
«Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ –сінің қызметкерлеріне І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құқық және экономика факультетінің (құқық саласы бойынша білім беру бағдарламалары қауымдастырылған профессоры (доценті) м.а., PhD Бекежанов Дәурен Нұржанұлының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Іс – шара барасында мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және үйлестіру, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды азайту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді.