
Облыстың жергілікті атқарушы органдары қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын сақтау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Әлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Өңірдегі барлық ұйымдастырушылық-басқарушылық жұмыстар карантиндік режимге ауыстырылған.
Әлеуметтік шиеленіс ошақтарының алдын алу және туындаған жағдайларға дер кезінде ден қою мақсатында дағдарыстық жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмі жасанылып, аудан, қалаларға жіберілді.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңың іске асыру бойынша облыста бейбіт жиналыстар мен акциялар өткізуге арнайы 22 орын, бейбіт шеру өткізуге 20 бағыт белгіленді. Рұқсат етілмеген митингілер, шерулер мен пикеттердің алдын алу бойынша тұрғындар арасында жұмыстары жүргізіледі.
Облыста шетелдік жұмысшылармен қақтығыстардың алдын алу және туындаған мәселелерді шешу бойынша жағдайды бақылау үшін жұмыс тобы құрылған.
Еңбек қатынастарын қадағалау бойынша облыста орналасқан 51 ірі және 152 орта кәсіпорындарындағы ахуал бақылануда.
Облыс орталығының қалалық құрылымдары мен аудан әкімдіктерінде күнделікті өткір әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша жұмысы қадағалануда. Аудандық, қалалық әкімдіктертер тарапынан жергілікті жерлердегі қоғамдық-саяси ахуал бойынша ақпарат апта сайын ақпарат беріледі.
Ішкі саясат басқармасының қызметін аналитикалық қамтамасыз етуді «Талдау және болжау орталығы» КММ жүзеге асырады.
Талдау және болжау орталығы тарапынан қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін жарияланымдарды, арандатушылық ақпараттарды анықтау мақсатында күнделікті ресми сайттарға және әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізіледі. Мониторинг барысында анықталған теріс жарияланымдар жауап алу және қажетті шаралар қабылдау үшін жергілікті басқару органдарына, облыстық басқармалар мен департаменттерге және тиісті құрылымдарға жіберіледі.
Алматы облысының әлеуметтік-саяси жағдайын және әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және болжау, жасырын процестерді анықтау, әлеуметтік және саяси шиеленістер тудыратын себептер мен факторларды анықтау мақсатында әлеуметтанулық зерттеулер, көпшілік сұраулар, интернет сауалнама, фокус-топтық пікірталас сараптамалық талқылаулар ұйымдастырады.
Облыс әкімі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия жұмысы аясында Қаратал, Көксу, Балқаш, Талғар, Ұйғыр, Панфилов, Іле, Жамбыл аудандарында мемлекеттік рәміздердің дұрыс қолданылуы мен насихатталуы қаралып, әдістемелік көмек көрсетілді.
Тәуелсіздік күніне орай республика көлемінде ұйымдастырылған «Менің Туым – менің Отаным» акциясы аясында Алматы облысында патриоттық іс-шаралар, челлендж және бейне құттықтаулар ұйымдастырылып, #Мой флаг Моя Родина, #Менің туым Менің елім #Цвет Моей Родины #Наш Общий Праздник хештегімен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланды.
Облыста 7 Мемлекеттік Тутұғыр орнатылған. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына байланысты 2021 жылы аудан, қала орталықтарында Мемлекеттік Тутұғырлар орнату бойынша ұсынымдар берілді.