Ағымдағы жылдың 22 мамырында Қонаев қаласы Мәслихатының депутаттарымен Қонаев қаласының бас жоспары қарастырылып, келісілді.

Ағымдағы жылдың 22 мамырында Қонаев қаласы Мәслихатының депутаттарымен Қонаев қаласының бас жоспары қарастырылып, келісілді.

Ағымдағы жылдың 22 мамырында Қонаев қаласы Мәслихатының депутаттарымен Қонаев қаласының бас жоспары қарастырылып, келісілді. Бұл маңызды қадам қалалық инфрақұрылымды дамытуға және жақсартуға бағытталған барлық мүдделі тараптардың келісілген күш-жігері мен өзара іс-қимылын көрсетеді. Бас жоспарды қарау және келісу Қонаев қаласының тұрақты дамуын жоспарлау мен қамтамасыз етудегі маңызды кезең болып табылады.

«Алматы облысы Қонаев қаласының бас жоспары» жобасын әзірлеуге негіздеме: аумақтық-әкімшілік құрылымдағы өзгерістер, Қонаев қаласының жаңа мәртебесі – Алматы облысының әкімшілік орталығы, Қапшағай қ. (қазіргі Қонаев қ.) бас жоспарының есептік мерзімінің аяқталуы, қаланың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық дамуының өзгеруі.

Бұл жоба 2022 жылы әзірленді, Бас жоспардың жобасы әзірленгеннен кейін Қонаев қаласы мен Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерімен келісілді.Сонымен қатар, жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң қорытынды алды.

Бұл жоспарды жүзеге асыру тұрғындарға пайда алып келетіндігіне және жалпы қалалық қоғамдастықтың дамуына ықпал ететіндігіне сенеміз.