Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті

«Алматы облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы» ММ-нің басқарма басшысының м.а. Кунесбаев Айдостың төрағалығымен басқарма қызметшілері және Балхаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Қарасай, Талғар, Райымбек, Кеген, Ұйғыр аудандарының сәулетшілері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарда қоғамның өзекті мәселелері  яғни "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық, бюджеттік рәсімдер мен сатып алулардың ашық еместігі туралы айтылды. 

Сондай-ақ, Сонымен қатар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Кодекстің 154, 676, 677, 678, 680 және 681-баптарына сәйкес қызметкерлерге әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсініктемелер беріліп, талқыланды.