«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапаттау

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапаттау

Осы апта қуанышты шаралармен басталды. Басқарманың басшысы Тәңірберген Садықұлы Дәркенбаев Ата Заңымыз-Конституциямыздың мерейлі 25 жылдық мерекесіне арналған «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медаліне ие болды.

Сонымен қатар, Тәңірберген Садықұлы бірқатар қызметкерлерді медальдармен марапаттады. Атап айтқанда, басқарманың Бас жоспарлар және аумақты құрылыстандыру бөлімінің басшысы Айдос Күнесбаев, Алматы облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы жанындағы «Қалақұрылыс кадастры» МКҚК директоры Бектұрсын Сұлтан, іздестіру бөлімінің басшысы Жакежанов Мұхат Рахаевич.