалық аудандарындағы (Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов, Іле, Жамбыл, Талғар)ахуал ерекше қадағалануда. Этносаралық шиеленіс ошақтарының туындауына жол бермеу және туындаған жағдайларға дер кезінде назар аудару мақсатында әрекет ету алгоритмі бойынша жұмыс жүргізіледі.
Облыс аумағындағы қалыптасқан қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін жарияланымдарды анықтау мақсатында күнделікті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі. Мониторинг барысында анықталған әлеуметтік мәселелер шара қолдану үшін тиісті мемлекеттік органдарға жолданады.
Жыл басынан қаңтар-желтоқсан айлары аралығында облыста 324 тұрмыстық, қылмыстық, әлеуметтік сипаттағы оқиға орын алып, жергілікті атқарушы органдар мен облыс әкімдігі тарапынан жеделәрекет ету және ақпараттандыру Алгоритміне сәйкес шұғыл әрекет ету шаралары қабылданды. Оқиғалардың басым бөлігі 74%, Талдықорған қаласы (59) мен облыстың 7 ауданында (Еңбекшіқазақ (51), Қарасай (33), Панфилов (25), Талғар (25), Ұйғыр (25), Іле (20) аудандарында орын алған.
2020 жылдың басынан наразылық акцияларын өткізуге барлығы 40 өтініш түсті (13 - бас тарту туралы өтініштің қабылдануына байланысты қараусыз қалдырылды, 27–рұқсат берілмеді).
Себептері:1) Көпбалалы аналарға мемлекеттік әлеуметтік қолдау (АӘК және тұрғын үй) мәселелері бойынша, қолжетімді тұрғын-үй бағдарламасын талап ету, жер мәселесі; облыстың әскери зейнеткерлерін әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселелері, сыбайлас жемқорық мәселесі, азаматтардың конституциялық құқығының бұзылуы туралы, несиені кешіру мәселесі.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңың іске асыру бойынша облыста бейбіт жиналыстар мен акциялар өткізуге арнайы 22 орын,бейбіт шеру өткізуге20 бағыт белгіленді. Рұқсат етілмеген митингілер, шерулер мен пикеттердің алдын алу бойынша жұмыстары жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын іске асыру, өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және жедел ден қою мақсатында облыс әкімдігі жанында дағдарысқа қарсы ведомствоаралық жедел штаб жұмыс істейді.
Облыста барлық ұйымдастырушылық және басқарушылық жұмыс күшейтілген карантиндік режіміне ауыстырылған. Жұмыспен қамту және мұқтаждарға көмек көрсету мәселесі ерекше назарға алынған.
Мүмкін болатын наразылық акцияларына, резонанстық оқиғаларға дер кезінде ден қою үшін облыс аумағында мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасу жұмысы жолға қойылған.
Шетелдік қызметкерлері бар облыс кәсіпорындарындағы жағдайға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобы құрылып, құрамына атқарушы, құқық қорғау және арнайы органдардың өкілдері енгізілген.
You Tube каналына, әлеуметтік желілерге (Facebook, Instagramm, Vk) жүргізілген мониторингтің нәтижелері бойынша Алматы облысына қатысты 01.01-25.12.2020 ж. аралығында 16676 материал анықталды, оның ішінде 6988 ( 41,9%) негативті сипаттағы басылымдар, негізінен тұрғын үй шаруашылық секторында қатысты (су,жол, электр энергиясы және т.б.).
Мониторинг барысында анықталған теріс жарияланымдар жауап алу және қажетті шаралар қабылдау үшін жергілікті басқару органдарына, облыстық басқармалар мен департаменттерге және тиісті құрылымдарға жіберіледі. «WhatsApp» мессенджері арқылы облыстың аудан, қала әкімдеріне әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан сыни материалдар туралы2127 хабарлама берілді.
Ардагерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, спортшылар, кәсіпкерлер, этномәдени орталықтардың өкілдері мен жастар арасынан 151 қоғамдық пікір көшбасшыларының тізімі жасалды.
Бүгінгі таңда облыс аумағындағы қоғамдық-саяси жағдай бірқалыпты, қоғамдық ахуалға қауіп-қатер төндіретін наразылық әлеует төмен.
