
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы
АҚПАРАТ
Алматы облысында 105 этнос өкілдері тұрады.
1995 жылы Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, қызмет етуде. Төрағасы - облыс әкімі.
2024 жылдың 1 қаңтарына 10 облыстық этномәдени бірлестік және олардың филиалдары 36 – аудандық, тығыз тұратын түрлі этностардың өкілдерін біріктіреді.
Этностардың тығыз орналасқан жерлері:
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына Алматы облысынан 22 адам енгізілген.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына 22 адам, олар тек облыста ғана емес, республикаға танымал қоғам қайраткерлері, қоғамдық пікір мен этностардың көшбасшылары.
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары:
«Қоғамдық келісім және даму орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2008 жылы құрылды. Құрамында 5 бөлім бар. Штаттық саны 46 адам.
Директоры – Абай Елболсын Сәкенұлы.
Медиация орталығы
«Қоғамдық келісім» КММ базасында медиация орталығы жұмыс жасайды, 2 аудан, қалаларда кабинеттері ашылған.
Алматы облысында қоғамдық медиаторлар саны - 18, кәсіби медиаторлар - 6.
Отбасында және қоғамда толерантты тәрбие беру жөніндегі Аналар кеңестері:
2013 жылы құрылған ҚХА жанындағы консультативтік-кеңесші орган, балаларды патриоттық тәрбиелеу мәселелерінде этникалық дәстүрлерді насихаттау, «қиын жасөспірімдерге», сондай-ақ жағдайлары қиын жасөспірімдерге және нашар, толық емес отбасыларына көмек көрсету; әлеуметтік бағдарламалар және акцияларды іске асыруда көмек көрсету және т.б..
Кеңестердің жалпы саны 146 құрайды, оның: 1 - облыстық, 9 - аудандық / қалалық.
Төрайымы - Жошыбаева Гүльнар Сағатқызы.
Қоғамдық пікір көшбасшыларының мәліметтер базасы мен этностардың паспорттары жыл сайын жаңартылуда.
Этносаралық ахуалды анықтау, әр түрлі этностар өкілдерінің қоғамдық әл-ауқатын анықтау, болуы мүмкін қақтығыстардың алдын алу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар дайындау мақсатында тоқсан сайын әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі.