
2022 жылдың 10 қарашасында Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Алматы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің өкілі Жайық Мейрамбекұлы Таймерденов "Алматы облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы" ММ-сі қызметкерлеріне семинар - тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты - сыбайлас жемқорлықтың салдары қандай болатынын түсіндіру, материалдық құндылықтан қарағанда рухани байылқ пен адамгершілікті бірінші орынға қоюдың ұтымды тұстарын ұғындыру. Басқарма қызметкерлермен кездескен Жайық Мейрамбекұлы жемқорлардың темір тордың ар жағындағы өмірі, еліміздегі коррупцияға бейімді салалары, бүгінгі жасаған қылмыстың ұрпақ ертеңіне әсер етуі сияқты бірқатар мәселелер жайлы сөз қозғады.