Алматы облысы әкімінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссияның жыл басынан 4 отырысы өткізіліп, онда Көксу, Қаратал, Талғар, Балқаш, Іле, Жамбыл, Ұйғыр, Панфилов аудандарында мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталу барысы қаралды, аудандарға әдістемелік көмек көрсетілді.
Республикалық «Менің Туым - Менің Отаным» акциясы аясында Алматы облысында #МойфлагМояРодина, #МеніңтуымМеніңелім#ЦветМоейРодины#НашОбщийПраздник мерекелік хэштегімен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланған патриоттық акциялар, челлендждер мен бейне құттықтаулар ұйымдастырылды.Акция аясында өткізілген іс-шараларды облыс тұрғындары жылы қабылдады. 16 желтоқсанда Талдықорғандағы 11 қабатты үйдің балкондарында, коттедж қалашығының үйлерінде Мемлекеттік Тулар ілінді.
Этносаралық қатынастар жөніндегі бөлімі туралы ақпарат
Алматы облысында 105 этнос өкілдері тұрады.
1995 жылы Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып қызмет етуде, төрағасы облыс әкімі болып табылады.2020 жылдың 1 қазанына 28 облыстықэтномәдени бірлестік және олардың филиалдары 36 – аудандық, 7 - қалалық (барлығы - 71) тығыз тұратын түрлі этностардың өкілдерін біріктіреді.
Алматы облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері 31 адам.
Облыстық ҚХА құрамында 102 адам, республикаға, облысқа танымал қоғам қайраткерлері, қоғамдық пікір мен этностардың көшбасшылары. Сапалық құрамында: 2 академик, 2 ғылым кандидаты, 4 Алматы облысының «Құрметті азаматтары».
Облыстық мәслихаттың құрамында Ассамблеядан 1 депутат- У.Касанов және аудандық және қалалық мәслихат депутаттары арасында облыстық Ассамблеяның 8 мүшесі: Е.Кан, К.Нестеров (Текелі қаласы); К.Власенко (Алакөл ауданы); Н.Надыров (Еңбекшіқазақ ауданы), Р.Абилова, С.Чатуев (Іле ауданы), Ш.Гусенов, А.Бузыкин (Көксу ауданы).
Ассамблея мүшелері: Асылы Осман «ІІ дәрежелі Достық» орденімен, Владимир Молодцов «Парасат» орденімен, А. Бузыкин, О.Жақиянов, «Құрмет» орденімен, В. Ли, Ш.Асиев, К. Хан «Шапағат», Ш.Асиев, А.Бузыкин, Ғ.Тұрсынбай, И.Камиловтар «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.
Облыстық Ассамблеяның 51 мүшесі «Қазақстан халқы Ассамблеясының Бірлік» қоғамдық алтын медалінің иегері атанған.
Алматы облыстық Ассамблеясының жанында «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы» КММ2008 жылы құрылған. Құрамында 5 бөлім бар. Штаттық саны 47 адам, оның ішінде 16 адам – техникалық қызметкерлер.
Сондай-ақ, қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңестері, медиация орталығы, ғылыми-сарапшылық топ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жанынан Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, Этносаралық мәселелер тақырыбы туралы жазатын жетекші журналистер мен сарапшылар Клубы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабы жұмыс жасайды. Құрылымдарэтносаралық бірлік пен тұрақтылықты нығайту, этносаралық ахуалды, әр түрлі этностар өкілдерінің қоғамдық әл-ауқатын анықтау, болуы мүмкін қақтығыстардың алдын алу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар дайындайды.
2020 жылы этномәдени бірлестіктер мен облыстық ҚХА құрылымдарымен әр түрлі форматта және деңгейде 3000 астам іс шара өткізілді.
Азаматтық қоғам институттарының өзара әрекеттестігі туралы
Облыстық Әділет департаментінен алынған мәліметтерге сәйкес облыста 1012 үкіметтік емес ұйым тіркелген, оның ішінде 631 - қоғамдық бірлестік, 333 – қоғамдық қор, 48 – заңды тұлғалар бірлестігі.
Облыстың үкіметтік емес ұйымдары өз қызметін қоғамдық өмірдің түрлі салаларында, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, дене шынықтыру, жастар саясаты, балаларды қорғау, гендерлік мәселелер, салауатты өмір салтын насихаттау, азаматтардың құқықтарын қорғау және басқа да әлеуметтік маңызды бағыттарда жұмыс істейді.
