ҮАААЖ (БАКАД) автожолы бойындағы аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу (түзету) жобасының презентациясы

ҮАААЖ (БАКАД) автожолы бойындағы аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу (түзету) жобасының презентациясы

«Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің басшысы Темерлан Бектасов Алматы облысының кіреберіс автомобиль тораптарының фрагменттерімен ҮАААЖ (БАКАД) автожолы бойындағы аумақтарды егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу (түзету) жобасымен танысты.

Жобалау шекарасы ҮАААЖ-ның сыртқы жағынан 1000 метр радиустағы ҮАААЖ-ға іргелес аумақтарды қамтиды. Жобалау кезінде барлық шығу магистральдарында 10 қала құрылысы торабы және Алматы қаласына кіру-шығудың 5 аймағы құрылды. 5 қала құрылысы торабы Қарасай ауданында, 2 қала құрылысы торабы Іле ауданында және 3 қала құрылысы торабы Талғар ауданында орналасқан.

Жобаның негізгі мақсаты - Алматы қаласының қала маңы аймағының заманауи сәулеттік келбетін жасақтау және қала құрылысы регламенттерімен Алматы қаласының негізгі қала құрылысы тораптарын-кіру-шығу жолдарын кеңістікте ұйымдастыру болып табылады.