
Ағымдағы жылдың 15 қазанында облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың төрағалығымен, жобаны әзірлеушілердің, ЖШС «Градо» жобалау-қала құрылысы фирмасының қатысуымен «Gate City» серіктес қаласының жобалық шешімдерінің презентациясы өткізілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту туралы» 2019 жылғы 29 қазандағы № 19-01-7. 38 отырысының хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында және «Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі 2030 жылға дейінгі өңіраралық іс-шаралар жоспарына» (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 88 бекітілген қаулысына) сәйкес «Gate City» серіктес қаласының Бас жоспарына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына әзірлеу (түзету) жұмыстары жүргізілуде.
Жобада инвестициялық жобалар құрылысы, атап айтқанда, «BI Group» құрылыс компаниясының жалпы ауданы 60,0 га аумақта көп қабатты үйлер салу және «ФрутАрт» ЖШС ұйымының 27,6 га жылыжай кешені мен жеміс сақтау қоймасын салу көзделген.
Сондай-ақ, әлеуметтік нысандарды орналастыру қарастырылған, оның ішінде: мектептер, балабақшалар, емханалар, ауруханалар және т. б.