2020 жылы ҮЕҰ Дерекқорына есепті 2019 жылына өңірдің 396 ҮЕҰ өз деректерін уақтылы ұсынды.
Бүгінгі күні облыстағы ҮЕҰ-ны дамыту мен олардың өзара іс-қимылының негізгі тетігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады.
Салалық қағидат бойынша 282,5 млн.теңге көлемінде Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты 5 облыстық басқарма (ішкі саясат басқармасы, жастар саясаты мәселелері басқармасы, дін істері басқармасы, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы), 17 аудандық және 3 қалалық ішкі саясат бөлімі, сондай - ақ бірқатар аудандарда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жүзеге асырады. 2020 жылы 99 жоба қарастырылды.
Сонымен қатар, ҮЕҰ әлеуетін одан әрі нығайту және арттыру, ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесу мақсатында 2018 жылдан бастап Алматы облысының ҮЕҰ консалтинг орталығы жұмыс істейді.
Консалтингтік орталығы жыл сайын әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуде азаматтық бастамаларды қолдау үшін жалпы сомасы 10000000 теңгеге «әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесін» өткізді.
Облыста кеңестер мен форум түрінде 40-тан астам диалогтық алаң жұмыс істейді.
Ең маңыздысы азаматтық форум және әкімдіктер жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестер болып табылады.
Ү.ж. 16, 17 қарашада онлайн режимде "қоғам және мемлекет: #Birgemiz әріптестік пен дамудың 30 жылы" тақырыбында ҮЕҰ облыстық форумы өткізілді, оның мақсаты жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың әріптестік қатынастарын жаңа деңгейге көтеру, өзара ынтымақтастықты жалғастыру болып табылады. Форумға мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, барлығы 150 адам қатысты.
Ү.ж. 10 желтоқсанда Талдықорған қаласындағы Журналистер үйінде облыс әкімінің орынбасары Р. Али 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесу өткізді. Қазіргі уақытта, алдағы электоралдық науқанға байланысты саяси партиялардың облыстық филиалдарымен тығыз жұмыс жүргізіліп, оларға қолдау көрсетілуде.
Ақпараттық сүйемелдеу туралы
2020 жылдың қорытындысы бойынша облыста112 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, оның ішінде 57 газет, 24 журнал, 19 желілік басылым, 6 кабельдік оператор, 2 ақпараттық агенттік, 2 ТВ, 2 радио.
Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру мақсатында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарымен "Закон", "Нұр", "Тенгриньюс", "365", "Информбюро" ақпараттық порталдары, "Хабар 24", "Евразия", "СТВ", "Қазақстан", "31 канал" республикалық телеарналары, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Время" газеттері және т. б. арасында шарттар жасалды.
Алматы облысында коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтату мақсатында ақпараттық-түсіндіру материалдарын жариялау жұмыстары жалғастырылуда.
Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттерінде, аудандық және қалалық баспа басылымдарында «Денсаулық – зор байлық», «Уақыт талабы», «Covid-19», «Індет», «Здоровье» айдарларымен 672 ақпараттық мақала жарияланды: «Сақтықта қорлық жоқ», «Дүниені дүр сілкінткен», «Темпы распространения Covid-19 снижаются», «Жағдай жақсарып келеді» және басқалар.
Сонымен қатар, облыстық «Жетісу» телеарнасы эфирінде күнделікті 5 ролик,жаңалықтар топтамасынан мемлекеттік және орыс тілдерінде 210 сюжет жарыққа шықты. Жұмыс күндері тікелей эфирде қазақ және орыс тілдерінде әртүрлі сала өкілдерінің қатысуымен қазіргі кездегі эпидемиологиялық ахуал мен басқа да маңызды мәселелер туралы сұхбаттар беретін «Бүгін» бағдарламасы шығуда. Сондай-ақ, тікелей эфирде апта сайын коронавирус індеті жайлы «Дәрігер кеңесі» бағдарламасы көрсетілуде.
