«Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысы Темірлан Бектасов қала құрылысы жобаларын әзірлеуші «Урбостиль» ЖШС-мен Алматы агломерациясын дамыту және Алматы облысы аумағының қала құрылысын жоспарлау мәселелерін талқылады.
«Алматы облысы аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасының» негізгі мақсаты қала құрылысын дамыту стратегиясын айқындау, орнықты әлеуметтік-экономикалық кешен жағдайларын, экологиялық-қалақұрылысы жағдайлары мен ресурстық әлеуетті ескере отырып, халықтың тыныс-тіршілігінің қолайлы жағдайларын және елді мекендер аумақтарын орнықты дамыту болып табылады.