Талдықорған қаласында олимпиадалық жүзу бассейні бой көтеруде. Қазір нысанда құрылыс қарқынды жүріп жатыр, жұмыстың бірінші кезеңінің көлемі 80% аяқталған, енді келесі маңызды міндет – аумағын абаттандыру ісі. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүргізіліп жатқан теңдессіз жобаның құрылысы облыс басшысының жіті назарында. Бүгін кезекті рет облыс әкімі Амандық Баталов нысандағы құрылыс жұмыстарының барысын бақылап қайтты.