Облыстың қалалары мен аудандарында әлеуметтік қашықтық пен тазалық шараларын сақтау туралы: «Үйде бол!», «Үйден шықпа» «Біргеміз!», «Коронавирустан қалай қорғану керек?», «Арақашықтықты сақта!» ақпараттық тақырыптарда 80 банер, облыс орталығында аялдамаларында 27 лайтбокс, LED-экрандарда бейнероликтер, сондай-ақ, «Дәрігерлерге мың алғыс!» тақырыбымен 4 банер әзірленіп, орналастырылды.
Коронавирустық инфекциясымен күресу бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпараттық-түсіндірме материалдары облыстық, аудандық және қалалық баспа басылымдары мен олардың ресми сайттарында, ең көп қолданыстағы барлық әлеуметтік желілерде күн сайын жариялануда.
«Instagram», «Facebook», «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде 800-ден астам ресми ақпарат, оның ішінде коронавирустан қорғану әдістері туралы жадынама, инфографикалар және т.б. ақпараттық-түсіндірмелік материалдар орналастырылған.
Коронавирус инфекциясымен күресте алдыңғы қатарда жүрген медицина саласы қызметкерлерінің еңбектерін бағалау әрі құрметтеу мақсатында «Дәрігерлер алғысымыз шексіз!», «Мың алғыс сіздерге, ақ халатты абзал жандар», «Бейбіт күннің батырлары – ақ халатты абзал жандар», тақырыбындағы бейнероликтер облыс орталығының LED-экрандарынан көрсетілуде.
Coronavirus.kz сайтына келіп түсіп жатқан сұрақтарға жедел жауап беріліп, әлеуметтік желілердегі сын пікірлерге шұғыл түрде қарсы ақпараттық-түсіндірме материалдары орналастырылады.
Өткен кезеңде республикалық және өңірлік БАҚ қатысуымен күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша 165 спикердің қатысуымен 108 брифинг өткізілді.
Өткізілген мониторингке сәйкес, «Covid-19» инфекциясының алдын алу туралы баяндалатын тақырып аясында облыстық паблик беттерінде және жеке аккаунттарында 6000-ға жуық медиа материал орналастырылды.
Сондай-ақ, коронавируспен күресте алдыңғы қатарда болған біздің заманымыздың батырларын қолдау үшін қалалық биік ғимараттардың бірінде «ТалдыПариж» шығармашылық бірлестігі граффити салды. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ұйымдастырылуы және жүзеге асырылуы жөніндегі іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөнінде медиа-жоспарға сәйкес, облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» газеттері мен аудандық, қалалық баспа басылым беттерінде және олардың ресми сайттарында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасына» арналған логотипті пайдалана отырып «Отандық өндіріс», «Қала тынысы», «Жұмыспен қамту», «Құрылыс» айдарларыменжыл басынан жолдарды күрделі жөндеу, әлеуметтік нысандарды қайта жаңарту, көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру, ауылдық жерлерде дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер салу және т.б құрылыстардың іске асырылуы мен барысы туралы 350 мақала жарияланды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылымның даму барысы мен тұрғындардың жұмыспенқамтылуы жөнінде өңірлердің жауапты басшыларымен онлайн баспасөз-конференциялары өткізілді. Сондай-ақ, облыстың барлық аудандары мен қалаларында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бойынша 76 банер орналастырылды. Облыстық «Жетісу» телеарнасында аса маңызды инфрақұрылымдық жобалар туралы бейнероликтер, 68 сюжет пен репортаждар эфирге шықты. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар тізбесі бекітілген.Бекітілген 55 жобаның жүзеге асырылып жатқаны облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануда. Бағдарлама шеңберінде жасалынып жатқан жұмыстар туралы бейнероликтер мен басқа да ақпараттық материалдар әзірленіп, өңірлік баспа басылымдарының Facebook, Instagram, Vkжәне т.б. әлеуметтік желілері мен «ТалдыПариж», «Жетісу – Что, Где, Когда?», «Талдықорганец», «Jetisymedia», «kris_p_tdk» сияқты топтарында кеңінен насихатталуда. Сондай-ақ, өңірлік баспа басылымдарында жұмыспен қамту бойынша жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту мақсатында «Ауыл тұрғындары назарына!» айдарымен хабарландырулар берілуде. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауына кең көлемде ақпараттық сүйемелдеу жүргізілуде. Бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамда Жолдауы түсіндіру үшін 116 адамнан тұратын спикерлер пулы құрылды. Пул құрамына мәслихат депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшылары, журналистер, үкіметтік емес сектор, білім, медицина және кәсіподақ өкілдері, кәсіпкерлер, жастар және т.б кірді. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде облыстың аудандары мен қалалары әкімдерінің, облыстық басқарма басшыларының, депутаттардың, қоғам өкілдерінің қатысуымен селекторлық байланыс режимінде облыс активі өткізілді. Жолдаудың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтінімен брошюралар дайындалды. Жолдауды іске асыру жөніндегі іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөніндемедиа-жоспар әзірленіп, бекітілді. Облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» және аудандық, қалалық баспа басылымдарда және олардың ресми сайттарында арнайы логотиппен «Жолдау - жасампаздық жолы», «Жолдауға қолдау», «Президент», «Прямая связь», «За строкой Послания Президента» айдарларымен Жолдаудың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері, облыс тұрғындарының пікірлері, 104 мақалалар жарияланды. Облыстық «Жетісу» телеарнасының эфирінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы тікелей эфир арқылы беріліп, жаңалықтар топтамасынан қазақ және орыс тілдерінде сюжеттер көрсетілуде. Облыс бойынша Жолдауға арналған 130 көрнекі-үгіт құралдары, оның ішінде 110 билборд, 10 панно, 10 аспалы қондырғы орналастырылуда. Облыстың 12 LED-экранында Жолдау бойынша инфографикалар берілуде. Облыстың мемлекеттік органдарының, аудан, қала әкімдерінің және әкімдіктерінің, облыстық басқарма басшыларының ресми сайттарында және «Instagram», «Facebook», «ВКонтакте» әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына инфографикалар орналастырылып, барлығы 295 ақпарат жарияланды. «Талдыкорганец», «Талды-Париж», «Molokо.kz» пабликтерімен «Insragram», «Facebook», «ВКонтакте» әлеуметтік желілерінде,«Nur.kz», «Abai.kz», «Tinfo.kz», «Baribar.kz», «Zakon.kz», «Tengrinews.kz», «Kazakhuny.kz» интернет порталдарында 624 облыс тұрғындарының жағымды пікірлері қалдырылды.
9 желтоқсан күні облыс әкімінің жүлдесі үшін дәстүрлі "Самғау"байқауының жеңімпаздары марапатталынады. 11 номинация бойынша 119 жұмыс ұсынылды. Қазылар алқасы жұмысының қорытындысы бойынша облыстың 31 үздік журналисі сертификаттармен және дипломдармен марапатталынады.
Ішкі саяси бағыттар бойынша жоспарлау туралы
Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар жоспарланып, іске асырылды.
Өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, жүйеге келтіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
Осы бағытта Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2020 жылға арналған іс-қимыл жоспары әзірленіп, бекітілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын халық арасында түсіндіру бойынша шаралар тізбесіне сәйкес облыста, сондай-ақ облыс, аудан, қалаларда жүйелі кестелер әзірленді.
Жолдауда белгіленген міндеттерді ескере отырып өңір бойынша «оқиғалар қатары» және басымдық бағыттары бойынша жоспар қалыптастырылды және оның іске асырылуы қамтамасыз етілуде.
Жоғарыда аталған іс-шаралар жоспарларын орындау барысында күнделікті, апталық, тоқсандық есептер Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жолданған.
Жыл сайын қала және аудандар әкімдерінің орынбасарлары мен басқарма басшылары үшін ішкі саясат мәселелері бойынша жиындар ұйымдастырылуда.
Жыл басынан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына дайындық және оны өткізу бойынша жиындар өткізілді.
Аудандық және қалалық ішкі саясат бөлімдері қызметкерлерінің қатысуымен «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жетісу идеологтарының III слеті, «Қоғамдық саяси ахуалды тұрақтыранду» атты семинар өткізілді.
Аудандық және қалалық ішкі саясат бөлімдері жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлер үшін ішкі саясат саласындағы қызметіне әдістемелік қолдау көрсету, жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ай сайын оқыту семинарлар өткізіліп, оларға практикалық ұсыныстар берілді.
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнін, Наурыз мейрамдарды мерекелеуге арналған облыстық жоспарлар әзірленіп, оған сәйкес жұмыстар атқарылды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын, Қазақстан Республикасының Астана күнін, Отан қорғаушы күнін және Ұлы Отан соғысындағыЖеңіс күнін,Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасының 80 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу бойынша республикалық іс-шаралар жоспарларына сәйкес а.ж 16 наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы төтенше жағдайына байланысты облыс көлемінде жоспарланған іс-шаралар онлайн форматтарда өткізілуде. Әлеуметтік желілерде онлайн құттықтаулар, концерттер, челлендж, тренинг пен вебинарлар т.б шаралар ұйымдастырылды.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығын, Республикасының Тұңғыш Президенті,Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығынаарналған салтанатты шаралар дайындалып, өткізілді.
«Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеуге байланысты селекторлық кеңеске материалдар дайындалды.
Басқарма бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен мәселелер жөнінде облыс әкімінің хаттамалық тапсырмалары орындалып, әр аптаның соңына жинақталып, ақпарат берілуде.
Басқарма бойынша іс қағаздарын жүргізуқұжаттары мен жоғары тұрған органдардың тапсырмалары бақылауға алынып, хат алмасу бойынша 3000 жұық құжат тіркеліп, толық орындалуы қамтамасыз етілді.
Алматы облысы бойынша электоралды науқанның желілік кестесі бойынша ҚР Президент Әкімшілігіне күнделікті есеп берілуде.
Ішкі саясат саласындағы талдау және мониторинг
жұмыстары туралы
Әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және оны тереңдеп талдау арқылы стратегиялық шешімдер қабылдауды қолдау мақсатында «Талдау және болжау» орталығы жұмыс істейді.
«Талдау және болжау» орталығы дағдарыстық не болмаса төтенше жағдайларды басқару, күнделікті жедел сараптау, Алматы облысының әлеуметтік-саяси жағдайын және әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және болжау, социологиялық және интернет сауалнама жүргізу, фокус-топтық пікірталас ұйымдастыру, жасырын процестерді анықтау бойынша сараптамалық талқылаулар, әлеуметтік және саяси шиеленістер тудыратын себептер мен факторларды қабылдау сынды шешімдерді жүзеге асырады.
Жоғарыда келтірілген кезеңдер бойынша «Талдау және болжау» орталығы39 тақырыпта әлеуметтік зерттеулердің сұрақтарын әзірлеп, іріктеу жиынтығы бойынша 9127 респондентті қамтыған сандық, онлайн, телефондық сауалнамалар және тереңдетілген сұхбат жұмыстарына есеп дайындады.
Әлеуметтанулық зерттеулер нәтижесінде өңір халқын материалдық әл-ауқат, денсаулық сақтау және автомобиль жолдарының жағдайына қатысты мәселелер көбірек алаңдататыны анықталды.
Халықпен қарым-қатынасты күшейту мақсатында WHAT’S АРP әлеуметтік желісі арқылы ақпаратты жылдам алу үшін белсенді топ қызметі құрылды.
Аудандық, қалалық әкімдіктерден әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтау және алдын алу мақсатында өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал туралы апта сайын ақпарат алынады.
Кадр жұмысы бойынша
2020 жылға облыстық ішкі саясат басқармасының штат санының лимиті 19 адамды құрайды, оның ішінде басқарма басшысы – 1, басқарма басшысының орынбасары – 2, бөлім басшысы – 6, бас маман – 9, жетекші маман – 1.
Басқарманың барлық қызметкерлерінің білімі жоғары, оның ішінде: педагогика ғылымдарының кандидаты – 1, екі жоғары білімі бар – 4. Қызметкерлердің орта жасы – 40, ерлер – 2, әйелдер – 16. Басқармада 3 жылдан астам істеген қызметкерлер саны – 10 адам.
2020 жылғы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жоспарына сәйкес,4-еуі оқу курстарынан өтті.
Облыстық әкімдіктің қаулысына сәйкес облыстың ҚХА функциялары ішкі саясат бөліміне беріліп, ҚХА және этносаралық қатынастар мәселесі бойынша бөлім құрылды.
Облыстық ішкі саясат
басқармасы басшысының м.а Г.Маупашева